Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил публикации финансовой отчетности акционерными обществами и финансовыми организациями, отчетности по данным бухгалтерского учета филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалами страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, филиалами страховых брокеров-нерезидентов Республики Казахстан

Қаулы · № 282 · қабылданған 31.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68116/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил публикации финансовой отчетности акционерными обществами и финансовыми организациями, отчетности по данным бухгалтерского учета филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалами страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, филиалами страховых брокеров-нерезидентов Республики Казахстан Күшін жойған 30.04.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил публикации финансовой отчетности акционерными обществами и финансовыми организациями, отчетности по данным бухгалтерского учета филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалами страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, филиалами страховых брокеров-нерезидентов Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы № 282 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил публикации финансовой отчетности акционерными обществами и финансовыми организациями, отчетности по данным бухгалтерского учета филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалами страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, филиалами страховых брокеров-нерезидентов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
282
Қабылданған күні
31.08.2012
Көрсетілген редакция
30.04.2026 68116_821344.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008003
ЭКБ идентификаторы
68116
Редакция идентификаторы
68116_821344
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:27
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабының 14) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдері және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 84 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5801 тіркелген);

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдарының жылдық қаржылық есебiн жариялау туралы» 2003 жылғы 29 шілдедегі № 268 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2456 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 282 қаулысымен
бекітілді
Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидалары
Осы Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды және қызметінің айрықша түрі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау тәртібін, тізбесін және мерзімдерін белгілейді.

1. Акционерлік қоғамдар және қаржы ұйымдары (банк және сақтандыру холдингтерін қоспағанда) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өздерінің ресми интернет-ресурстарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті жариялайды.

2. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары жыл сайын қосымша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (еншілес ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында, немесе өздерінің ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.

3. Бағалы қағаздары шетелдік қор биржаларына айналысқа жіберілген екінші деңгейдегі банктер және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өздерінің ресми интернет-ресурстарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған бухгалтерлік балансты және пайда мен зиян туралы есепті жариялайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, екінші деңгейдегі банктер және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өздерінің ресми интернет-ресурстарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылмаған бухгалтерлік балансты және пайда мен зиян туралы есепті жариялайды.

4. Екінші деңгейдегі банктерді және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамын қоспағанда, қаржы ұйымдары қаржылық есептілікті жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қағидалардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынады.

5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарына халықаралық стандарттарға сәйкес келетін мынадай қаржылық есептілікті жариялайды:

1) бухгалтерлік есептің деректері бойынша жылдық есептілік;

2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі, аудиторлық есепте берілген мәліметтердің дәйектілігін аудиторлық ұйым растағаннан және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі бекіткеннен кейінгі аудиторлық есеп;

3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері бекіткен Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі, сондай-ақ, онда ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растайтын, тексерілетін Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінен, олардың акционерлерінен (қатысушыларынан) және аудиторлық ұйымның басшы қызметкерлерінен тәуелсіз аудиторлық есеп.

6. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру ұйымдарының филиалдары жыл сайын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде аудиторлық есепті қосымша жариялайды.
Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктерінің филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті жариялайды.
Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерлерінің филиалдары олардың Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру брокерлерінің бухгалтерлік есеп деректері және есептілігі бойынша есептілік жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидалардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынады.