Об изменении границ города Щучинска Бурабайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении границ города Щучинска Бурабайского района
- Атауы (қаз.)
- Бурабай ауданы Щучье қаласының шекараларын өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- A-10/458
- Қабылданған күні
- 18.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2024 68037_722241.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12B0003467
- ЭКБ идентификаторы
- 68037
- Редакция идентификаторы
- 68037_722241
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:19
0 Бурабай ауданы Щучье қаласының шекараларын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес және Бурабай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 8 тамыздағы № А-8/437 қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 8 тамыздағы № 5С-8/2 шешімінің негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласының шекаралары, оның шегіне жалпы алаңы 128,56 гектар Бурабай ауданы жерінің бөлiгi енгізіліп, қосымшаға сәйкес өзгертілсін.
2 2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Ақмола облысы әкімдігінің
2012 жылғы 18 қыркүйектегі
№ А-10/438 қаулысына қосымша
Ақмола облыстық мәслихатының
2012 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 5С-6-5 шешіміне қосымша
Щучинск қаласының шегіне қосылатын Бурабай ауданының жерлері бір бөлігінің экспликациясы
гектар
Р/р №
Ауданның атауы
Барлық жер
Оның ішінде
Ауыл шаруашылығы жерлері
Су асты
Жолдардың астындағы
Құрылыстардың астындағы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері
егістік
көпжылдық жас көшеттер
жайылым
1
Бурабай ауданы
128,56
-
-
-
-
0,5
40,95
87,11