Об утверждении критериев оценки степени риска для субъектов, не относящихся к сфере частного предпринимательства в области связи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении критериев оценки степени риска для субъектов, не относящихся к сфере частного предпринимательства в области связи
- Атауы (қаз.)
- Байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 586
- Қабылданған күні
- 12.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 27.07.2015 AI68111_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007975
- ЭКБ идентификаторы
- 68111
- Редакция идентификаторы
- AI68111_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:22
0 Байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3-тармағына, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (P.P. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі.
7 Байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 586 бұйрығына
қосымша
Байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері
1. Осы байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) тексерілетін субъектілерді белгілі бір тәуекел топқа жатқызу мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы және «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.
2. Осы Критерийлер тәуекелдіктердің сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығын анықтайды, олардың негізінде субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежелеріне жатқызылуы жүзеге асырылады.
3. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) тәуекел - жеке және заңды тұлғалардың және мемлекеттің, қоғамның заңды мүдделеріне, оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, Субъектілердің қызметінің нәтижесінде зиян келтіру ықтималдығы, атап айтқанда:
радиожиілік спектрдің ақылы шектелген ресурстың бақылаусыз қолданылуы мемлекеттік бюджетке міндетті төлемдердің түспеуіне әкелуі мүмкін;
радиожиілік спектрді рұқсат ететін құжаттарсыз қолданылуы радиокедергілердің туындауына және оның заңды иелерімен пайдалану мүмкіндігінің болмауына әкелуі мүмкін;
2) тексеру субъектілері - ведомстволық телекоммуникация желілерінің, жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын жеке коммутациялық жабдықтың иелері, радиожиілік спектрін пайдаланушылары болып табылатын радиоэлектрондық құралдар иелері;
3) субъективті критерийлері - тексерілетін субъектілердің белгіленген талаптарды бұзуына байланысты анықталады.
4. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне қарай жоғары, орташа немесе төменгі тәуекел топтарына жатқызылады.
5. Алғашқыда тексеру субъектілері тәуекелдің төменгі дәрежесіне жатады.
6. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына кейінгі жатқызуы өрескел, едәуір және елеусіз бұзушылықтар жататын субъективті белгілерді есепке алып жүзеге асырылады.
7. Өрескел бұзушылыққа:
1) радиожиілік спектрін тиісті құжатсыз қолдану;
2) байланыс саласындағы уәкілетті органның нөмірлер ресурстарын бөлу туралы тиісті шешімінсіз қолдану жатады.
8. Едәуір бұзушылықтарға:
1) сертификатталмаған жабдықтарды қолдану;
2) пайдалануға рұқсатсыз радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану;
3) «Трафикті өткізу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1694 қаулысымен бекітілген, Трафикті өткізу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларының талаптарын бұзу;