Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Апостилирование официальных документов, исходящих из органов образования, науки и учебных заведений Республики Казахстан"

Бұйрық · № 433 · қабылданған 21.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68119/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Апостилирование официальных документов, исходящих из органов образования, науки и учебных заведений Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 433 ·21.09.2012
20.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Апостилирование официальных документов, исходящих из органов образования, науки и учебных заведений Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 433 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Апостилирование официальных документов, исходящих из органов образования, науки и учебных заведений Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" электронды мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
433
Қабылданған күні
21.09.2012
Көрсетілген редакция
20.06.2014 AI68119_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008017
ЭКБ идентификаторы
68119
Редакция идентификаторы
AI68119_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:18

0 "Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" электронды мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» электронды мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің Стандартын бекіту туралы» № 591 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде № 5042 нөмірмен мемлекеттік тіркеуден өткен, № 12 «Заң газетінде» 2008 жылғы 25 қаңтарда жарияланған (1412)).

3 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә. Ырсалиев):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.

5 «Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» электронды мемлекеттік қызметтің регламенті

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
көлік және коммуникация министрі
_____________ А. Жұмағалиев
2012 жылғы 25 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 433 бұйрығымен бекітілді
«Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» электронды мемлекеттік қызметтің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Электронды мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – қызмет беруші), сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – ЭҮП) көрсетіледі.

2

2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» (бұдан әрі – қызмет) мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

3 3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.

4 4. Қызмет көрсету түрі: транзакциондық.

5 5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар:

1 1) алушы – электронды мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

2 2) ақпараттық жүйе – ақпараттық-бағдарламалық кешенді пайдалану арқылы сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ақпарат ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);

3

3) «Жеке тұлға» мемлекеттік деректер базасы – ақпараттарды жинақтауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіру нөмірлерін енгізу мақсатында жеке сәйкестендіру нөмірінің Ұлттық тізілімін құру және олар туралы мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге өз өкілеттігі шегінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс және өзекті деректер беруге бағытталған автоматтандырылған ақпараттар жүйесі (бұдан әрі – ЖТ МДБ);

4 4) жеке сәйкестендірілген нөмір – жеке тұлғалар, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылған бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);

5 5) ҚР Ұлттық растау орталығы - электрондық цифрлы қол қоюдың ашық түрінің электрондық цифрлы қол қоюдың жабық түріне сәйкестігін растайтын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға (бұдан әрі ҚР ҰКО);

6 6) транзакциондық қызмет – пайдаланушыларға электрондық цифрлы қол қоюды қолдана отырып ақпаратты өзара алмасуды қажет ететін электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөніндегі қызмет;

7 7) Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушы мемлекеттік органдардың электронды ақпараттық ресурстарына және мемлекеттік қызметке қол жеткізудің бірыңғай нүктесін көрсететін ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ХҚО АЖ);

8 8) «электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда барлық шоғырланған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметке қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

9 9) «электрондық үкімет» төлем шлюзі – екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері мен кейбір банк операцияларын және жеке, заңды тұлғаларға төлемдерді жүзеге асыратын ұйымдармен өзара байланысты жүзеге асыратын автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮТШ);

10 10) электронды ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін немесе оны қолданатын пайдаланушы - субъекті (алушы, қызмет беруші);

11 11) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) барлық электрондық қызметтерді іске асыру шеңберінде «электрондық үкімет» ақпараттық жүйені біріктіруге арналған ақпараттық жүйе;

12 12) электронды цифрлы қол (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электронды цифрлы қолдың құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның мазмұнының тиістілігі мен өзгермейтіндігін растайтындығын электрондық цифрлы ресурстар жинағы;

13 13) электронды құжат – электронды цифрлы нысанда ұсынылған және ЭЦҚ арқылы расталған ақпарат бар құжат;

14 14) электронды мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдана отырып электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет.

2 2. Электронды мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет берушінің қызмет тәртібі

6 6. ЭҮП арқылы қызмет берушінің қадамдық іс-қимылы мен шешімі (ішінара автоматтандырылған электронды мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық іс-қимылдың № 1-диаграммасы) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген:

1 1) алушы ЖСН көмегі арқылы ЭҮП-ке тіркеуді жүзеге асырады (ЭҮП-ке тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);

2 2) 1–процесс - алушының ЭҮП-ке ЖСН мен парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі);

3 3) 1-шарт - тіркелген алушы туралы деректердің түпнұсқалылығын ЭҮП-те тексеру;

4 4) 2-процесс – ЭҮП-ті алушылар деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизацияда бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;

