Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об обязательных правилах безопасности граждан на водоемах области

Ереже · № С-2/12 · қабылданған 24.02.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6805/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об обязательных правилах безопасности граждан на водоемах области Күшін жойған 24.02.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об обязательных правилах безопасности граждан на водоемах области

Күшін жойған Ереже № С-2/12 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об обязательных правилах безопасности граждан на водоемах области
Атауы (қаз.)
Облыстың су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орындалуға міндетті ережелер туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С-2/12
Қабылданған күні
24.02.2000
Көрсетілген редакция
24.02.2000 6805_217719.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00B0000267
ЭКБ идентификаторы
6805
Редакция идентификаторы
6805_217719
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:38
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыстың су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орындалуға міндетті ережелер туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 10.12.2004 № 3С-9-19 шешімімен.
«Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40 және 41-баптарының негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Облыстың су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орындалуға міндетті ережелер» бекітілсін (қоса беріліп отыр).

2. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері су айдындары мен су объектілерін қолдануды реттейтін, қолданылып жүрген ережелерді бекітілген Ережелерге сәйкестендіріп, олардың сақталуын қамтамасыз ететін шаралар қабылдасын.

Ақмола облысының суаттарында (су айдындарында) азаматтардың кауіпсіздігінің МІНДЕТТІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР.

1.1. Осы ережелер жаппай демалу, туризм, спорттық және шарушылық мақсаттар үшін облыс суаттарын пайдаланудың тәртібін белгілейді.

1.2. Ереже азаматтардың судағы хауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде суаттар иелері мен пайдаланушылардың меншік түріне қарамастан міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.

1.3. Жергілікті атқарушы органдар азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, экологиялық хауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен шомылуға, қайықтармен серуендеуге және жаппай демалудың басқа түрлерін ұйымдастыруға тиым салатын орындарды анықтайды, сондай-ақ олардың әкімшілік шеңберінде орналасқан суды жалпылай пайдаланудың басқа да шарттарын белгілейді.

1.4. Құтқару постылары, әзірлігі бар құтқарушы қадрлары және Қазақстан Республиқасы Төтенше оқиғалар жөніндегі Агенттіктің облыстық судан құтқару қызметі аумақтық органдары мен Мемлекеттік санитарлық-эпидемиолотиялық қызмет органдарының тиісті рұқсаты болмаған жағдайда суаттар жағалауларында орналасқан жерлерде жағажайлар, еңбек және демалыс лагерьлерін, базаларды, су станциялары мен басқа да жаппай демалыс объектілерін ашуға тиым салынады.
Жоғарыдағы талаптарды сақтамай жағажайлар, еңбек және демалыс лагерьлерін, базаларды, су станциялары мен басқа да жаппай демалатын объектілерді ашқан жағдайда лауазымды адамдарға (тұлғаларға) айып салынады.

1.5. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдар өздеріне бекітілген суаттарда адамдардың өмірін сақтауды қамтамасыз ету, құтқару постыларын жабдықтау және ұстау үшін жауап береді. Облыстық суда құтқару қызметкерлері құтқарушыларды оқытуды олардың өз қаржысы есебінен жүзеге асырады.

1.6. Суда экскурсияларды, спорттық жарыстыр мен мерекелерді өткізген кезде ұйымдар басшылары азаматтардын судағы хауіпсіздігін қамтамасыу ету үшін жауапты адамдарды бөлуге және құтқару постыларын қоюға міндетті.

1.7. Ведомстволық және қоғамдық құтқару постыларының жұмысына бақылау жасау осы постылар өзіне бағынышты ұйымдар әкімшілігіне, сондай-ақ облыстық судан құтқару жөніндегі аумақтық бөлімшелерге жүктеледі.

1.8. Жағажайларда, су маңайындағы жаппай демалатын орындарда, қайықты жалға беретін станцияларда және шағын кемелер аялдамалары базаларында, өткелдер мен пристаньдарда жоғарыда айтылған қондырғылар мен жүзу құралдарын пайдалану кезінде хауіпсіздік ережелері ілініп қойылуға тиіс.

Жағажайларда, су маңайындағы жаппай демалыс орындарында, қайықты жалға беретін станцияларда және шағын кемелер аялдамаларының базаларында, өткелдер мен пристаньдарда жоғарыда айтылған қондырғылар мен жүзу құралдарын пайдаланғанда хауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда лауазымды адамдарға (тұлғаларға) айып салынады.

1.9. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдар басшылары жер қазу, мұз ою, суаттардың түбін тереңдету жұмыстарын жүргізген кезде халықтың демалыс орындарында учаскелерді қоршауға, ал жұмысты аяқтағаннан кейін оны тегістеуге міндетті.

1.10. Суға түсу маусымының, су спорттық және құтқару станцияларының, жағажайлардың, жүзу бассейндерінің жұмыс сағатының ұзақтығы осы объектілер өзіне бағынышты ұйымдар басшыларының жергілікті атқарушы органмен келісіміне сәйкес белгіленеді.

1.11. Суаттар аймағында (акваторияларында) жеке құтқару құралдарынсыз балық және аң аулауға тиым салынады.

Суаттар акваторияларында жеке құтқару құралдарынсыз балық және аң аулаған жағдайда азаматтарға айып салынады.

2. ЖАҒАЖАЙЛАРДЫ, ЖҮЗУ БАССЕЙНДЕРІН ЖӘНЕ СУ МАҢЫНДАҒЫ ЖАППАЙ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫН ПАЙДАЛАНҒАН КЕЗДЕГІ ХАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ.

2.1. Жағажайға және су маңындағы жаппай демалыс үшін бөлінген орындарға талаптар:

- суға түсу орындарының жағалау территориясы және оған тақау орындар «халық шоғырланған орындар территориясын ұстаудың санитарлық ережелеріне» және «дене тәрбиесімен және спортпен айналысу жөніндегі орындарды ұстау туралы санитарлық ежелерге» сәйкес болуға тиіс;
- суат түбі тығыз, әрі жағадан бірте-бірте құламалау болуы керек, 1,75 метр тереңдікке дейін кемерленіп, үзіліп түсуге және жаға жолағынан ең кемі 15 метрдей балдырдан, зиянды өсімдіктерден, тырбиған ағаштан, тастан, әйнектен, банкілер мен басқа заттардан (теңізде, өзенде суға түсу айнасының аумағы бір ересек адам үшін 5 шаршы метр және бала үшін 4 шаршы метр, ал ағынды емес суаттарда 10 шаршы метрден 15 шаршы метрге дейін әрі тұруға тиіс;
- жағажайлар мен жаппай демалыс орындары жергілікті атқарушы органдары белгіленген қашықтықта, бірақ ағынды сулар құлайтын орыннан 500 метрдей биіктікте және портты қондырғылардан, айлақтық құрылыстардан, кеме айлақтарынан, паромды өткелдерден және мұнай өнімдерін сақтау 1000 метрден төменірек емес орналасуға тиіс, жағажайға түсу жайпақ болуы керек;
- суға шомылу үшін бөлінген су объектісі бөлігінде жерасты сулары төмен температурада иірімді жөне шұңқырлы болмауы керек, бұл орындарда ағын жылдамдығы 0,5 м/с аспауға тиіс, ал жоғары жылдамдық болған жағдайда оны баяулату үшін қосалқы жабдықтар орнатылуы қажет;
- судың сапасы судың құрамы мен өзіндік ерекшеліктеріне, су объектілерінің суды пайдаланудағы мәдени-тұрмыстық пункттеріне қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес болуы керек.

2.2. Суға шомылатын орындарда жүзіп бару шекаралары бір-бірінен 25-30 метр қашықтықта орналасқан қызғылт-сары қалқымалармен белгіленеді, және ол терендігі 1,3 метрден астам жерден 25 метрдей әрі болуы керек. Жүзіп бару шекарасы кеме жүрісінің аймағына енбеуі қажет.

2.3. Суға шомылатын орындағы әрбір жағажайда малту білмейтіндер және терендігі 1,2 метрден аспайтын жерлерде балаларды малтуға үйрету үшін суат аймағында учаскелер жабдықталуға тиіс. Аталған учаскелер тростарға бекітілген қалтқылар линиясымен белгіленеді немесе арнайы дуалмен қоршалады.

2.4. Шомылуға тиым салынған, соның ішінде бактериологиялық немесе химиялық ластанған орындарда «Шомылуға тиым салынады» деген белгі орнатылады.

Шомылуға тиым салынған, соның ішінде бактериологиялық немесе химиялық ластанған орындарда «Шомылуға тиым салынады» тиым белгілерін орнатпаған жағдайда азаматтарға айып салынады.

2.5. Су маңайындағы жағажайлар мен демалыс орындары радиоландыруы керек, мүмкіндігіне қарай телефон және радио байланысы болғаны жөн.

2.6. Су маңайындағы жаппай демалатын орындарда спирттік ішімдіктер сатуға қатаң тиым салынады.

Жаппай демалатын орындарда спирттік ішімдіктерді сатқан жағдайда азаматтарға айып салынады.

2.7. Ұйымдасқан түрде шомылатын орындарда, жағалауда, әрбір 50 метр сайын және судан 5 метрден алыс емес жерде, құтқару шеңберлері және басқа да құтқару құралдары ілінген щиттер қойылады. Шеңберлерде «Батып бара жатқанға лақтыр» (шеңбердің бір жақ бетінде) және жағажайдың аты (шеңбердің екінші жақ бетінде) жазылуға тиіс.

