Об установлении ветеринарного режима в селе Шариптогай Кокпектинского сельского округа Кокпектинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима в селе Шариптогай Кокпектинского сельского округа Кокпектинского района
- Атауы (қаз.)
- Көкпекті ауданының Көкпекті селолық округінің Шәріптоғай ауылында ветеринарлық тәртібін орнату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 307
- Қабылданған күні
- 07.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2012 AI67943_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VO002696
- ЭКБ идентификаторы
- 67943
- Редакция идентификаторы
- AI67943_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:23
0 Көкпекті ауданының Көкпекті селолық округінің Шәріптоғай ауылында ветеринарлық тәртібін орнату туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Көкпекті ауданының Көкпекті селолық округінің Шәріптоғай ауылында мүйізді ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағына ветеринариялық режим белгiленсiн.
2
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясына (Мұқашев С.Н.), Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Көкпекті ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Г.Қ. Абдрасулова), аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне (Теміржанов М.Қ.) шектеу қойылған шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
3
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Көкпекті ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Г.Қ. Абдрасулова) (келісімі бойынша) жеке және заңды тұлғалармен міндетті санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың орындалуын ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді ұсынылсын.
4
4. Көкпекті селолық округінің әкімі (Бектасов Р.А.) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамалық актілерімен белгіленген ережелерді сақтай отырып, тәртіп орнатылған аумаққа ауыл шаруашылық малдарын аумаққа кіргізу және аумақтан шығаруды, мал өнімдерінің шикізатынан дайындалған өнімдерді дайындау мен сатуды, еңбекті ұйымдастыру мен басқа да әкімшілік–шаруашылық шараларды жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылсын.
5 5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Рамиль Нығметжанұлы Сағандықовқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитетінің Көкпекті
аудандық аумақтық инспекциясының
бастығы С. Мұқашев
2012 жылғы 07 қыркүйек
ҚР ДСМ МСЭҚК ШҚО
бойынша Департаментінің
Көкпекті ауданы бойынша
МСЭҚ басқармасының бастығы Г. Абдрасулова
2012 жылғы 07 қыркүйек