Құжат мәтініне өту

Об утверждении схем зонирования и поправочных коэффициентов на базовые налоговые ставки в целях налогообложения по селу Акшукур

Өзге акт · № 7/47 · қабылданған 12.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67933/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении схем зонирования и поправочных коэффициентов на базовые налоговые ставки в целях налогообложения по селу Акшукур Күшін жойған Өзге акт ·№ 7/47 ·12.09.2012
17.03.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении схем зонирования и поправочных коэффициентов на базовые налоговые ставки в целях налогообложения по селу Акшукур

Күшін жойған Өзге акт ·№ 7/47 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении схем зонирования и поправочных коэффициентов на базовые налоговые ставки в целях налогообложения по селу Акшукур
Атауы (қаз.)
Ақшұқыр селосы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасын және базалық салықтық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7/47
Қабылданған күні
12.09.2012
Көрсетілген редакция
17.03.2017 67933_176705.kaz
Соңғы өзгеріс
17.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12MF002165
ЭКБ идентификаторы
67933
Редакция идентификаторы
67933_176705
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:22

0 Ақшұқыр ауылы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасын және базалық салықтық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 20 маусым 2003 жылғы № 442 Жер Кодексінің 8,11-баптарына, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 387-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. № 1 және № 2 қосымшаларға сәйкес Ақшұқыр ауылы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және базалық салықтық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері бекітілсін.

2 2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған ауданы бойынша
салық басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Ж. Утепбергенова
12 қыркүйек 2012 жыл
«Түпқараған аудандық жер
қатынастары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
М. Досжанов
12 қыркүйек 2012 жыл

3 Түпқараған аудандық мәслихатының

2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 7/47 шешіміне
№ 1 - қосымша
Ақшұқыр ауылы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы
масштаб 1:100 000
(Суретті қағаз мәтіннен қараңыз)

4 Аймақтардың сипаттамасы

Түпқараған аудандық мәслихатының
2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 7/47 шешіміне
№ 2 - қосымша
Ақшұқыр ауылы бойынша базалық салықтық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері
Аймақтар
Аумақтық әкімшілік бірліктер
Түзету коэффициенті
I
Қоғамдық-іскерлік және тұрғын жай массиві. Теңіз жағалауы. Ақшұқыр ауылының жеке тұрғын үй құрылысына арналған тұрғын жай массиві.
Ақтау қаласы Халықаралық әуежайынан радиусі 1 километр жердегі аумақты қамтитын тұрғын жай массиві
1,5
II
Өндірістік аймақ
1,5
III
Жаңадан салынатын қоғамдық-іскерлік және тұрғын жай құрылысына арналған аймақ
1,4
IV
Резервтегі аймақ
1,3
Аймақтардың сипаттамасы
I аймақ – қоғамдық - іскерлік және тұрғын жай аймағы.
Шекарасы: Аймақ екі бөліктен тұрады. Оның бірінші бөлігі батысында Каспий теңізінің жағалауымен, солтүстігінде Сайын Шапағатов ауылдық округінің жерлерімен, оңтүстігінде Ақшұқыр ауылдық округінің жерлерімен, шығысында «Ақтау - Форт-Шевченко» автомобиль жолымен 200 метр оңға қарай шектеседі. Екінші бөлігі Ақтау қаласы Халықаралық әуежайынан радиусы 1 километр жердегі аумақты қамтиды.
II аймақ - өндірістік жерлер.
Шекарасы: Аймақ оңтүстік – батысында «Ақтау – Форт - Шевченко» автомобиль жолымен 200 метр оңға қарай, солтүстік шығысында Мұнайлы ауданының жерлерімен және І аймақпен, шығысында ІІ, ІV аймақтармен шекараласады.
III аймақ – жаңадан салынатын қоғамдық-іскерлік және тұрғын жай құрылысына арналған аймақ.
Шекарасы: Аймақ батысында «Ақтау – Форт - Шевченко» автомобиль жолымен 200 метр оңға қарай, солтүстікте І аймақтың екінші бөлігімен, шығысында ІV аймақпен, оңтүстігінде ІІ аймақпен шекараласады.
IV аймақ - резервтегі аймақ.
Шекарасы: Аймақ батысында І аймақтың екінші бөлігімен және ІІІ аймақпен, солтүстігінде Ақшұқыр
ауылдық
және Сайын Шапағатов ауылдық округтерінің жерлерімен, оңтүстігінде ІІ аймақпен, шығысында Мұнайлы ауданының жерлерімен шектеседі.

Қолданыстағы