Құжат мәтініне өту

О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому

Қаулы · № 442 · қабылданған 10.09.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67935/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому Қолданыста Қаулы ·№ 442 ·10.09.2012
20.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому

Қолданыста Қаулы ·№ 442 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому
Атауы (қаз.)
Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
442
Қабылданған күні
10.09.2012
Көрсетілген редакция
20.08.2013 67935_190078.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NC003841
ЭКБ идентификаторы
67935
Редакция идентификаторы
67935_190078
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:23

0 Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Занының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекiтiлген, "Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес, Арқалық қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн тоқсан сайын әр балаға сегiз есе айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әлеуметтiк көмек көрсетiлсiн.

2 2. "Арқалық қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган болып анықталсын.

3 3. Әлеуметтiк көмек тиiстi оқу жылының iшiнде тағайындалатыны белгiленсiн.

4 4. Әлеуметтiк көмек төлеу екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың тиiстi түрлерiне лицензиялары бар ұйымдар арқылы әлеуметтiк көмектi тұтынушының банктiк шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Е.Ж. Мәметековке жүктелсiн.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылдың 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

КЕЛІСІЛДІ:
"Арқалық қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______________ К. Омарова
Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін атқарушы
_______________ А. Көбеков
"Арқалық қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Н. Гайдаренко

Қолданыстағы