Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования графика транспортировки нефти по магистральным нефтепроводам

Қаулы · № 1274 · қабылданған 08.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67973/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования графика транспортировки нефти по магистральным нефтепроводам Күшін жойған Қаулы ·№ 1274 ·08.10.2012
21.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования графика транспортировки нефти по магистральным нефтепроводам

Күшін жойған Қаулы ·№ 1274 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования графика транспортировки нефти по магистральным нефтепроводам
Атауы (қаз.)
Магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдаудың кестесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1274
Қабылданған күні
08.10.2012
Көрсетілген редакция
21.08.2015 AI67973_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001274
ЭКБ идентификаторы
67973
Редакция идентификаторы
AI67973_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:12

0 Магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдаудың кестесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдаудың кестесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2 Магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдаудың кестесін қалыптастыру қағидалары

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 қазандағы
№ 1274 қаулысымен
бекітілген
Магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдаудың кестесін қалыптастыру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдаудың кестесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау кестесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жөнелтуші – мұнай өндіруші болып табылатын тұлға немесе оны заңды негіздерде сатып алған тұлға не олар уәкілеттік берген, мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шарт негізінде магистральдық мұнай құбырымен тасымалдауға мұнайды ұсынатын тұлға;

2 2) кестеден үзінділер – операторларға және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жөнелтушілер мұнай тасымалдауға қағаз және электрондық тасығышта ай сайын уәкілетті орган жіберетін толық ақпарат;

3 3) Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктері – Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін қажетті мұнай көлемі;

4 4) магистральдық мұнай құбыры – мұнайды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;

5 5) магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау кестесі – уәкілетті орган бекіткен магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау кестесі;

6

6) оператор – мұнайды магистральдық мұнай құбырымен тасымалдауды және (немесе) оны пайдалануды жүзеге асыратын магистральдық мұнай құбырының меншік иесі немесе магистральдық мұнай құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлға не олар уәкілеттік берген, операторлық қызметтер көрсететін ұйым;

7 7) тасымалдауға арналған өтiнiм – магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдауға арналған өтінім (жылдық, айлық);

8 8) уәкілетті орган – магистральдық құбыр саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2 2. Магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдау кестесін жасау тәртібі

3

3. Магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау кестесі (бұдан әрі - кесте) магистральдық құбырдың меншік иесінің не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлғаның немесе олардың атынан осындай қызметтер көрсетуге уәкілетті оператордың және мұнай жөнелтушінің арасындағы тиісті шарттар ескеріле отырып әзірленеді.

4 4. Кестені әзірлеу кезінде уәкілетті орган белгілейтін көлемдерде Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктері ескерілуге тиіс.

5

5. Кестені жасау үшін жөнелтушілер уәкілетті органға есепті жыл басталғанға дейін кемінде екі ай бұрын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мұнай тасымалдауға арналған өтiнiм ұсынады, кестеден үзіндіні қалыптастыру үшін жөнелтушілер ай сайын уәкілетті органға есепті айдың алдындағы айдың он күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтiнiм ұсынады.

6 6. Кесте есепті жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейін бекітіледі және тиісті операторлардың назарына жеткізіледі.

7 7. Ай сайын уәкілетті орган кестеден үзінділерді есепті айдың алдындағы айдың жиырма күнінен кешіктірмей қарастырады және оператор мұнай тасымалдаудың қызмет көрсету техникалық мүмкіндіктерді растауы болғанда жөнелтушілер мен тиісті операторларға, сондай-ақ Комитетке орындау үшін жіберіледі.

Операторға жолданатын кестеден үзіндіде жөнелтушінің экспортқа арналған және Қазақстан Республикасы аумағынан алып кетуге жататын, басқа оператордың магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне немесе көліктің басқа түріне (темір жол, теңіз) беруге (ауыстырып құюға) арналған, Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына жеткізуге (беруге) арналған мұнай мөлшері (жалпы массасы бойынша), сондай-ақ өзге де қажетті ақпарат көрсетіледі.
Мұнайдың брутто массасы балласт массасын қосқанда мұнайдың жалпы массасы ретінде айқындалады. Балласт массасы мұнайдағы судың, хлорлы тұздардың және механикалық қоспалардың жалпы массасы ретінде айқындалады.
Мұнайдың нетто массасын мұнайдың брутто массасы мен балласт массасының айырымы ретінде айқындайды.

