Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 399
- Қабылданған күні
- 27.08.2012
- Қолданысқа енгізілген күні
- 23.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2016 67923_78107.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12UF002110
- ЭКБ идентификаторы
- 67923
- Редакция идентификаторы
- 67923_78107
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:29
0 Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде квота белгіленсін.
2
2. "Қазығұрт ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 421 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-6-117 болып тіркелген, «Қазығұрт тынысы» газетінің 2010 жылғы 05 қарашадағы № 66-67 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.