Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска для субъектов, не относящихся к сфере частного предпринимательства в области связи

Бұйрық · № 586 · қабылданған 12.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68111/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска для субъектов, не относящихся к сфере частного предпринимательства в области связи Күшін жойған Бұйрық ·№ 586 ·12.09.2012
27.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени риска для субъектов, не относящихся к сфере частного предпринимательства в области связи

Күшін жойған Бұйрық ·№ 586 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска для субъектов, не относящихся к сфере частного предпринимательства в области связи
Атауы (қаз.)
Байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
586
Қабылданған күні
12.09.2012
Көрсетілген редакция
27.07.2015 AI68111_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007975
ЭКБ идентификаторы
68111
Редакция идентификаторы
AI68111_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:22

0 Байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3-тармағына, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (P.P. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі.

7 Байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 586 бұйрығына
қосымша
Байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері

1

1. Осы байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) тексерілетін субъектілерді белгілі бір тәуекел топқа жатқызу мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы және «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.

2 2. Осы Критерийлер тәуекелдіктердің сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығын анықтайды, олардың негізінде субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежелеріне жатқызылуы жүзеге асырылады.

3 3. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) тәуекел - жеке және заңды тұлғалардың және мемлекеттің, қоғамның заңды мүдделеріне, оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, Субъектілердің қызметінің нәтижесінде зиян келтіру ықтималдығы, атап айтқанда:

радиожиілік спектрдің ақылы шектелген ресурстың бақылаусыз қолданылуы мемлекеттік бюджетке міндетті төлемдердің түспеуіне әкелуі мүмкін;
радиожиілік спектрді рұқсат ететін құжаттарсыз қолданылуы радиокедергілердің туындауына және оның заңды иелерімен пайдалану мүмкіндігінің болмауына әкелуі мүмкін;

2 2) тексеру субъектілері - ведомстволық телекоммуникация желілерінің, жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын жеке коммутациялық жабдықтың иелері, радиожиілік спектрін пайдаланушылары болып табылатын радиоэлектрондық құралдар иелері;

3 3) субъективті критерийлері - тексерілетін субъектілердің белгіленген талаптарды бұзуына байланысты анықталады.

4 4. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне қарай жоғары, орташа немесе төменгі тәуекел топтарына жатқызылады.

5 5. Алғашқыда тексеру субъектілері тәуекелдің төменгі дәрежесіне жатады.

6 6. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына кейінгі жатқызуы өрескел, едәуір және елеусіз бұзушылықтар жататын субъективті белгілерді есепке алып жүзеге асырылады.

7 7. Өрескел бұзушылыққа:

1 1) радиожиілік спектрін тиісті құжатсыз қолдану;

2 2) байланыс саласындағы уәкілетті органның нөмірлер ресурстарын бөлу туралы тиісті шешімінсіз қолдану жатады.

8 8. Едәуір бұзушылықтарға:

1 1) сертификатталмаған жабдықтарды қолдану;

2 2) пайдалануға рұқсатсыз радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану;

3

3) «Трафикті өткізу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1694 қаулысымен бекітілген, Трафикті өткізу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларының талаптарын бұзу;

4 4) радиожиілік спектрді қолдануға рұқсаттың жарамдылық мерзімдерін ұзартпау;

5 5) Радиожиілік спектрін қолдану және радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылардың пайдалану рұқсаттарындағы белгіленген деректеріне радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылардың пайдалану-техникалық сипаттамаларының сәйкес болмауы жатады.

9 9. Елеусіз бұзушылыққа: радиоэлектрондық құрал мен жоғары жиілікті құрылғыны пайдалануға рұқсаттың жарамдылық мерзімдерін ұзартпауы жатады.

10 10. Жоспарлы тексерулерді жүзеге асыру үшін байланыс саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежелер топтары бойынша бөлу және дәрежесін анықтау жыл сайын жүзеге асырылатын болады.

11 11. Байланыс саласындағы тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша бөлу алдыңғы (өткен жылғы) тексерудің нәтижелері бойынша талдау негізінде жүзеге асырылатын болады.

12 12. Тәуекелдік дәрежесінің елеусіз тобына кіретін бақылау субъектілері, тексеру кезеңі ішінде бір немесе едәуір өрескел немесе екі немесе одан да едәуір бұзушылықтарды жасаған кезде жоғары тәуекелдік дәрежесіне ауысады.

13 13. Тәуекелдік дәрежесінің орта тобына кіретін бақылау субъектілері, тексеру кезеңі ішінде бір өрескел немесе екі едәуір бұзушылықтарды жасаған кезде жоғары тәуекелдік дәрежесіне ауысады.

14 14. Соңғы жоспарлы тексеріспен бұзушылықтар айқындалмаған кезде, субъектілері тәуекелдік дәрежесінің елеусіз тобына ауысады.

15 15. Тәуекелдіктің жоғары немесе орта тобы субъектілері байланыс саласындағы заңнама нормаларының талаптарын сақтауына байланысты бір топтан басқа топқа ауысатын болады және, тиісінше, олардың тексеріс кезеңдігі өзгеретін болады.

16 16. Тәуекелдік дәрежесінің бірінің ішінде субъектілердің іріктелуі байланыс саласындағы уәкілеттік органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен келесі ретте жүзеге асырылады:

1 1) аса көп тексерілмеген кезең (тексерілмеген кезеңді анықтаған кезде жоспардан тыс тақырыптық тексерістер есепке алынбайды);

2 2) өткен жылдың анықталған бұзушылықтардың ауыртпалық дәрежесі;

3 3) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мөлшерлерінің аса көп болуы.

Қолданыстағы