2.8. Су маңындағы жағажайларда және жаппай демалыс орындарында алғашқы медициналық жәрдем көрсету үшін тұрақты кезекші персонал бар орындар міндетті түрде жабдықталады.

Алғашқы медициналық жәрдем пункті суда тосын жағдайға ұшырағандарға және жарақат алғандарға көмек көрсету үшін қажетті құрал-жабдықтармен және медикаменттермен қамтамасыз етілуі керек.

2.9. Жаппай шомылатын орындарда, жағажайларда, демалыс базаларында, және жүзу бассейндерінде көрнекі жерлерде судағы тосын оқиғалардың алдын алу жөніндегі материалдар бар стенділер жабдықталып, орналастырылады.

Қалқымаларды, стенділер мен белгілерді уақытылы қоюға суаттардың, жағажайлардың, демалыс базаларының иелері жауап береді және осының бәрі солардың есебінен жүргізіледі.

2.10. Әрбір жағажайда, оның жұмыс уақытында тәртіпті қадағалау үшін жағажай әкімшілігінің өкілі болуға тиіс. 12 жасқа дейінгі балалар жағажайға тек ересектердің алып жүруімен және олардың бақылауымен жіберіледі.

2.11. Шомылуға бөлінген және ағыны 500 метрден жоғары орындарда кір жууға, жануарларды шомылдыруға тиым салынады.

2.12. Суда жүзушілерге қатаң тиым салынады:

- қалқымадан және қоршау белгілерінен әрі малтуға;
- моторлы, желкенді және өздігінен жүрмейтін кемелерге, ескекті қайықтарға, баржыларға, салдарға, басқа жүзу құралдарына жақындап жүзіп баруға;
- мас күйінде суға секіруге және шомылуға;
- тақтада, бөренеде, жатақта, автомашина камераларында, доп үстінде, тағы басқаларында жатып жүзуге;
- сүңгуге және шомылып жүргендерді ұстауға байланысты су ойындарын ойнауға;
- жағажайға иттерді және басқа да жануарларды әкелуге;
- суаттарды ластауға және былықтыруға;
- жағада қағаз қалдықтарын, банкілерді, әйнек сынықтарын, тағы басқа күл-қоқыстарды қалдыруға.
Қойылған талаптарды орындамағандықтары үшін азаматтарға айып салынады.

2.13. Жүзуді үйрету жөніндегі сабақтар тек арнайы бөлінген орындарда жүргізілуге тиіс. Адамдардың судағы хауіпсіздігін ұйымдастыруға оқытуды немесе жаттығуды жүргізетін оқытушы/нұсқаушы, жаттықтырушы, тәрбиеші/жауап береді.

2.14. Топтасып жүзуді үйрету кезінде бір мезгілде оқитындардың саны 10 адамнан аспауы керек. Осы топқа оқытушыдан басқа кезекші құтқарушы мен медициналық қызметкер үзбей бақылау жасауға тиіс.

2.15. Спорттың су түрлерімен айналысатын барлық адамдардың жапа шеккендерді құтқару және дәрігер келгенге дейінгі көмекті көрсету әдістерін білулері қажет.

2.16. Биіктігі 3 метр және одан жоғарыдан суға секіру үшін мұнара платформасына көтерілу нұсқаушылардың (жаттықтырушылардың) рұқсатымен және олардың қатысуымен ғана жүргізілерді.

2.17. Жыл сайын суға түсу маусымы басталар алдында, ал соңынан айына бір рет, адамдардың шомылуына бөлінген суат түбін сүңгірулер қарап, бөгде заттардан тазартылуы қажет. Бұл жұмыстарды бақылауды және тазалауды ұйымдастыру осы жағажай немесе суат өзіне бекітілген кәсіпорындар мен ұйымдардың міндетіне жатады.
Сүңгуірлердің суаттарды тексеруі және тазалауы Төтенше оқиғалар жөніндегі Агенттіктің Орталық судан құтқару қызметінің облыстық (қалалық) бөлімшелерімен жасалған келісімдерге сәйкес жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін заказ берушіге жағажай төлқұжаты тапсырылады.
Жағажайға тиісті құжаттар болмаған жағдайда ол тексерілмеген, адам өмірі мен денсаулығына хауіпті деп есептеліп, оны пайдалануға рұқсат етілмейді.
Осы талаптар орындалмаған жағдайда лауазымды адамдарға айып салынады.

3. БАЛАЛАРДЫҢ СУДАҒЫ ХАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ.

