Об утверждении требований к университетским Интернет-ресурсам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении требований к университетским Интернет-ресурсам
- Атауы (қаз.)
- Университеттік интернет-ресурстарға қойылатын талаптарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 426
- Қабылданған күні
- 19.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2018 68017_359974.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007969
- ЭКБ идентификаторы
- 68017
- Редакция идентификаторы
- 68017_359974
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:19
0 Университеттік интернет-ресурстарға қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 46-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Университеттік интернет-ресурстарға қойылатын талаптар бекітілсін.
2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):
1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
3 3) осы бұйрықты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Университеттік интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2012 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 426 бұйрығымен
бекітілген
Университеттік интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Университеттік интернет-ресурстарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 46-8) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2 2. Осы Талаптар университеттік интернет-ресурстарының құрылымын, мазмұны мен таратылу өлшемдерін анықтайды.
3 3. Осы Талаптарда мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар қолданылады:
1 1) динамикалық ақпарат – уақытша сипатқа ие жоғары оқу орнының ағымдағы қызметін көрсететін ақпарат (перспективті даму, өзекті оқиғалар, басым бағыттар);
2 2) интернет-ресурстар – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде қызмет ететін электронды ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара әрекетті қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылым;
3 3) статистикалық ақпарат – бұл тұрақты (анықтамалық) сипатқа ие жоғары оқу орнының ішкі қызметін көрсететін ақпарат (нормативтік құқықтық актілер, жоғары оқу орнының құрылымы, ережесі);
4
4) электронды-кітапханалық жүйе – бұл білім беру процесінде пайдаланылатын, тақырыптық және мақсатты белгілер бойынша бірлескен, қосымша сервистермен жабдықталған, құжаттарды іздестіруді және олармен жұмыс істеуді жеңілдететін және ҚР МЖБС-ның барлық талаптары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келетін электронды құжаттар жиынтығы.
2 2. Интернет-ресурстарын ұйымдастыру
4 4. Университеттік интернет-ресурстар оқу процесінде, оқу, ғылыми және тәрбиелік процестер мен инновациялық қызметте ЖОО-ның жетістіктерін таныту және тәжірибені кеңейту мақсатында, маркетингтік зерттеулер жүргізу кезінде пайдаланылуы мүмкін.
5 5. Әрбір білім алушы, оқытушылар және оларға теңестірілген тұлғалар университеттік интернет-ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігімен қамтылуы тиіс.
6 6. Университеттік интернет-ресурстар мыналарды қамтиды:
1 1) жоғары оқу орындары, құрылымдық бөлімшелері туралы жалпы ақпаратты, құрылымдық бөлімше басшыларымен байланыс жасау тетіктері;
2 2) халықаралық ынтымақтастық, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық, білім беру бағдарламалары туралы, ғылыми және халықаралық қызмет бөлімі;
3 3) статистикалық және талдау деректері;
4 4) білім саласындағы нормативтік құқықтық актілер;
5 5) білім беру порталына, электронды кітапханаға, қашықтықтан білім беру порталына (қашықтықтан білім беруді жүргізуге лицензиясы бар ұйымдар үшін), ресми сайттарға, әріптестік ұйым сайттарына сілтемелер;
6 6) байланыс ақпараты;
7 7) жоғары оқу орны басшысының блогы;
8 8) жаңалықтар тізбегі;
9 9) ғылыми конференциялардың, семинарлардың, ресми сапарлар мен кездесулердің кестесі;
10 10) білім сапасының менеджмент жүйесінің бөлімі.
7 7. Жоғары оқу орындарының халықаралық іс-шараларды, форумдарды, семинарларды, конференцияларды өткізетіні туралы ақпарат жоспарланған өткізу күніне дейін жарты жылдан кешіктірілмей университеттік интернет-ресурстарда орналастырылуы тиіс.
8 8. Университеттік интернет-ресурстарда орналастырылатын динамикалық ақпарат жаңа ақпараттың түскеніне қарай кезең-кезеңімен жаңартылуы тиіс.
9 9. Ресми сайттарға орналастырылатын статистикалық ақпараттар қажеттілігіне қарай жаңартылып отырады.
10 10. Университеттік интернет-ресурстарда жоғары оқу орындарының ресми рәміздері мен логотипі орналастырылады.
11
11. Университеттік интернет-ресурстар жоғары оқу орнының Жарғысына сәйкес ЖОО-ның қызметіне қатысты ақпаратты, дербес ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ құқық иеленуші тараптармен жасалған Келісімдер мен Шарттар негізінде басқа да ұйымдардың ресми сайттары мен ЖОО-ның білім беру порталындағы ресурстарды қамтуы мүмкін.