Об утверждении регламента государственной услуги "Регистрация иностранцев и лиц без гражданства, временно пребывающих в Республике Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги "Регистрация иностранцев и лиц без гражданства, временно пребывающих в Республике Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 504
- Қабылданған күні
- 13.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2014 AI67979_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007948
- ЭКБ идентификаторы
- 67979
- Редакция идентификаторы
- AI67979_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:21
0 "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
«Әкiмшiлiк рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекiтiлсiн.
2 2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеудi;
2 2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
8 «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттiк қызмет регламентi
Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрiнiң
2012 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 504 бұйрығымен
бекiтiлген
«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттiк қызмет регламентi
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттiк қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу рәсімін айқындайды.
2 2. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының аумақтық көшi-қон полициясы бөлiнiстерi (бұдан әрi – көшi-қон полициясы бөлiнiстерi) көрсетедi.
3 3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
4 4. Мемлекеттiк қызмет:
1 1) «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 21, 22-баптарының;
2 2) «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2105 қаулысының (бұдан әрi – Стандарт);
3
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларының 4-тармағының негізінде жүзеге асырылады.
5 5. Көші-қон карточкасының «тіркеу» бағанын толтыру немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәйекті жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
6 6. Осы регламентте мынадай түсiнiктер пайдаланылады:
1 1) тұтынушы – мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiш бiлдiрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
2 2) құрылымдық-функциялық бiрлiктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын уәкiлеттi органдардың жауапты адамдары, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiнiстерi, мемлекеттiк органдар, ақпараттық жүйелер немесе кiшi жүйелер.
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесiне қатысатын мемлекеттiк органдар мен өзге де субъектiлер:
1 1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитетi (IIМ КҚПК) – шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды тіркейді;
2 2) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының аумақтық көшi-қон полициясы бөлiнiстерi – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркейді.
2 2. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қойылатын талаптар
8 8. Мемлекеттiк қызметтi тұтынушының уақытша тұратын жері бойынша Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша аумақтық көшi-қон полициясы бөлiнiстерi көрсетедi.
Көші-қон полициясы бөлінісінің қызметкері барлық құжаттарды қабылдаған соң тұтынушыға Стандарттың 4-қосымшасындағы түріне сәйкес берілген күнін көрсетіп құжаттарды қабылдаған жөнінде талон беріледі.
Мемлекеттік қызмет демалыс күндерінен басқа, аптасына алты күн (дүйсенбі - жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліс, сенбіде сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін) ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9
9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi – IIМ) mvd.gov.kz және тiзбесi Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген облыстардың, Астана, Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнiң (бұдан әрi – IIД) интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде, сондай-ақ көшi-қон полициясы бөлiнiстерiнде орналасқан ресми ақпарат көздерi мен стендтерде орналастырылады.
10 10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзiмдерi Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
11 11. Шетелдік және азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болатын тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбауы болып табылады.
3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi iс-әрекеттердің (өзара iс-қимыл жасасу) сипаттамасы
12 12. Көшi-қон полициясы бөлiнiстерiнде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар мен уақыт бойынша көшi-қон полициясы инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.
13 13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар ұсынады.
14 14. Ақпараттық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар жоқ.
15 15. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне мынадай ҚФБ:
1 1) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттiк iшкi iстер органы бөлiмiнің, бөлiмшесiнiң, тобының көшi-қон полициясы бөлінісінің қызметкерi;
2 2) облыстардың, Алматы және Астана қалаларының ішкi iстер департаментi Көшi-қон полициясы басқармасының қызметкерi;
3 3) Қазақстан Республикасы IIМ КҚПК-нің қызметкерi қатысады.
16 16. Осы регламентке 1-қосымшада әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттi орындау мерзiмiн көрсете отырып, әрбiр ҚФБ-ның әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдерiнiң) ретi мен өзара iс-қимыл жасасуының кестелiк сипаттамасы келтiрiлген.
17 17. Осы регламентке 2-қосымшада мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды ретi мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы келтiрiлген.
39 Әкiмшiлiк iс-әрекеттердің (рәсiмдердің) реті мен өзара iс-қимыл жасасуының сипаттамасы
«Қазақстан Республикасында уақытша
болатын шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттiк
қызмет көрсету регламентiне
1-қосымша
Әкiмшiлiк iс-әрекеттердің (рәсiмдердің) реті мен өзара iс-қимыл жасасуының сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы. Негiзгi процесс.
Негiзгi процестiң iс-әрекетi (жұмыс барысы, ағыны)
1
Iс-әрекеттiң (жұмыс барысы, ағыны) №
1
2
2
ҚФБ атауы
ҚАIIО, ҚКПК
ҚАIIО, ҚКПК
3
Iс-әрекеттiң (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы
Өтiнiш берушiнiң құжаттар пакетiн қабылдау және тексеру
Журналдарды толтыру, арнайы есептер бойынша тексеру
4
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкiмдік шешiм)
Журналда тiркеу және тіркеу туралы мөр қою немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәйекті жауап
«Бүркіт» БАЖ-ға ақпарат енгізу, тіркеу туралы мөр қою немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәйекті жауап
5
Орындау мерзiмi
Бір жұмыс күні ішінде
Бір жұмыс күні ішінде
40 Әкiмшiлiк iс-әрекеттердің қисынды реті арасындағы өзара байланысты көрсететiн сызбалар
«Қазақстан Республикасында уақытша
болатын шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттiк
қызмет көрсету регламентiне
2-қосымша
Әкiмшiлiк iс-әрекеттердің қисынды реті арасындағы өзара байланысты көрсететiн сызбалар
Тұтынушы ҚАIIО, ҚКПК