3.1. Балалардың судағы хауіпсіздігі жергілікті атқарушы органдар арқылы қамтамасыз етіледі және ескерту-түсінік шараларын, соның ішінде мыналарды өткізгенде қол жеткізіледі:

- суға шомылатын орынды дұрыс таңдау;
- балаларды жүзуге үйретуге арналған жағажайлар мен айлақ учаскелерін жабдықтау;
- ведомстволық постылар мен медициналық пункттер ашу;
- судағы тәртіп ережелері туралы түсінік жұмыстарын жүйелі жүргізу және су объектілерін пайдаланудағы сақтық шараларын сақтау;

3.2. Мектеп лагерінің жағажайында балалар мекемесінің шомылу орнында 9 жасқа дейінгі балаларды тереңдігі 0,7 метрден аспайтын, сондай-ақ жүзу білмейтін 9-11 жас аралығындағы және одан ересек балаларды жүзуге және малтуға үйрету үшін суат учаскелері жабдықталуға тиіс.

9 жасқа дейінгі балалардың суға түсетін учаскелері биіктігі 80 см кем емес судан жоғары қоршаумен қоршалуға, ал одан ересек жастағы балалар үшін троска бекітілген қалқымалар линиясы тартылуға тиіс.
Терендігі 2 м дейінгі орынарда жақсы малти білетін, 12 жастан асқан балаларға рұқсат етіледі. Бұл тереңдіктер бір-бірінен 25-30 м қашықтықта орналасқан қажымалармен қоршалады.

3.3. Мектеп лагерінің, балалар мекемесінің жағажайы белгіленген санитарлық талаптарға жауап беруге тиіс, оның маңайы көркейтіліп, сырт жақтан қоршалуы, көлеңкелі қалқасы болуы керек.

3.4. Балалар жағажайын ашуға судан құтқару қызметі өкілдерінің қатысуымен оны жергілікті әкімшіліктің арнайы құрған комиссиясының тексерісінен кейін ғана рұқсат етіледі. Тексеріс туралы арнайы акт жасалады.

Арнайы актісіз балалар жағажайын ашқан жағдайда лауазымды адамдарға айып салынады.

3.5. Суға түсу кезіндегі балалардың хауіпсіздігі үшін жауапкершілік жүзу жөніндегі нұсқаушыға жүктеледі.

3.6. Құрамында 10 адам бар балалардың суда шомылуына жүзе білетін әрі 10 минуттай уақытқа ғана ересектер тарапынан бақылау жасалғанда рұқсат етіледі.

3.7. Жүзе білмейтін балалар жүзе білетін балалардан бөлек шомылуға тиіс. Мұндай балалардың суға малтуын балалар лагерінің немесе мекемесінің басшысы ұйымдастырып, бақылау жасайды.

3.8. Суда малту медициналық қызметкер мен жүзе білетін және суда қолайсыз жайға ұшырағандарға көмек көрсете алатын адамдардың бақылаумен ұйымдастырылып өткізіледі. Методикалық басшылықты жүзуді үйрету жөніндегі нұсқаушы жүзеге асырады.

3.9. Малту жөніндегі сабақтарды өткізудің қолайлылығы үшін жағада суатқа барып тірелетін тиісті алаң жабдықталып, қоршалады.

3.10. Балалар суда шомылып жатқан уақытта жағажай территориясында басқа адамдардың шомылуына және болуына қайықтар мен катерлерде серуендеуіне, спорттық ойындар мен шаралар өткізуге тиым салынады.

3.11. Жорықтар, серуендер мен экскурсиялар кезінде балалардың шомылуы үшін қададан, тырбиған ағаштан, қия тастан, балдырдан және лайдан тазартылған аса терең емес орын таңдап алынады. Суға түсетін орындарды тексеруді жүзе, сүңги білетін, құтқару әдістерін және алғашқы көмек көрсетуді меңгерген ересек адамдар жүргізеді.
Суға түсетін орындардың шекаралары қалқымалармен, қадалармен,сырғауылдармен және басқа да қосалқы заттармен белгіленеді.
Суға шомылу барлық сақтық шараларын сақтау арқылы ересектердің бақылауымен өткізіледі.

3.12. Қайықтар мен катерлерде серуендеу ересектердің басшылығымен жүргізіледі. Ал катерлер мен моторлы қайықтарды жүргізуге жүзу құралдарын дербес басқаруға арнайы құқы бар адамдар ғана жіберіледі.

Осы талаптарды бұрмалаған азаматтарға айып салынады.

3.13. Тиым салынады:

- Белгіленген нормадан тысқары катерлерге, қайықтарға жүк салуға;
- жасы 7-ге жетпеген балаларды ересектерсіз серуендетуге;
- қайықтан суға секіруге және шомылуға;
- қозғалыс кезінде катерлер мен қайықтардың жиегінде отыруға, бір орыннан екінші орынға ауысуға және біреуінен екіншісіне ауысысып отыруға;
Катерлер мен қайықтар жарамды болуға тиіс, оларда құтқару құралдарының толық комплекті, басқа да жабдықтар мен құралдар болуы керек.

3.14. Қараңғылық түсісімен жағажай әкімшілігі суат жағасын тексеру үшін патруль (кезекші, жауапты адам) бөлуге міндетті.

4. СУ ӨТКЕЛДЕРІН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ХАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ.

4.1. Судан өтуді ұйымдастыруға жергілікті әкімшілік рұқсат береді, ол судан өту тәртібін, уақыты мен жұмыс сағатын белгілейді.

4.2. Айлақ, паром және тасымалдау катері құтқару құралдарымен жарақталуға тиіс. Тәуліктің қараңғы уақытында оларда сигнал оттары жануы керек.

Айлақты, паромды, тасымалдау катерін жарақтау және жарықтандыру ережелерін бұрмалағандығы үшін лауазымды адамдарға айып салынады.

4.3. Әрбір өткелдің айлағында суға батқанда алғашқы көмек көрсетуді білетін кезекші және құтқару құралдары бар (құтқару шеңбері, т.б.) құтқару шлюпкалары (қайық) болуға тиіс.

Осы талаптарды сақтамағандығы үшін лауазымды адардарға айып салынады.

4.4. Өткел айлағына мықты таяныштар салынады. Оған түсу жайпақ болуы керек.

4.5. Жолаушылар мен машиналарды отырғызу, сондай-ақ түсіру үшін айлаққа өтуге өткел әкімшілігі рұқсат береді.

4.6. Өткел айлақтарында (өзеннің екі жағында) көрнекі жерлерге өткелдің кімдікі және жауапты адамдар кімдер екендігі, жұмыс уақыты мен тәртібі көрсеткіш хабарламалар ілініп қойылуы керек.

Белгіленге ережелерді сақтамағандығы үшін лауазымды адамдарға айып салынады.

4.7. Тиым салынады:

- паромдарға, моторлы және ескекті қайықтарға жүзіп баруға;
- айлақтардан, паромдардан, катерлерден, қайықтардан, шлюпкалардан суға секіруге;
- паромдарға, катерлерге, шлюпкаларға, қайықтарға артық жүк салуға;
- катерлер мен қайықтарда жүру ережелерін бұрмалауға;
- мас күйінде жүзу құралдарын басқаруға;
- паромның және тасымалдау катерінің қозғалысы уақытында жолаушыларды бір орыннан екінші орынға ауыстаруға;
- жолаушыларды құтқару құралдарынсыз тасымалдауға.
Көрсетілген талаптарды орындамағандықтары үшін азаматтарға айып салынады

5. МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ӨТКЕЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУДАҒЬІ ХАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ.

5.1. Қыстың басында және аяғында мұз арқылы өтудің ашылу және жабылу уақытын, сондай-ақ оның тәулік ішіндегі жұмыс тәртібін жергілікті әкімшілік тағайындаған арнайы комиссия белгілейді. Оның құрамында өткізуге жауапты ұйымдар әкімшіліктерінің гидрометерологиялық қызметтің, ішкі істер органдарының, су-құтқару қызметінің және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері болады.

5.2. Адамдар мен жүктерді өзендер мен суаттар арқылы тасымалдаумен айналысатын ұйымдар, мұз қатқан уақытта мұз арқылы жаяу және автокөліктерді өткізу үшін қажетті құтқару жабдықтары мен құралдары бар ведомстволық құтқару постыларын құрады.

Көрсетілген талаптарды орындамағандықтары үшін лауазымды адамдарға айып салынады.

5.3. Өткелдер үшін бөлінген орындар мына шарттарды қанағаттандыруға тиіс:

- өткелдерге апаратын жолдар мен ылдилар таза болуы керек;
- мұз өткелдері орналасқан орындарда оның екі жағынан да 20 м қашықтықта мұз сеңінің сіресуіне және судың аса жоғары көтерілуіне жол бермеуі қажет;
- мұз өткелдің өн бойында қалыңдығы бірдей әрі берік болуға тиіс;
- өткел ауданында (одан оң жағынан да, сол жағынан да 100 м әріректе) жылы және жерасты сулары (бұлақ сулары), сондай-ақ мұз ою үшін шұқанақ, ойық, және алаң болмауға тиіс;
- автокөлік өткелдерінің трассасы тек бір жақты қозғалыста болуы керек, ал қарсы бағыттығы қозғалыс үшін біріншіге параллель 40-50 м әріректе дербес трасса салынады.

5.4. Өткелдерде кәсіпкерлік балық аулау үшін торлар қоюға, балық аулау және басқа мақсаттар үшін шұңқырлар қазуға қатаң тиым салынады, белгіленбеген және күзет қойылмаған орындарда өтуге және жүруге рұқсат етілмейді.

Өткелдердегі ережелерді сақтамаған азаматтарға және лауазымды адамдарға айып салынады.

5.5. Көлік қозғалысының тәртібін, жүк және жолаушылар тасымалдау нормасын гидрометерологиялық қызметтің мұз жөніндегі болжамдарын және мұзға түсетін салмақтың кестесін есепке ала отырып, өткел әкімшілігі белгілейді.

5.6. Өткелдерді жабдықтау және ұстау:

- өткел үшін бөлінген орын шекарасы бір-бірінен 25-30 метр қашықтықта орналасқан қадалармен белгіленеді.
Қадаларға қызыл жалаушалар, сыпырғыштар немесе бір буда шөп бекітіледі;
- өткелдегі хауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен теңізші-құтқарушылармен толықтырылған, мұздағы апатқа ұшырағандарға көмек көрсету әдістерін меңгерген ведомстолық құтқару постысы қойылады;
- өткелде тәулік бойы кезекшілер болуға тиіс;
- өткелге тақай берісте арнайы щит қойылады, онда көліктің түрлері, аталмыш өткелден өтуге құқы, қанша жүк көтеретіндігі, қозғалыс интервалдары мен жылдамдығы, мұзда жүру ережелері туралы хабарламалар ілініп, сондай-ақ көлікті басып озуға және тоқтауға тиым салатын белгілер қойылады;
- жағадан өткелге кірер түс және өткелдің өзі жақсы жарықтандырылуы керек;
- қозғалысқа хауіпті орындарда, әсіресе шұқанақты, шұңқырлы жерлері бар елді мекендер көрнекі жерлерғе / «Мұзда өтуге болады» және «Мұздан өтуге тиым салынады» деген ескерту белгілері қойылуға тиіс;
- өткелге түсер тұстағы суаттардың қос жағалауында құтқару шеңберлері, арқан, құтқару басқыштары және тақталар ілінген щиттер қойылады. Әрбір щитке «Батып бара жатқан адамға бер» деген жазу жазылуы керек. Щиттің жанында ұзындығы 5-6 метрлік және диаметрі 10-12 см бөрене болуға тиіс, ол мұз жарылғанда көмек көрсетуге арналады;
- күн сайын ертеңгілік және кешкілік, ал күн жылығанда күндізде мұздың қалыңдығы және оның трасса бойы құрылымы әсіресе суаттың ағу жылдамдығы жоғары және терең болған жағдайда өлшеніп отырылуы керек;
- мұздың жылып кетпеуі және оның жүкті көтеруі кеміп кетпеуі үшін мұз трассасының кіре беріс бөлігі қардан тазартылып, ал кіре беріс жолға мезгіл-мезгіл құм мен қиыршық тас төселуі қажет.
Өткелдерді жабдықтау және ұстау ережелерін сақтамағандықтары үшін лауазымды адамдарға айып салынады.

5.7. Көктемгі кезеңде немесе күн күрт жылып кеткенде ауыр жүктерді суаттар арқылы түнгі және таңертеңгі қатқақ уақытта өткізу керек. Өткел арқылы өткізілетін жүктің мөлшерін екі еседей кемітуге кеңес беріледі.

Мұз арқылы жүк тасымалдау қар жіби бастаған немесе мұз шеті көп сулана бастаған шақта 4-5 күннен тоқтатылады. Мұздың беріктігін күшейту үшін тақтайларды немесе басқа материалдарды пайдалануға қатаң тиым салынады.
Мұз өткелін уақытша немесе тұрақты жапқан көрнекі жерге мұзға кіруге болмайды деген тиым белгілері қойылады.

6. ОЙЫН АЛАНДАРЫНЫҢ ЖӘНЕ МҰЗ АЙДЫНДАРЫНЫҢ ЖАБДЫҚТАЛУЫ.

6.1. Мұз айдындарын және мұздағы ойын алаңдарын жабдықтау үшін қатып қалған суаттарда тереңдігі 100-120 см аспайтын орындарды таңдайды. Мұз айдынының (ойын алаңының) барлық аумағындағы мұздың 25 см кем болмауға тиіс.

6.2. Мұз айдынының маңайы қадалармен қоршалады. Мұз айдынының маңайына құтқару құралдары бар (арқан, тақтай, басқыш, т.б.) щит қойылады.

6.3. Мұүз айдынында тұрақты кезекшілік ұйымдастырылады.

6.4. Мұз айдындары мен ойын алаңдарын жабдықтауға тиым салынады:

- өнеркәсіп орындарының ағынды суларының құйылар тұсында;
- ағыны қатты орындарда;
- қамыс, құрақ, т.б. заттар қатып қалған учаскелерде;
- мұз астынан балық аулайтын, мұзын ойып алатын суаттар учаскелерінде;
- ойықтың, бұлақтың, шұқанақтың жанында;
- көпірдің астында, бұрылыстарда және тар орындарда.

7. МҰЗДАҒЫ ЖАЛПЫ ХАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ.

7.1. Қатып қалған суаттардан тек арнайы мұз өткелдері жабдықталған (жаяу жүргіншілер мен автокөлік үшін) орындарға ғана өтуге болады

Ондай өткелдер жоқ орындарда, мұз арқылы қозғалу үшін ең алдымен оның беріктігіне көз жеткізіп алу керек. Мұздың беріктігін 2-3 рет қатты соққыдан кейін ғана білуге болады.
Мұздың тереңдігін аяқпен мұзға тебу арқылы тексеруге қатаң тиым салынады.

7.2. Берік емес мұз үстімен өтуге, жарыққа жақындауға, жағалаудан жұқа мұзға шаңғымен, шанамен және конькиймен сырғанап баруға тиым салынады. Мұз көшкіні кезінде мұз үстінде сырғанақ тебуге немесе сынған мұздан секіріп өтуге, сондай-ақ мұзға таныс емес орындардан, әсіресе ойық жерлерден өтуге болмайды.

7.3. Тиым салынған және хауіпті орындарда мұз арқылы өзеннен (суаттан) өтуге рұқсат етілмейді, сақтандыру щиттерін аса ұқыптылықпен қараған жөн.

Су (қар) жіби бастасымен мұзда жүруге қатаң тиым салынады.

8. ЖҮЗУ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАЛҒА БЕРЕТІН СТАНЦИЯЛАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ, ҰСТАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

8.1. Жүзу құралдарын жалға беретін станцияларды (пункттерді) орналастыру және іске қосу жергілікті әкімшіліктің Төтенше окиғалар жөніндегі Орталық судан құтқару Агенттігінің және Мемлекеттік санитарлық бақылау (қадағалау) органдарымен алдын-ала келісіміне сәйкес рұқсатымен жүргізіледі.

Жалға беретін станцияларды (пункттерді) арнайы рұқсатсыз орналастырғанда және іске қосқанда лауазымды адамдарға айып салынады.

8.2. Қайық өткелі құтқару шеңберлерімен (бір шеңбер өткел линиясының 10 м) басқа да құтқару құралдарымен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуға тиіс.

8.3. Пункттің су айлағы жүзіп жүрген белгілермен белгіленуі керек, жалға беретін жүзу құралдарының одан тысқары шығуына тиым салынады.

8.4. Жалға беретін әрбір станцияда құтқару постысы құрылады, онда құтқару жабдықтары мен құтқарушы-жасақшылар, сондай-ақ радиоқабылдағыш қондырғысы бар кезекші қайық болады.

8.5. Жалға берілген кемелер міндетті түрде жұмыс істеп тұрган болуы керек, оларда ескек тұтқа мен ескек комплектілері, су алатын қауға және құтқару жабдықтары болуға тиіс.

8.6. Жалға беретін станциялардың кассалары мен демалушылардың орындықтары жағалауда болуы керек. Қайыққа отырғызу және түсіру оларды күту орындарынан алшақ болады. Отырғызу және түсіру жалға беретін станция құтқарушысы-жасақшысы бақылауымен жүргізіледі.

9. ЖЕР ҚАЗУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ХАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ШАРАЛАР.

9.1. Өзендердің, көлдердің және басқа да су объектілерінің жағалауларына жақын маңда, әсіресе адамдардың жаппай шомылатын орындарында жер қазу жұмыстарын жүргізу жергілікті әкімшіліктің тиісті теңіз флотының бөлімшелерімен, облыстық судан құтқару қоғамымен және басқа мүдделі ұйымдармен келісімге сәйкес жүргізіледі.

9.2. Су толы шұңқырлар маңында адамдар хауіпсіздігін қамтамасыз ету жер қазу жұмыстарын жүргізіп жатқан ұйым басшысына жұмыс аяқталғанға дейін жүктеледі.

9.3. Суға толы шұңқырлар маңында жер қазу жұмыстарып аяқтағаннан кейін ол жағалаудан бері қарай 1,7 м тереңдікке дейін тегістеледі.

Халықтың жаппай демалыс орындарындағы шағын шұңқырлар жер қазу жұмыстарын жүргізген кәсіпорындар мен ұйымдар арқылы тегістеледі.

10. СУДАҒЫ ХАУІПСІЗДІК БЕЛГІЛЕРІН ЖАЗУ.

10.1. Судағы хауіпсіздік белгілері су объектілерінің жағалауларында азаматтардың суда болғанда және суға түскенде хауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен қойылады.

10.2. Белгілердің жан-жағы ең кемі 50-60 см размерлі тікбұрышты түрлері бар және олар ағаш тақтайлардан, қалың фанерден, металл қалыпшалардан (беттерден) немесе басқа да мықты материалдан жасалады.

Белгілер көрнекі орындарға қойылады және жерге қазылған бөренелерге (ағаш, металл, темірбетон, т.б.) бекітіледі. Столбылардың (бөренелердің) жерден биіктігі 2,5 м кем болмауы керек.

10.3. Белгілердегі жазулар қара немесе ақ бояумен жазылады.

10.4. Судағы хауіпсіздік белгілерінің сипаттамасы.

