Кіру
Құжат мәтініне өту

О национальном операторе по магистральному нефтепроводу

Қаулы · № 1273 · қабылданған 08.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67972/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О национальном операторе по магистральному нефтепроводу Күшін жойған Қаулы ·№ 1273 ·08.10.2012
08.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О национальном операторе по магистральному нефтепроводу

Күшін жойған Қаулы ·№ 1273 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О национальном операторе по магистральному нефтепроводу
Атауы (қаз.)
Магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1273
Қабылданған күні
08.10.2012
Көрсетілген редакция
08.09.2023 67972_655202.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001273
ЭКБ идентификаторы
67972
Редакция идентификаторы
67972_655202
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:12

0 Магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор туралы

«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 5-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы болып белгіленсін.

2. Қоса беріліп отырған Магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор туралы ереже бекітілсін.

Магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор туралы ереже

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 қазандағы
№ 1273 қаулысымен
бекітілген
Магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператордың (бұдан әрі – ұлттық оператор) өкілеттігін, негізгі міндеттері мен қызметін айқындайды.

2. Ұлттық оператор өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Ұлттық оператордың міндеттері мен функциялары

3. Ұлттық оператордың қызметі Қазақстан Республикасында магистральдық мұнай құбырлары жүйесін дамытуға және оларды тиімді, сенімді әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.

4. Ұлттық оператордың негізгі міндеттері мыналар:

1) өнімді магистральдық мұнай құбырларымен ішкі және сыртқы нарыққа тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасының және қатынастың басқа да қатысушыларының мүдделерін қамтамасыз ету;

2) магистральдық мұнай құбырлары жүйесін инновациялық дамытуды және оны әлемдік энергетика жүйесіне ықпалдастыруды қамтамасыз ету;

3) мұнай-газ секторын магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау бөлігінде дамытудың мемлекеттік және ұлттық бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

4) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша ұсыныстарды өңдеу және уәкілетті органның қарауына енгізу;

5) магистральдық мұнай құбырлары саласындағы нормативтік және нормативтік-техникалық құжаттамалар жобаларын әзірлеуге қатысу;

6) магистральдық құбырлармен мұнай тасымалдау саласындағы халықаралық шарттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

7) мұнай тасымалдау маршруттарының энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және әртараптандыруға бағытталған халықаралық жобаларды іске асыру жұмыстарына қатысу болып табылады.

5. Ұлттық оператор:

1) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі меншік иесінің магистральдық құбыры арқылы Қазақстан Республикасының аумағында операторлық қызметтерді көрсету құқығына ие;

2) ұлттық операторға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі магистральдық құбыр арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан тасымалданатын мұнайды басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері арқылы тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету (бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет) құқығына ие.

6. Ұлттық операторға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі магистральдық құбыр арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан тасымалданатын мұнайды басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері арқылы тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету (бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет) құқығын жүзеге асыру аясында Ұлттық оператор мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

1) өнім жөнелтушілермен басқа мемлекеттердің құбыр жүйелерімен мұнай тасымалдауды ұйымдастыруға арналған шарттар жасайды;

2) басқа мемлекеттердің құбыр жүйелерімен мұнай тасымалдауды ұйымдастыру үшін жасалған шарттар негізінде ұйымдармен, оның ішінде мұнай тасымалдау, мұнайды теңіз терминалдары арқылы ауыстырып құю, мұнайды теңіз терминалдары арқылы ауыстырып құю кезінде көлік-экспедиция (экспедициялық) қызметін көрсетуші басқа мемлекеттер ұйымдарымен белгіленген тәртіпте тиісті шарттар мен ұлттық операторға меншік құқығында немесе басқа заңдық негізінде жататын магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасы аумағынан тасымалданатын мұнайды басқа мемлекеттердің құбыры бойынша тасымалдауды қамтамасыз етуге қажетті шарттарды жасайды.

3. Қызметiн ұйымдастыру

7. Ұлттық оператор өз қызметiн осы Ережеге және Жарғыға сәйкес ұйымдастырады.

8. Ұлттық операторды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы