Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Прием документов и участие в оценке уровня знания казахского языка (КАЗТЕСТ)"

Бұйрық · № 443 · қабылданған 28.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68042/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Прием документов и участие в оценке уровня знания казахского языка (КАЗТЕСТ)" Күшін жойған Бұйрық ·№ 443 ·28.09.2012
20.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Прием документов и участие в оценке уровня знания казахского языка (КАЗТЕСТ)"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 443 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Прием документов и участие в оценке уровня знания казахского языка (КАЗТЕСТ)"
Атауы (қаз.)
"Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) қатысу және құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
443
Қабылданған күні
28.09.2012
Көрсетілген редакция
20.06.2014 AI68042_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007990
ЭКБ идентификаторы
68042
Редакция идентификаторы
AI68042_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:14

0 "Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) қатысу және құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) қатысу және құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә. Ырсалиев):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 443 бұйрығымен бекітілген
«Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу» (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес әзірленген.

2

2. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрі – Стандарт).

3 3. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысушы уәкілетті және жұмыс органдарының жауапты тұлғалары (бұдан әрі – ҚФБ);

2 2) жұмыс органы – «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ҰТО).

4 4. Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу бойынша мемлекеттік қызметті ҰТО ұсынады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

6

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысанда мемлекеттік сертификат, сондай-ақ тестіленуші қажетті балды жинай алмаған жағдайда, тест блоктары бойынша нәтижелері көрсетілген осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысанда ведомость беріледі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап болып табылады.

7 7. Стандарттың 11-тармағында қарастырылған құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар

8

8. Аталған мемлекеттік қызметті көрсету орны: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 67, ҚР БҒМ ҰТО, 3-қабат, 14-кабинет. Құжаттарды қабылдауды және сертификаттарды беруді ҰТО демалыс және мейрам күндерін қоспағанда дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін) жүзеге асырады.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы ақпарат www.kazakhtest.kz интернет-ресурсында орналастырылған, сондай-ақ 8 (7172) 51-83-06 байланыс телефоны арқылы білуге болады. Мемлекеттік қызметті көрсету орны: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 67, ҰТО, 3-қабат, 15-кабинет.

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1 1) мемлекеттік қызметті алуға өтініш берген уақыттан бастап (тіркелу, талон алу сәтінен бастап) – 30 минут;

2 2) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде мемлекеттік қызмет түрін алуға дейінгі күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

3 3) мемлекеттік қызметті алушыға өтініш берген күні сол жерде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 3 сағат.

11 11. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны – 1 қызметкер, қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ) үшін – 1 қызметкер.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекетті (өзара іс-қимыл) сипаттау

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

13 13. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті алушы келесі тәсілдердің біреуі арқылы ақы төлей алады:

1 1) 1-тәсіл – Ұлттық тестілеу орталығында;

2 2) 2-тәсіл – екінші деңгейлі Банкте (филиалында).

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:

1 1) мемлекеттік қызметті алушының стандарттың 11-тармағына сәйкес ұсынған құжаттарын қабылдайды және тіркейді;

2 2) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш бланкісін беру;

3 3) мемлекеттік қызметті тұтыну үшін төлем жасалғандығын растайтын құжатты (түбіртекті) қабылдау;

4 4) тестілеуден өту үшін осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысанда Рұқсатнаманы беру;

5 5) мемлекеттік сертификат немесе жүйе бөліктері бойынша нәтижелер ведомосін беру.

15 15. ҚФБ әрекеттерінің, әрбір әкімшілік іс-қимылдың (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) бірізділігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысанда келтірілген.

16

16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдар мен ҚФБ-ның бірізділігі (Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі) арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар олардың сипаттамалары осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысанда келтірілген.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША БАҒАЛАУ

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға
(ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау
және қатысу» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 1-қосымша
нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША БАҒАЛАУ
СЕРТИФИКАТ
Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері
бойынша _________________________ деңгейін меңгергендігін және тест
бөліктерінен мынадай нәтижелер көрсеткендігін растайды.
Бөліктер Дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші

1 1. Тыңдалым                  ________________________________________

2 2. Лексика-грамматика        ________________________________________

3 3. Оқылым                    ________________________________________

4 4. Жазылым                   ________________________________________

5 5. Айтылым                   ________________________________________

Ұйым басшысы
________________________     _________________________________ қаласы
__________ _____________     «____» _____________________ 200____ жыл
Ұлттық тестілеу орталығының директоры
________________________________
________________ _______________
М.О.

