Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции о формах, сроках и порядке представления банками второго уровня отчетности по экспортным операциям с аффинированным золотом и серебром в слитках

Қаулы · № 259 · қабылданған 24.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68025/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции о формах, сроках и порядке представления банками второго уровня отчетности по экспортным операциям с аффинированным золотом и серебром в слитках Күшін жойған Қаулы ·№ 259 ·24.08.2012
30.07.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции о формах, сроках и порядке представления банками второго уровня отчетности по экспортным операциям с аффинированным золотом и серебром в слитках

Күшін жойған Қаулы ·№ 259 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции о формах, сроках и порядке представления банками второго уровня отчетности по экспортным операциям с аффинированным золотом и серебром в слитках
Атауы (қаз.)
Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
259
Қабылданған күні
24.08.2012
Көрсетілген редакция
30.07.2018 68025_347607.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007989
ЭКБ идентификаторы
68025
Редакция идентификаторы
68025_347607
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:30

0 Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беруін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операциялары бойынша есебінің нысанын бекіту туралы» 2011 жылғы 25 қарашадағы № 191 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7396 тіркелген, 2012 жылғы 28 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінде № 195-200 (27274) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Статистика агенттігі
Төраға _______Ә.А. Смайылов
2012 жылғы 1 қазан

4 Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулық

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 259 қаулысымен
бекітілген
Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулық

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ұсынуын нақтылайды.

2 2. Есептілікті ұсыну

2 2. Тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операцияларды жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер ай сайын Ұлттық Банкке Тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операциялар бойынша есеп (бұдан әрі – Есеп) ұсынады.

3

3. Есеп есепті айдан кейінгі айдың бес жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық түрде «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (ҚААТЖ) арқылы ұсынылады.

4 4. Есеп Нұсқаулыққа қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалынады.

5 5. Қағаз тасымалдауыштағы Есепке бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер және орындаушы қол қояды, мөрмен (ол болған кезде) бекітіледі және екінші деңгейдегі банкте бес жыл бойы сақталады. Есепте түзетулер мен тазартулар болмауы тиіс.

6

6. Екінші деңгейдегі банк ұсынған Есепте толық емес ақпараттар немесе қателер табылған кезде, сондай-ақ электрондық түрде ұсынылған Есептің саналуы мүмкін болмаған жағдайларда, Ұлттық Банк бұл туралы үш жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банкке хабарлайды. Екінші деңгейдегі банк хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулерді есепке ала отырып пысықталған Есепті ұсынады.

7 7. Екінші деңгейдегі банктер қажет болған жағдайда Ұлттық Банктің сұратуы бойынша ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растау үшін қажетті құжаттарды (шарттар, шот-фактуралар, қабылдау-өткізу актілері, төлем тапсырмалары) үш жұмыс күні ішінде ұсынады.

1 тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операциялары бойынша

Екінші деңгейдегі банктердің
тазартылған құйма алтынмен
және күміспен жүргізілетін
экспорттық операциялар жөніндегі
есептілікті беру нысандары,
мерзімдері және тәртібі туралы
нұсқаулыққа қосымша
Нысан
тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операциялары бойынша
20___ жылғы ____________ *
есебі
(айы)
Та­у­ар­дың то­лық ата­уы
Им­пор­тер­дің елі
Құй­ма­лар са­ны
Сал­ма­ғы (ун­ция)
Хи­ми­я­лық та­за мас­са­сы (ун­ция)
Са­ты­л­ған со­ма­сы**
1
2
3
4
5
6
Та­зар­ты­л­ған ал­тын
Та­зар­ты­л­ған кү­міс
* Мәліметтер есепті айда тазартылған құйма алтын мен күмісті экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін кеден органы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен шығарған операциялар бойынша ұсынылады.
** Сомасы сатылу валютасында, валюта түрін көрсете отырып беріледі.
Бірінші басшы (ол жоқ болғанда
- оның орнындағы тұлға) _______________ күні ________________
Бас бухгалтер _________________________ күні ________________
Орындаушы _____________________________ күні _______)________
Телефоны ______________________________
Мөр орны (бар болса)

Қолданыстағы