5

5) 3-процесс – осы Регламентте көрсетілген қызметті алушының таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректерді енгізу) нысанды алушының толтыруы, сұранысқа сканерден өткізілген құжаттар көшірмесін тіркеуі, сондай-ақ алушының сұранысын (қол қою) растау үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

6 6) 4-процесс – ЭҮП-ке ҰРО АЖ-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданысы туралы және алушы деректерінің сәйкестігі туралы сұраныс жасайды;

7 7) 2-шарт – ЭҮП-ке ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданысы туралы және олардың қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің қатарында болмауы туралы және алушы деректерінің сәйкестігі туралы сұраныс жасайды (ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН мен сұраныстағы ЖСН аралығындағы сәйкестіктер);

8 8) 5-процесс – алушы ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұралған электронды мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарларды қалыптастыру;

9 9) 6-процесс – электронды мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраудың (енгізілген деректер) толтырылған нысанына және электронды түрде тіркелген құжаттарға тұтынушының ЭЦҚ арқылы қол қоюы;

10 10) 7-процесс - ХҚО АЖ-ға түскен сұранысты тіркеу (қызмет берушінің АРМ) және ХҚО АЖ қызметін өңдеу (қызмет беруші АРМ);

11 11) 3-шарт – қызмет берушінің алушының білім туралы құжатының дұрыстығын және мемлекеттік қызметтің нәтижесін беруге негіз болуын тексеруі;

12 12) 8-процесс – ХҚО АЖ-нің себептерін көрсете отырып сұралатын электронды қызметтен бас тарту туралы хабарлар қалыптастыру (қызмет берушінің АРМ);

13 13) 9-процесс – ЭҮТШ қызметке төлемақы жүргізу, одан кейін бұл ақпарат ХҚО АЖ-ға келіп түседі (қызмет берушінің АРМ);

14 14) 4-шарт - ХҚО АЖ-ға көрсетілген қызмет төлемақысын тексеру фактісі (қызмет берушінің АРМ);

15 15) 10-процесс – ХҚО АЖ-да көрсетілетін қызметке төлемақы жүргізілмеуіне байланысты, қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарды қалыптастыру (қызмет берушінің АРМ);

16 16) 11-процесс – алушының қызмет нәтижесін алуы – электрондық өтініштің қабылданғаны туралы (апостильдің қойылатын уақыты және мерзімі көрсетілген) ЭҮП рәсімдеген хабарлама. Электронды құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-ны пайдалануы арқылы қалыптасады.

7 7. Мемлекеттік қызметті алушыға қазақ және орыс тілінде көрсетілетін электронды мемлекеттік қызметтің сұраныс пен жауаптарының экранды нысандарын толтыру түрлері осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

Қызмет көрсету үшін сұраныстардың нысандарын толтыру іс-қимылын сипаттау:

1 1) ЭҮП-ке кіру үшін электрондық құжат берілетін тұлғаның деректерін енгізу қажет;

2 2) қызметті таңдау «ЖОО-да құжаттарды апостильдеу»;

3 3) қызметке «online қызметіне тапсырыс беру» кнопкасының көмегімен тапсырыс беру;

4 4) сұранысты толтыру:

қолданушының ЭҮП-ке тіркелу нәтижесінен кейін ЖСН автоматты түрде беріледі;
қолданушы «сұранысты жіберу» кнопкасы арқылы сұранысты (қол қою) растауға ауысады;

5 5) алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

6 6) сұранысты растау (қол қою) – қолданушы «қол қою» кнопкасы арқылы ЭЦҚ сұранысын растайды (қол қояды), одан кейін сұраныс өңделуге жіберіледі;

7 7) сұраныстың ЭҮП-те өңделуі;

8 8) қызметті төлеу:

қолданушының дисплей экранында мынадай ақпараттар шығады: ЖСН; сұраныс нөмірі; қызмет түрі; сұраныс мәртебесі; қызмет көрсету мерзімі;
«мәртебені жаңарту» кнопкасы арқылы қолданушы өзінің сұранысының өңделу нәтижелерін көре алады;
ЭҮП-тен жауап алған уақытта «нәтижесін қарау» кнопкасы пайда болады.

8 8. Электронды мемлекеттік қызмет бойынша сұраныс өңделгеннен кейін алушы сұраныстың өңделу нәтижесін тексеру тәсілі:

«ашу» кнопкасын басқаннан кейін – сұраныстың нәтижесі дисплей экранына шығады;
«сақтау» кнопкасын басқаннан кейін – сұраныстың нәтижесі алушының магнитті қолданысында Adobe Acrobat форматында сақталады.

9 9. Электронды мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны ЭҮП-тің саll–центр: (1414) телефоны арқылы алуға болады.

3 3. Электронды мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі өзара байланыс тәртібін сипаттау

10 10. Қызмет көрсету процесіне қатысатын (құрылымды-функционалдық бірліктер) ҚФБ:

ЭҮП;
ЭҮШ;
ЭҮТШ;
ХҚО АЖ;
ҰРО АЖ.

11 11. Осы Регламентке 3-қосымшада әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, іс-әрекеттер (ресімдер, функциялар, операциялар) бірізділігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.

12 12. Осы Регламентке 1-қосымшада олардың сипаттамасына сәйкес іс-әрекеттің (электронды мемлекеттік қызмет көрсету процесінде) логикалық бірізділік арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма келтірілген.

13 13. Осы Регламентке 4-қосымшада электронды мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы хабарлама келтірілген.

14 14. Осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес тұтынушы электронды мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерінің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерін өлшейді.

15 15. Алушының қызметті алу барысында ақпараттық қауіпсіздікке қоятын талабы:

1 1) құпиялылық (бекітілмеген ақпаратты алудан қорғау);

2 2) біртұтастылық (бекітілмеген ақпаратты өзгертуден қорғау);

3 3) қолжетімділік (бекітілмеген ақпаратты және ресурстарды ұстауды қорғау).

16 16. Қызмет көрсетудің техникалық жағдайы:

1 1) Интернетке шығу;

2 2) қызмет көрсететін тұлғаның ЖСН-ның болуы;

3 3) ЭҮП авторизациялау;

4 4) пайдаланушының ЭЦҚ-ның болуы;

5 ЭҮП арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық іс-қимылдың № 1-диаграммасы

5) банк карточкасының немесе екінші деңгейлі банкте ағымдық шотының болуы.
«Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан
және оқу орындарынан шығатын ресми  құжаттарды апостильдеу»
электронды мемлекеттік қызметтің регламентіне 1-қосымша
ЭҮП арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық іс-қимылдың № 1-диаграммасы
«Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан
және оқу орындарынан шығатын ресми  құжаттарды апостильдеу»
электронды мемлекеттік қызметтің регламентіне 2-қосымша
Электронды мемлекеттік қызмет көрсетудегі экрандық нысандары
1 қадам. Алушыны авторизациялау
Орыс тілінде
Мемлекеттік тілде
2 қадам. Электронды қызметті таңдау
Орыс тілінде
Мемлекеттік тілде
3 қадам. Өтінішті таңдау
Орыс тілінде
Мемлекеттік тілде
3-1 қадам. Мәліметтерді толтыру
Орыс тілінде
Мемлекеттік тілде
3-2 қадам. Сұранысқа қол қою
Орыс тілінде
Мемлекеттік тілде
3-3 қадам. Сұранысты өңдеу
Орыс тілінде
Мемлекеттік тілде
3-4 қадам. Сұранысты өңдеудің аралық нәтижесі
Орыс тілінде
Мемлекеттік тілде
Орыс тілінде
Мемлекеттік тілде
Орыс тілінде
Мемлекеттік тілде
Орыс тілінде
Мемлекеттік тілде
4 қадам. Мемлекеттік бажды төлеу
Орыс тілінде
Мемлекеттік тілде
Орыс тілінде
Мемлекеттік тілде
Орыс тілінде
Мемлекеттік тілде
Орыс тілінде
Мемлекеттік тілде
Орыс тілінде
5 қадам. Сұранысты өңдеу нәтижесі
Орыс тілінде
Мемлекеттік тілде
«Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан
және оқу орындарынан шығатын ресми  құжаттарды апостильдеу»
электронды мемлекеттік қызметтің регламентіне 3-қосымша
1-кесте. ЭҮП арқылы көрсетілетін ҚФБ іс-қимылын сипаттау
1
Іс-қи­мыл № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­мы)
1
2
3
4
5
2
ҚФБ ата­у­ла­ры
Алушы
ЭҮП
Алушы
ЭҮП
ЭҮП
3
Іс-қи­мыл ата­у­ла­ры (үде­ріс, рә­сім, опе­ра­ци­я­лар) және олар­дың си­па­ты
ЖСН ар­қы­лы па­роль­ді көр­се­тіп ЭҮП-ке ену
Алушы­ның де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ты­лу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­са­ды.
Қыз­мет­ті таң­дап және сұ­ра­ны­сты тол­ты­ра­ды, ЭЦҚ таң­дай­ды.
ЭЦҚ дұ­ры­стығ­ын тек­се­ру
Алушы­ның түп­нұс­қа­сы­ның рас­та­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­са­ды
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, ұй­ым­да­сты­ру­шы-бас­қа­ру­шы­лық ше­шім)
ЖСН ар­қы­лы ЭҮП ав­то­ри­за­ци­я­лан­ды
Қыз­мет бе­ру­ші­нің де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ты­лу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма ав­то­ри­за­ци­я­лан­ды
Қыз­мет­ті таң­да­лып және сұ­ра­ныс тол­ты­рыл­ды, сұ­ра­ны­сты рас­тау үшін ЭЦҚ таң­да­лын­ды
ЭЦҚ дұ­ры­стығ­ын тек­се­ріл­ді
Алушы­ның түп­нұс­қа­сы­ның рас­тал­мауы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­са­ды
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
10–15 сек
20 сек
1,5 мин
1,5 мин
10–15 сек
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл нө­мі­рі
2 алушы­ның құ­жа­тын­да бұ­зу­шы­лық бол­са; 3-ав­то­ри­за­ция та­бысты өт­се

