Құжат мәтініне өту

О ликвидации товарищества с ограниченной ответственностью "Межотраслевой научно-технологический центр "Машиностроение"

Қаулы · № 1313 · қабылданған 15.10.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68066/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О ликвидации товарищества с ограниченной ответственностью "Межотраслевой научно-технологический центр "Машиностроение" Қолданыста Қаулы ·№ 1313 ·15.10.2012
28.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ликвидации товарищества с ограниченной ответственностью "Межотраслевой научно-технологический центр "Машиностроение"

Қолданыста Қаулы ·№ 1313 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ликвидации товарищества с ограниченной ответственностью "Межотраслевой научно-технологический центр "Машиностроение"
Атауы (қаз.)
"Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарату туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1313
Қабылданған күні
15.10.2012
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI68066_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001313
ЭКБ идентификаторы
68066
Редакция идентификаторы
AI68066_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:09

0 "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарату туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таратылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

4 4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 15 қазандағы
№ 1313 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікке қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлімдегі:
реттік нөмірі 123-114-жол алынып тасталсын.

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне» деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 291-1-жол алынып тасталсын.

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбiр шешiмдерінің тiзбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 15 қазандағы
№ 1313 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбiр шешiмдерінің тiзбесі

1 1. «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығын және Машина жасауды болжау жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қаңтардағы № 2 қаулысы.

2 2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 20 мамырдағы № 457 қаулысы.

3

3. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 25 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 1, 14-құжат).

4

4. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 7 мамырдағы № 429 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 229-құжат).

Қолданыстағы