Құжат мәтініне өту

О начале разбирательства и применении временных защитных мер при импорте отдельных товаров

Қаулы · № 1291 · қабылданған 21.08.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6794/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О начале разбирательства и применении временных защитных мер при импорте отдельных товаров Күшін жойған Қаулы ·№ 1291 ·21.08.2000
20.02.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О начале разбирательства и применении временных защитных мер при импорте отдельных товаров

Күшін жойған Қаулы ·№ 1291 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О начале разбирательства и применении временных защитных мер при импорте отдельных товаров
Атауы (қаз.)
Анықтауды бастау және жекелеген тауарлардың импорты кезiнде уақытша қорғаныштық шараларды қолдану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1291
Қабылданған күні
21.08.2000
Көрсетілген редакция
20.02.2008 AI6794_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000001291_
ЭКБ идентификаторы
6794
Редакция идентификаторы
AI6794_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:18

0 Анықтауды бастау және жекелеген тауарлардың импорты кезiнде уақытша қорғаныштық шараларды қолдану туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.02.2008 № 171 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен
"Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес және iшкi рынокта тең бәсекелестiк жағдай жасау, экономикалық ахуалды тұрақтандыру және отандық өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегi комитетi қосымшаға сәйкес тауарларға қатысты анықтауды бастасын.

2 2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi анықтау рәсiмi аяқталғанға дейiн, заңнамада белгiленген тәртiппен, осы қаулыға қосымшада көрсетiлген тауарлардың импортын лицензиялауды жүзеге асырсын.

3 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлардың импортына алты ай мерзiмге уақытша қорғаныштық шаралар енгiзiлсiн.

4 4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi тауарлардың импорты кезiнде осы қаулыға қосымшада көрсетiлген мөлшерде уақытша қорғаныштық баж алсын.

5

5. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық комитетіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiне анықтаудың басталатындығы және Қазақстан Республикасының уақытша қорғаныштық шаралар қолданатындығы туралы хабарласын.

6 6. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

7 Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, оларға қатысты анықтау басталатын және уақытша қорғаныштық баждар енгізілетін тауарлардың тізбесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 22 тамыздағы
N 1291 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, оларға қатысты анықтау басталатын және уақытша қорғаныштық баждар енгізілетін тауарлардың тізбесі
-------------------------------------------------------------------
Тауардың атауы ! ТМД СЭҚ ТН ! Уақытша
! бойынша ! қорғаныштық
! тауардың ! баждың ставкасы
! коды ! (кедендік
! ! құнынан %-бен)
-------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3
-------------------------------------------------------------------
Түсқағаз және бет жағы түйiршiктi, 481420000 25
батыра басылған, боялған,
өрнектелген немесе өзге тәсiлмен
полимерлiк материалдың қабатымен
безендiрiлген қағаздан тұратын
осындай қабырғалық жабынғы
Түсқағаз және бет жағы параллельдi 481430000 25
параллельдi иiрiлумен немесе матаға
байланыстырылған немесе байланыс-
тырылмаған тоқылған материалмен
жабылған осындай қабырғалық жабынғы
Түсқағаз және мөлдiр қорғанышты 481490100 25
полимерлiк материалмен қапталған
түйiршектi, батыра басылған,
боялған, өрнектелген немесе өзге
де тәсiлмен безендiрiлген осындай
қабырғалық жабынғы
Алюминий катанкiлерiнен 761410000 15
басқа электрлiк 761490000
айырымсыз кесiндiсiнiң
мөлшерi 16-дан 500 мм2
дейiнгi сым*
Өткiзгiшiнiң кесiндiсi 854459100-ден 20
1,5-тен 240 мм2 дейiнгi 854459800-ден
қуаттық кабель
Өткiзгiшiнiң кесiндiсi 854459100-ден 20
1-ден 10 мм2 дейiнгi 854459800-ден
бақылау кабелi
Өткiзгiшiнiң кесiндiсi 854459100-ден 20
1-ден 120 мм2 дейiнгi 854459800-ден
орнату сымы
*Тауарлардың номенклатурасы кодпен де тауардың атауымен де
айқындалады. Техникалық параметрлері мен белгіленген жағдайларда
жұмысқа арналуы тиісті жазбамен куәландырылуы керек.

Қолданыстағы