2 ВЕДОМОСТЬ

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға
(ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау
және қатысу» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 2-қосымша
нысан
ВЕДОМОСТЬ
Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау нәтижелері

Те­гі
Есі­мі
Нұс­қа
Бө­лік­тер бой­ын­ша балл көр­сет­кіш­те­рі
Тың­да­лым
Лек­си­ка-грам­ма­ти­ка­лық бө­лім
Оқы­лым
Бар­лы­ғы
1
2
3
4
5
Аудитория кезекшісі ______________________
(Т.А.Ә., қолы
«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры

3 № ____ Рұқ­сат­на­ма

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға
(ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау
және қатысу» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 3-қосымша
нысан
№ ____ Рұқ­сат­на­ма
_______________________________________
(ба­ға­ла­ну­шы­ның аты, әке­сі­нің аты, те­гі)
қа­зақ ті­лін мең­ге­ру дең­гей­ін ба­ға­лау сы­на­ғы­нан өту үшін бе­ріл­ді.
000000000
су­рет
0 жалпы меңгеру
0 қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауды анықтауға
Күні: ___ /___/___
дд/мм/гг
Уақыты: ___ /___
сағ./мин
Аудитория: № ___
Өткізілу орны:
Мекенжайы: _______________________________________
_______________________________________
_______________________________________
_______________________________________
Рұқсатнама беруге жауапты:
_____________________                                     (М.О.)
(аты-жөні)

4 1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы.

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға
(ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау
және қатысу» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 4-қосымша
1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы.
Құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету.
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыс жү­ру­і­нің, ағы­мы­ның) әре­кет­те­рі
1
әре­кет­тің (жұ­мыс жү­ру­і­нің, ағы­мы­ның) №
1
2
2
ҚФБ ата­уы
ҰТО са­рап­шы­сы
ҰТО қыз­мет­ке­рі неме­се екін­ші дең­гей­лі кез кел­ген Банк­тің қыз­мет­ке­рі
3
Әре­кет­тің (үде­рі­стің, ша­ра­ның, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және оның си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­дың түп­нұс­қа­сын неме­се құ­жат­тар ұсы­ныл­ма­ған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті
көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­з­ба­ша жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін өті­ніш блан­кі­сін бе­ру
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті тұ­ты­ну үшін тө­лем жа­сал­ғанды­ғын рас­тай­тын құ­жат­ты (тү­бір­тек­ті) қа­был­дау
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­дың түп­нұс­қа­сын және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін тө­лем қа­был­дау
4
Нәти­же­сі (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­да­стыр­ма­лы-өкім­дік ше­шім)
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін тө­лем жа­сал­ғанды­ғын рас­тай­тын құ­жат (тү­бір­тек) бе­ру
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке тө­лем жа­сал­ғанды­ғын рас­тай­тын құ­жат (тү­бір­тек) бе­ру
5
Орын­дау мер­зі­мі
1 жұ­мыс кү­ні
1 жұ­мыс кү­ні
2-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы.
«Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) қатысу» бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету.
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыс жү­ру­і­нің, ағы­мы­ның) әре­кет­те­рі
1
әре­кет­тің (жұ­мыс жү­ру­і­нің, ағы­мы­ның) №
1
2
2
ҚФБ ата­уы
ҰТО са­рап­шы­сы
ҰТО са­рап­шы­сы
3
Әре­кет­тің (үде­рі­стің, ша­ра­ның, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және оның си­патта­ма­сы
Қа­зақ ті­лін мең­ге­ру дең­гей­ін ба­ға­лау (ҚАЗ­ТЕСТ);
Ем­ти­хан ма­те­ри­ал­да­рын бе­ру: сұ­рақ-кі­тап­ша­сы, жа­у­ап­тар па­ра­ғы;
Жа­у­ап па­ра­ғын тол­ты­ру және те­сті­леу уа­қы­ты ту­ра­лы ақ­па­рат бе­ру;
«Тың­да­лым» бө­лі­гі бой­ын­ша аудио­ма­те­ри­ал­дар­ды тың­да­ту­ға мүм­кін­дік ұсы­ну;
Те­сті­леу үде­рі­сін ба­қы­лау;
Нәти­же­ні өң­деу үшін ем­ти­хан ма­те­ри­ал­да­рын қа­был­дау.
4
Нәти­же­сі (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­да­стыр­ма­лы-өкім­дік ше­шім)
Ем­ти­хан ма­те­ри­ал­да­рын қа­был­дау: сұ­рақ кі­тап­ша­сы, жа­у­ап­тар па­ра­ғы
Қа­зақ ті­лін мең­ге­ру­дің бел­гі­лі бір дең­гей­ін рас­тай­тын мем­ле­кет­тік сер­ти­фи­кат неме­се жүйе бө­лік­те­рі бой­ын­ша нәти­же­лер ве­до­мо­сін бе­ру.
5
Орын­дау мер­зі­мі
1 жұ­мыс кү­ні
2 жұ­мыс кү­ні

5 «Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу» бойынша мемлекеттік қызметкөрсету үрдісі

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға
(ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау
және қатысу» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 5-қосымша
«Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу» бойынша мемлекеттік қызметкөрсету үрдісі

Қолданыстағы