-
5
6 – егер ЭЦҚ қа­те бол­са, 7 – егер ЭЦҚ қа­те бол­ма­са
кестенің жалғасы
6
7
8
9
10
11
Алушы
ХҚКО АЖ
ХҚКО АЖ
ЭҮ­ШТ
ЭҮП
ЭҮП
Сұ­ра­ны­сты ЭЦҚ ар­қы­лы рас­тау (қол қою)
Сұ­ра­ны­сты тір­кеу және ХҚО АЖ қыз­ме­тін өң­деу (қыз­мет бе­ру­ші АРМ)
Алушы­ның де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар­ға бай­ла­ны­сты сұ­ра­ты­л­ған қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Қыз­мет­ті тө­леу
Тө­ле­ма­қы бол­мауы­на бай­ла­ны­сты қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту
Алушы­ның қыз­мет нәти­же­сін алуы
ЭЦҚ ар­қы­лы рас­тал­ған сұ­ра­ныс
Элек­трон­ды құ­жат ХҚО АЖ (қыз­мет бе­ру­ші АРМ) тір­кел­ді және ХҚО АЖ (қыз­мет бе­ру­ші АРМ) өң­де­ле­ді
Алушы­ның де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар­ға бай­ла­ны­сты қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма
ЭҮ­ШТ қа­лып­тас­қан қыз­мет­ті тө­леу ту­ра­лы тү­бір­тек
Тө­ле­ма­қы бол­мауы­на бай­ла­ны­сты қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма
Қыз­мет­тің нәти­же­сі алы­на­ды
10–15 сек
10–15 сек
10-15 сек
1,5 мин
1,5 мин
5 ми­нут
8-Құ­жат­тар­дың сәй­кест­і­гін тек­се­ру
-
-
9 – егер тө­ле­ме­се, 10 – егер тө­ле­се
-
«Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан
және оқу орындарынан шығатын ресми  құжаттарды апостильдеу»
электронды мемлекеттік қызметтің регламентіне 4-қосымша
Өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама
Орыс тілінде
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II ҚРЗ 1 бабына сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.
*штрих-код "ХҚКО" ЫАЖ алынған және электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды
штрих-код содержит данные, полученные из ИИС "ЦОН" и подписанные электронно-цифровой подписью
Мемлекеттік тілде
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II ҚРЗ 1 бабына сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.
*штрих-код "ХҚКО" ЫАЖ алынған және электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды
штрих-код содержит данные, полученные из ИИС "ЦОН" и подписанные электронно-цифровой подписью
«Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан
және оқу орындарынан шығатын ресми  құжаттарды апостильдеу»
электронды мемлекеттік қызметтің регламентіне 5-қосымша
Электронды мемлекеттік қызметтің «сапа» және «қол жетімділік» көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнама нысаны ____________________________________________________ (қызмет атауы)

1 1. Сіз үдеріс сапасымен және электронды мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен қанағаттанасыз ба?

1 1) қанағаттанбаймын;

2 2) ішінара қанағаттанамын;

3 3) қанағаттанамын.

2 2. Электронды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сапасымен қанағаттанасыз ба?

1 1) қанағаттанбаймын;

2 2) ішінара қанағаттанамын;

3 3) қанағаттанамын.

Қолданыстағы