Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы каталожного листа продукции

Бұйрық · № 320 · қабылданған 14.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68013/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении формы каталожного листа продукции Күшін жойған Бұйрық ·№ 320 ·14.09.2012
23.09.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы каталожного листа продукции

Күшін жойған Бұйрық ·№ 320 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы каталожного листа продукции
Атауы (қаз.)
Өнімнің каталогтау парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
320
Қабылданған күні
14.09.2012
Көрсетілген редакция
23.09.2013 AI68013_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007945
ЭКБ идентификаторы
68013
Редакция идентификаторы
AI68013_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:20

0 Өнімнің каталогтау парағының нысанын бекіту туралы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының екінші бөлігі 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған каталогтау парағының нысаны бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Өнімнің каталог парағы

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 320 бұйрығымен
бекітілді
нысан
Өнімнің каталог парағы
1. Өн­ді­ру­ші ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
1
Ұй­ым­ның ата­уы
2
Бі­рін­ші бас­шы­ның Т.А.Ә.
3
Ла­у­а­зы­мы
Заң­ды ме­кен­жайы
4
Об­лыс
5
Қа­ла
6
Ел­ді ме­ке­ні, бас­қа­лар
7
Ин­дек­сі
8
Кө­ше­сі, үйі, кең­се­сі
9
Мем­ле­кет­тік тір­кеу/қай­та тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің №
10
БИН
Негіз­гі ме­кен­жайы
11
Об­лы­сы
12
Қа­ла­сы
13
Ел­ді ме­ке­ні, бас­қа­лар
14
Ин­дек­сі
15
Кө­ше­сі, үйі, кең­се­сі
16
Те­ле­фо­ны (об­лыс кодын қо­са)
17
Фак­сы (об­лыс кодын қо­са)
18
Web-сай­ты
19
Элек­трон­ды ме­кен­жайы
2. Өнім ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
20
ЭҚ­ТӨЖ ту­ра­лы өнім ко­ды (6 сим­вол дең­гей­ін­де)
21
МСЖ ко­ды
22
Өнім­нің ата­уы
23
Шы­ға­ры­ла­тын өнім­нің су­рет­те­рі
24
Өнім­нің қы­сқа­ша си­патта­луы
25
Өнім­ді өн­ді­ру ке­зін­де пай­да­ла­ны­ла­тын тех­но­ло­гия
26
Стан­дарт­тау жө­нін­де­гі нор­ма­тив­тік құ­жат­тың бел­гі­ле­нуі
27
Стан­дарт­тау жө­нін­де­гі нор­ма­тив­тік құ­жат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мі (егер өнім ТШ неме­се ҰСТ бой­ын­ша өн­ді­рі­ле­тін бол­са)
28
ҰСТ түп­нұс­қа­сын ұста­у­шы­ның ата­уы (егер өнім ҰСТ бой­ын­ша өн­ді­рі­ле­тін бол­са)
29
ҰСТ түп­нұс­қа­сын ұста­у­шы­ның ме­кен­жайы
30
ҰСТ түп­нұс­қа­сын ұста­у­шы­ның те­ле­фо­ны/фак­сы
31
Өнім­ді сер­ти­фи­кат­тау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
32
Өнім­ді шы­ға­ру­ды ба­с­та­ған кү­ні
3. Өнім­нің ка­та­лог бе­тін тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
33
Тол­тыр­ды (ұй­ым­ның ата­уы, Т.А.Ә., кү­ні, те­ле­фо­ны)
34
Тір­ке­ді (ұй­ым­ның ата­уы, Т.А.Ә., кү­ні, те­ле­фо­ны)
Ескерпелер:

1 1. Өнімнің каталог парағы уәкілетті органның www.memst.kz сайтында орналасқан өнімді каталогтаудың ақпараттық жүйесінде толтырылады.

2 2. Өнімнің каталог парағы бір нормативтік құжат бойынша шығарылатын бір немесе бірнеше нақты бұйымдар толтырылады. Әр түрлі нормативтік құжат бойынша өндірілетін бірнеше өнім түрлеріне бір каталог парағы толтыруға рұқсат етілмейді.

3 3. Шығарылатын өнім бойынша кез келген ақпарат болмаған жағдайда, өнімнің каталог парағы тиісті орнына «сызықша» белгісі қойылады.

4 4. «Өндіруші туралы мәліметтер»:

1 реттік нөмір көрсетілген қатарда құрылтайшылық құжаттарға сәйкес өндірушінің атауы көрсетіледі. Егер заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарында қарастырылған жағдайда, өндірушінің атауы қысқартылған түрде көрсетілуге рұқсат етіледі.
«Зауыт», «фабрика» деген сөздер қысқартылмай толық жазылады.
Атаудың орнына қысқартылған сөздер келтіруге рұқсат етілмейді, мысалы, ПТЗ, АЗТМ. Қажет болған жағдайда, осындай шартта белгілер толық атаудан кейін жақшаның ішінде көрсетіледі.
Жеке тұлғалар үшін олардың тегі, аты, әкесінің аты толық көрсетіледі.
2 реттік нөмір көрсетілген қатарда өндіруші – кәсіпорынның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты толық көрсетіледі.
3 реттік нөмір көрсетілген қатарда өндіруші – кәсіпорынның бірінші басшысының лауазымы көрсетіледі.
4, 5, 6, 7, 8 реттік нөмірлер көрсетілген қатарда 1 реттік нөмір көрсетілген өндірушінің атауы, заңды мекенжайы көрсетіледі.
9 реттік нөмір көрсетілген қатарда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген өндірушінің мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нөмірі көрсетіледі.
10 реттік нөмір көрсетілген қатарда өндірушінің – бизнес - идентификациялық нөмірі көрсетіледі. Егер ол болмаған жағдайда салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
11, 12, 13, 14, 15 реттік нөмірлер көрсетілген қатарда 1 реттік нөмір көрсетілген өндірушінің атауы, заңды мекенжайы көрсетіледі.
16 реттік нөмір көрсетілген қатарда алдыңғы жақшаның ішінде қала (аудан) коды көрсетілген өндірушінің телефон нөмірі көрсетіледі.
17, 18, 19 реттік нөмірлер көрсетілген қатарда өндірушіде бар байланыс құралдарының кодтары болады.

