Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан

Қаулы · № 271 · қабылданған 24.08.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68020/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 271 ·24.08.2012
27.05.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 271 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
271
Қабылданған күні
24.08.2012
Көрсетілген редакция
27.05.2013 AI68020_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007976
ЭКБ идентификаторы
68020
Редакция идентификаторы
AI68020_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:29

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Мыналардың:

1

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Арнайы қаржы компаниясының және ислам арнайы қаржы компаниясының жылдық қаржылық есептілігінің нысандарын бекіту туралы" 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 44 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6992 тіркелген, 2011 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағының № 26 жарияланған);

2

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 43 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7503 тіркелген) 1-қосымшасы 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.

3 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
Төраға _______ Ә.А. Смайылов
2012 жылғы 13 қыркүйек
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның
2012 жы­л­ғы 24 та­мы­зда­ғы
№ 271 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағының № 12 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің осы үлгі шот жоспары (бұдан әрі – Шоттар жоспары) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, өзара сақтандыру қоғамдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және акционерлік инвестициялық қорлардың (бұдан әрі – ұйымдар) қаржылық есептілік элементтерін құндық көрсеткіш бойынша топтау және қаржылық есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есеп шоттарында ағымдағы көрсету үшін арналған.".

2 2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 № 130 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 тіркелген, 2011 жылғы 4 қазанда № 143 (1959) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының, сақтандыру брокерлерінің, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, арнайы қаржы компанияларының және акционерлік инвестициялық қорлардың (бұдан әрі – ұйым) меншікті ақшаны салымдарға, қарыздарға, бағалы қағаздарға, туынды құралдарға, тазартылған бағалы металдарға, шетел валютасына орналастыру бойынша операциялардың, хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ РЕПО және кері РЕПО операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізуін нақтылайды.".

1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның

Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның
2012 жы­л­ғы 24 та­мы­зда­ғы
№ 271 қа­улы­сы­на
1-қо­сым­ша

2 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның

Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның
2012 жы­л­ғы 24 та­мы­зда­ғы
№ 271 қа­улы­сы­на
2-қо­сым­ша

3 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның

Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның
2012 жы­л­ғы 24 та­мы­зда­ғы
№ 271 қа­улы­сы­на
3-қо­сым­ша

Қолданыстағы