Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи

Қаулы · № 1173 · қабылданған 17.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67939/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи Күшін жойған Қаулы ·№ 1173 ·17.09.2012
04.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной социальной помощи

Күшін жойған Қаулы ·№ 1173 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи
Атауы (қаз.)
Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1173
Қабылданған күні
17.09.2012
Көрсетілген редакция
04.12.2014 AI67939_5.kaz
Соңғы өзгеріс
04.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VC002691
ЭКБ идентификаторы
67939
Редакция идентификаторы
AI67939_5
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:20

0 Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 16 бабына, 29 бабының 6 тармағына, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңының 11 бабы 1 тармағына, 13 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтуға құқы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (ары қарай – әлеуметтік көмек).

2 2. Айына әрбір мүгедек балаға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.

3 3. Келесі шарттар бекітілсін:

1 1) Мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (толық мемлекеттің қарауындағы мүгедек балалардан басқа) үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-анасының біріне және олардың басқа да заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз түрде берілсін.

2 2) Әлеуметтік көмек жүгінген айдан бастап «Облыстың білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық ведомствоаралық кеңестерді бекітуде анықталған мерзімге дейін берілсін.

3 3) әлеуметтік көмекті төлеу қаражаттың түсу шарасы бойынша өткен айға төленеді. Әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтататын жағдай болса (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, қаза табуы, мүгедектіктен алынуы) төлем жағдайы туындағаннан кейінгі айда тоқтатылады.

4 4. «Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.А. Әбдікәрімов әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.

5 5. «Курчатов қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.У. Уағызов жергілікті бюджетте қарастырылған қаражаттың шегіндегі міндеттер мен төлемдер бойынша мәселені шешсін.

6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Елена Васильевна Старенковаға жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы