Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил согласования проекта строительства нового магистрального трубопровода

Қаулы · № 1305 · қабылданған 12.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68038/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил согласования проекта строительства нового магистрального трубопровода Күшін жойған Қаулы ·№ 1305 ·12.10.2012
10.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил согласования проекта строительства нового магистрального трубопровода

Күшін жойған Қаулы ·№ 1305 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил согласования проекта строительства нового магистрального трубопровода
Атауы (қаз.)
Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1305
Қабылданған күні
12.10.2012
Көрсетілген редакция
10.08.2015 AI68038_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001305
ЭКБ идентификаторы
68038
Редакция идентификаторы
AI68038_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:10

0 Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидаларын бекіту туралы

«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидалары бекітілсін.

2 Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидалары

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 қазандағы
№ 1305 қаулысымен
бекітілген
Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) – инвестициялау мақсаттарын сипаттайтын бастапқы негізгі деректерді, инвестиция тиімділігінің негіздемесі, оның ішінде: объектінің қызмет етуінен күтілетін экономикалық, әлеуметтік, коммерциялық тиімділікті, сондай-ақ құрылыс объектісінің негізгі техникалық және технологиялық параметрлері туралы мәліметтерді және объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін айқындайтын есептерді қамтитын жоба алды құжаттама;

2

2) құрылыс жобасы (құрылыстық жоба) – көлемдiк-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлiк, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешiмдердi, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргiзуге, аумақты инженерлiк дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулердi қамтитын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама. Құрылыс жобаларына аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау және өз ресурсын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жобалары да жатады;

3 3) магистральдық құбыр – өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;

4 4) уәкілетті орган – магистральдық құбыр саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2 2. Құрылыс жобасын келісу тәртібі

3 3. Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу үшін магистральдық құбыр салуды жүзеге асыруға ниеттенген тұлға (бұдан әрі – мүдделі тұлға) уәкілетті органға ТЭН-ді ұсынады.

4 4. Уәкілетті орган ТЭН-ді алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей оны қарастырады және жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу туралы не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

5 5. Жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН келісу кезінде уәкілетті орган оның мына талаптарға сәйкестігін қарастырады:

1 1) уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының мұнай өндіру және тарату теңгеріміне сәйкес жоба үшін ресурс базасының болуы;

2 2) магистральдық құбыр трассасын және алаңдарын аумақтың табиғи ерекшеліктерін, елді мекендердің, көлік жолдарының және коммуникациялардың орналасуын ескере отырып таңдау.

6

6. Жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-і осы Қағидалардың 5-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-ін келісуден бас тартады. Жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-ін келісуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіні бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.
Жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-і осы Қағидалардың 5-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде ТЭН-ді келіседі.

7 7. Мүдделі тұлға жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-ін келіскеннен кейін жаңа магистральдық құбыр салу жобасын уәкілетті органға ұсынады.

8 8. Уәкілетті орган жаңа магистральдық құбыр салу жобасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келіседі не жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісуден бас тартады.

9

9. Уәкілетті органмен келісілген жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-ін, сондай-ақ жаңа магистральдық құбыр салу жобасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган берген мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы болмаған жағдайда уәкілетті орган жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісуден бас тартады.
Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісуден бас тартқан кезде уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде бұл туралы мүдделі тұлғаны бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.

10 10. Мүдделі тұлға жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісуден бас тарту себептерін жойғаннан кейін құжаттар уәкілетті органға қайта келісуге жіберіледі. Қайта келісу кезінде құжаттарды қарау өтініш берген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Ескертулерді жойған жағдайда уәкілетті орган жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келіседі.

Қолданыстағы