рет
№№
Белгідегі жазу
Белгінің жалпы көрінісі
1.
Шомылуға арналған орын (метрмен шекаралары қөрсетілген)
Жасыл рамкада. Жазу жоғарыда. Төменде жүзіп бара жатқан адам бейнесі бейнеленген. Белгі ақ столбыға бекітіледі
2.
Балалардың шомылуына арналған орын (метрмен шекаралары көрсетілген)
Жасыл рамкада. Жазу жоғарыда. Төменде суда түрған екі баланың бейнесі бейнеленген. Белгі ақ столбыға бекітіледі.
3.
Жануарлар шомылуға арналған орын (метрмен шекарлары көрсетілген)
Жасыл рамкада. Жазу жоғарыда. Төменде жүзіп бара жатқан ит бейнеленген. Белгі ақ столбыға бекітіледі.
4.
Шомылуға тиым салынады (метрмен шекаралары көрсетілген)
Қызыл рамкада. Жазу жоғарыда. Төменде жүзіп бара жатқан адам бейнеленген. Бейне жоғарғы сол жақ бұрыштан диагонал бойынша қызыл сызықпен сызылған. Белгі қызыл столбыға бекітіледі.
5.
Сүңгуге болмайды.
Қызыл рамкада. Жазу жоғарыда. Төменде сүңгіп бара жатқан адам бейнеленген. Бейне жоғарғы сол жақ бұрыштан диагонал бойьшша қызыл сызықпен сызылған. Белгі қызыл столбыға (баганаға) бекітіледі.
6.
Жүзу құралдарының қозғалысына тиым салынады.
Қызыл рамкада. Жазу жоғарыда, төменде аспалы моторлы шағын кеме бейнеленген. Бейне жоғарғы сол жақ бұрыштан диагонал бойынша қызыл сызықпен сызылған. Белгі қалқымалы. Жағажай айлағында қоршау қадалармен бірге қойылады.
7.
Мұзбен өтуге рұқсат етіледі.
Түгелдей жасыл бояумен боялған. Ортадағы жазу ақ. Белгі ақ бағанаға бекітіледі.
8.
Мұз үстінен өтуге тиым салынады.
Түгелдей қызыл бояумен боялған. Ортадағы жазу ақ. Белгі қызыл бағанаға бекітіледі.

11. АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ СЫРТҚЫ СУАТТАРЫНДА АДАМДАРДЫҢ ӨМІРІН ҚОРҒАУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰРМАЛАҒАНДЫҚ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК.

11.1. Осы Ережені бұрмалағандығы үшін тәртіптік, материалдық және әкімшілік жауапкершілік белгіленеді.

11.2. Осы Ереженің талаптарын орындауға бақылау жасау жергілікті әкімшілік және облыстық судан құтқару органдарына жүктеледі.

11.3. Ақмола облысының суаттарында адамдардың өмірін қорғау Ережелерінің орындалуына бақылау жасау жөніндегі өкілдіктерді жүзеге асыру үшін Төтенше оқиғалар жөніндегі облыстық судан құтқару Агенттігі қызметкерлерінің мынадай құқықтары бар:

- меншіктің барлық түріндегі ұйымдарға судағы хауіпсіздік талаптарын бұрмалау фактілері және нормативті-құқықтық және нормативті-техникалық актілерді сақтау жөніндегі шаралар міндетті орындау үшін ұйғарымдар жіберуге;
- келісім негізінде жаппай пайдаланылатын су объектілерін, судағы қозғалыстағы өткел құралдарын техникалык куәландыруды жүргізуге, оларды пайдалануға тиым салуға, белгіленген тәртіпте судағы хауіпсіздік ережелерін бұрмалаған жағдайда азаматтарға, меншіктің барлық түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындарға әкімшілік ықпал шараларын қолдануға,
- судағы төтенше оқиғалардың алдын алуға бағытталған шараларды жасауда және орындауда ведомстволық станциялар мен постылардың меншіктің барлық түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметіне бақылауды жүзеге асыруға;
- барлық шағын кемелерді дауыл болар алдында және жүзу үшін бөлінген аудан шекарасынан асып кеткен жағдайда жағалаулар мен пристаньдарға қайтаруға немесе спортшылардың жаттығуға катерлердің немесе моторлы қайықтардың еруінсіз шығуына жол бермеуге.

11.4. Судағы хауіпсіздік шаралары туралы құтқару қызметі өкілдерінің нұсқаулары жағажайлар, демалыс базалары, жүзу бассейндері мен басқа су объектілері әкімшіліктері, оларды пайдаланатын барлық азаматтар, шағын кемелердің жүргізушілері, сондай-ақ меншік түріне қарамастан заңды тұлғалар, кәсіпкерлікпен және заңды тұлға білімінсіз басқа қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшін міндетті болып саналады.