Кіру
Құжат мәтініне өту

О ликвидации товарищества с ограниченной ответственностью "Межотраслевой научно-технологический центр "Машиностроение"

Қаулы · № 1313 · қабылданған 15.10.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68066/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О ликвидации товарищества с ограниченной ответственностью "Межотраслевой научно-технологический центр "Машиностроение" Қолданыста Қаулы ·№ 1313 ·15.10.2012
28.08.2015 редакциясы
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ликвидации товарищества с ограниченной ответственностью "Межотраслевой научно-технологический центр "Машиностроение"

Қолданыста Қаулы ·№ 1313 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ликвидации товарищества с ограниченной ответственностью "Межотраслевой научно-технологический центр "Машиностроение"
Атауы (қаз.)
"Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарату туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1313
Қабылданған күні
15.10.2012
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI68066_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001313
ЭКБ идентификаторы
68066
Редакция идентификаторы
AI68066_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:09

0 "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарату туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таратылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 15 қазандағы
№ 1313 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікке қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлімдегі:
реттік нөмірі 123-114-жол алынып тасталсын.

2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне» деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 291-1-жол алынып тасталсын.

3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбiр шешiмдерінің тiзбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 15 қазандағы
№ 1313 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбiр шешiмдерінің тiзбесі

1. «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығын және Машина жасауды болжау жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қаңтардағы № 2 қаулысы.

2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 20 мамырдағы № 457 қаулысы.

3. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 25 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 1, 14-құжат).

4. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 7 мамырдағы № 429 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 229-құжат).

Қолданыстағы