8 8. Уәкілетті орган кестеге өзгерістер мен толықтыруларды түзетуге арналған өтінімді жөнелтушіден қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Кестелер, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар оператордың мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндігін растауы болған ретте бекітіледі.
Мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндігі туралы растауды оператор уәкілетті органның жедел сұратуы бойынша бір күн ішінде оған ұсынады.
Кестеден үзінділер кестеге өзгерістер мен толықтыруларды қарау нәтижесінде операторға орындау үшін және Комитетке (мұнай экспорты кезінде) жіберіледі.

9 Жөнелтушінің бір жылға арналған кестені қалыптастыруға өтiнiмі

9. Мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсету техникалық мүмкіндігін растау болмаған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы жөнелтушіні хабардар етеді.
Магистральдық мұнай
құбырлары бойынша мұнай
тасымалдаудың кестесін
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша
Жөнелтушінің бір жылға арналған кестені қалыптастыруға өтiнiмі
Ма­ги­страль­дық мұ­най құ­быр­ла­ры
Мұ­най кө­ле­мі(мың тон­на­да)
Жө­нел­ту уа­қы­ты
Ес­керт­пе­лер
1. мұ­най құ­бы­ры
2. мұ­най құ­бы­ры
3. мұ­най құ­бы­ры
Жөнелтушінің
бірінші басшысы ____________________________________________________
Магистральдық мұнай
құбырлары бойынша мұнай
тасымалдаудың кестесін
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша
Мұнайды жоспарланған айда тасымалдауға арналған өтінім
Ком­па­ни­я­ның ата­уы:
Есеп­ті ай:
Жос­пар­лан­ған айы:

Көр­сет­кіш­тер
Есеп­ті ай (нет­то)
Жос­пар­лан­ған ай­ға өті­нім
жос­пар
факт
нет­то
брут­то
1.
Бар­лық ре­сур­стар
1)
Бар­лық өн­дел­ген мұ­най, оның ішін­де: ке­лі­сім­шар­ттың № бой­ын­ша, ке­лі­сім­шар­ттық аумақ­тың ата­уы
2)
Бас­қа көз­ден алын­ған мұ­най*
3)
Ай ба­сы­на ауы­са­тын қал­дық
2.
Опе­ра­тор­ға тап­сы­ру
3.
Ре­сур­стар­ды та­ра­ту, оның ішін­де: (4.1.+4.2.+4.3.+4.4.+4.5.+4.6.+4.7.)
1)
ҚР МӨЗ жет­кі­зу, он.іш. (4.1.1.+4.1.2.+4.1.3.)
АМӨЗ
ПМ­ХЗ
ПКОП
2)
Ро­я­л­ти тап­сы­ру
3)
КТК (ке­лі­сім­шар­ттар бой­ын­ша)
4)
Аты­рау-Са­ма­ра (ке­лі­сім­шар­ттар бой­ын­ша), оның ішін­де: (4.4.1.+4.4.2.)
Алы­с­та­ғы­сы
Та­я­у­да­ғы­сы
5)
Ақ­тау пор­ты (ке­лі­сім­шар­ттар бой­ын­ша), он.іш. (4.5.1.+4.5.2.+4.5.3.)
Иран
Әзір­бай­жан
Ма­хач­ка­ла
6)
Т/ж кө­лі­гі (ке­лі­сім­шар­ттар бой­ын­ша) оның ішін­де: (4.6.1.+4.6.2.+4.6.3.+4.6.4.)
Экс­порт, МҚЭ-дан (ата­уы)
Аты­рау, МҚЭ-дан құй­ып бе­ру (ата­уы)
Ак­тау пор­ты МҚЭ-дан (ата­уы)
МӨЗ, МҚЭ-дан (ата­уы)
7)
Орын­бор ГӨЗ-і
4.
Ай со­ңы­на ауы­са­тын қал­дық
Ескертпе:
*- оның ішінде, мұнайдың шығу заңдылығын растайтын құжаттарды міндетті түрде қоса беріп басқа заңды және/немесе жеке тұлғалардан сатып алынғаны
Бірінші басшы:                         Қолы:

Қолданыстағы