5 5-бөлім. «Өнім туралы мәліметтер»

20 реттік нөмір көрсетілген қатарда ҚР МЖ 04 – 2008 «Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуіші» бойынша өнімнің алты таңбалы цифрлық коды көрсетіледі. Егер өнімнің каталог парағы толтырылған өнім көрсетілген жіктеушінің бір кластың ішінде бірнеше жіктеуіштеріне жататын болса, онда жоғарыда тұрған жалпы топтама коды көрсетіледі.
ЭҚТӨЖ бірнеше коды өнімнің каталог парағында көрсетуге рұқсат етілмейді.
21 реттік нөмір көрсетілген қатарда МЖ (ИСО/ИНФКО МСЖ) 001-96 (стандарттардың мемлекетаралық жіктеуіші) бойынша өнімнің кодтық белгілеуі көрсетіледі.
22 реттік нөмір көрсетілген қатарда нормативтік құжат бойынша нақты өнімнің атауы және шартты белгісі көрсетіледі, осының негізінде өнімнің каталог парағы толтырылады.
Егер нормативтік құжат бір және сол жіктеуіш топтарына жататын өнімнің бірнеше нақты түрлеріне қойылатын талаптарды белгілейтін жағдайда және ЭҚТӨЖ бойынша бір коды болса және сапа көрсеткіштері бірдей болса, онда өнімнің атауы мен белгіленуі (бар болса) үтір арқылы белгіленеді.
Өнімнің ұзын атауы олардан қосымша ақпараттарды алып, қысқартып жазуға ұсынылады.
Өнім атауында жеке сөздерді қысқартып жазуға, сондай-ақ қазақ, орыс және латын әріптерінен басқа, ұлттық алфавиттер символдарын (әріптерін) пайдалануға рұқсат етілмейді.
23 реттік нөмір көрсетілген қатарда шығарылатын өнімнің суреті көрсетіледі.
24 реттік нөмір көрсетілген қатарда өнімнің тағайындалуы туралы мәліметтер және тұтынушылар үшін айтарлықтай қызығушылық білдіретін оның негізгі сипаттамалары көрсетіледі.
25 реттік нөмір көрсетілген қатарда өнімді өндіретін технологияның атауы көрсетіледі.
26 реттік нөмір көрсетілген қатарда Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын нормативтік құжаттың шартты белгілері көрсетіледі.
27 реттік нөмір көрсетілген қатарда нормативтік құжаттың қолданысқа енгізілу мен қолданылу мерзімінің аяқталуы ай күніне екі цифр, айға екі цифр, жылға төрт цифр көрсетіледі.
Егер өнімнің каталог парағы қолданысқа енгізілу күні болмайтын құжат негізінде толтыратын болса, онда осы қатарда, 20 – реттік нөмір осы құжаттың бекітілген күні көрсетіледі.
28 реттік нөмір көрсетілген қатарда кәсіпорынның (ұйымның) - ҰСТ түпнұсқасын ұстаушының қысқартылған атауы көрсетіледі.
29 және 30 реттік нөмірлер көрсетілген қатарда кәсіпорынның (ұйымның) - ҰСТ түпнұсқасын ұстаушының заңды мекенжайы және алдыңғы жақшаның ішінде қала (аудан) коды көрсетілген кәсіпорынның телефоны/факсы нөмірі көрсетіледі.
31 реттік нөмір көрсетілген қатарда өнім міндетті сертификаттауға жататын немесе жатпайтын жағдайда, «Жатады» немесе «Жатпайды» деген жазба көрсетіледі.
32 реттік нөмір көрсетілген қатарда өнімді шығара бастаған ай күніне екі цифр, айға екі цифр, жылға төрт цифр көрсетіледі.
Өнімді шығару басында жоспарланған күнді көрсетуге рұқсат етіледі.

6 6-бөлім. «Өнімнің каталог парағын тіркеу туралы мәліметтер»

33 реттік нөмір көрсетілген қатарда өнімнің каталог парағын ұсынған уәкілетті тұлғаның тегі, өндірушінің атауы (қажет болған жағдайда қысқарту) толтырған күні және қала коды көрсетілген телефоны көрсетіледі.
34 реттік нөмір көрсетілген қатарда өнімді каталогтаудың ақпараттық жүйесінде өнімнің каталог парағын тіркеуді жүзеге асыратын маманның тегі, қолы, тіркеген күні және қала коды көрсетілген телефоны көрсетіледі.
Қысқартылған сөздерді толық көрсету:
БИН – бизнес - идентификациялық нөмірі
СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі
ЭҚТӨЖ – Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімді жіктеу
СМЖ – Стандарттардың мемлекетаралық жіктегіші
ҚР СТ – Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты
ГОСТ – мемлекетаралық стандарт
ИСО – Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйым бекіткен халықаралық стандарт
ҰСТ – ұйым стандарты
ТШ – техникалық шарттар

Қолданыстағы