Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан

Бұйрық · № 342 · қабылданған 10.10.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68115/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 342 ·10.10.2012
10.10.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 342 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
342
Қабылданған күні
10.10.2012
Көрсетілген редакция
10.10.2012 AI68115_0.kaz
Соңғы өзгеріс
10.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008002
ЭКБ идентификаторы
68115
Редакция идентификаторы
AI68115_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:10

0 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7444 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың үй-жайы талаптарында:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Нотариустың үй-жайын жертөле үй-жайларда, жер асты өтпелдерінде, киоскілерде, паркингтерде және басқа да уақытша құрылыстарда орналастыруға жол берілмейді.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Нотариустың үй-жайы нотариаттық іс-әрекет жасауға арналған, келушілер күтетін (холл), нотариаттық іс жүргізуді сақтайтын кабинеттерден тұрады.
Нотариаттық іс жүргізуді сақтау үшін жеке үй-жай болмаған кезде, нотариаттық іс жүргізуді нотариаттық іс-әрекет жасауға арналған кабинетте жабылатын темір шкафтарда сақтауға жол беріледі.
Нотариустың үй-жайы орналасқан ғимарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі ережесінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1431 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй және басқа үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды ұстау және пайдалануға қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар» ережесінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.».

2

2. «Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 36 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7451 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасы:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Тағылымдамадан өтуші Нотариаттық палатаның басқармасының шешімімен бекітілген нотариуста тағылымдамадан өтеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тағылымдамадан өтушінің теориялық дайындығы тізбесін аумақтық нотариаттық палата бекіткен нормативтік құқықтық актілерді өз бетінше зерделеу арқылы жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың 3) тармақшасының 3 абзацын, орыс тілінде өзгертусіз, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
«тағылымдамадан өту кезінде тағылымдамадан өтуші өз қолымен жасаған, тағылымдамадан өтуші және тағылымдама жетекшісі қол қойған нотариаттық құжаттардың үлгілерін қамтиды.».

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы К.Т. Ноғайбековке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Әділет министрі Б. Имашев
«Келісілді»
Республикалық нотариаттық
палатаның Төрағасы
2012 жылғы ________________
____________ Ә.Б. Жанәбілова

Қолданыстағы