О дальнейших мерах, направленных на защиту прав граждан и юридических лиц на свободу предпринимательской деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дальнейших мерах, направленных на защиту прав граждан и юридических лиц на свободу предпринимательской деятельности
- Атауы (қаз.)
- "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметiне еркiндiк беруге бағытталған құқығын қорғаудағы бұдан әрi шаралар туралы"
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 274
- Қабылданған күні
- 17.03.2000
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2000 6812_225833.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00R000152_
- ЭКБ идентификаторы
- 6812
- Редакция идентификаторы
- 6812_225833
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:35
0 "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметiне еркiндiк беруге бағытталған құқығын қорғаудағы бұдан әрi шаралар туралы"
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 07.03.2006 N 33 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметiне еркiндiк беруге бағытталған құқығын қорғау туралы"
Жарлығына сәйкес, сондай-ақ "Шенеунiк және кәсiпкер" акциясын Қазақстан Республикасы Бас прокурорының, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу, бәсекелестiктi қорғау және Шағын бизнестi қолдау Агенттiгiмен бiрлесiп өткiзген жұмыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының әкiмi
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласының аудан әкiмдерi жеке кәсiпкерлер мен шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне заң актiлерi мен халықаралық
шарттарда көзделген шек қоюды белгiлеу жолымен араласпасын, әсiресе, аудан
аумағында орналасқан шаруашылық субъектiлерiн тексерудi жүргiзудi
болдырмасын.
2. N 1 қосымшаға сәйкес коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның төлемдi
жұмыс (қызмет) көрсеткенi үшiн тарифтiк ставкiлерiн қайта қарау комиссиясы
құрылсын.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi
орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсiн.
4 Алматы қаласы әкiмiнiң
2000 жылғы 17 наурыздағы
N 274 шешiмiне
N 1 қосымша
Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың
ақылы жұмыс (қызмет) көрсеткенi үшiн
тарифтiк көрсеткіштерді қайта
қарау жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
1. Қ.А. Бүкенов - Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi
орынбасары, комиссия төрағасы
2. С.Ә. Тұржанов - Алматы қалалық Шағын бизнес
департаментiнiң директоры, төрағаның
орынбасары
Комиссия мүшелерi:
1. Н.Ш. Алдабергенов - Алматы қалалық табиғи монополияны
реттеу, бәсекелестiктi қорғау және
шағын бизнесті қолдау жөніндегі
ҚР Агенттiгi департаментi
директорының мiндетiн атқарушы
2. Н.В. Филимонова - Алматы қалалық Шағын бизнес
департаментi директорының орынбасары
3. Б.Т. Тайынбетов - Алматы қалалық прокуратурасының
әлеуметтiк экономикалық саладағы
заңдылықты қадағалау басқармасының
бастығы
4. Д.К. Әбдiрахманова - Алматы қалалық табиғи монополияны
реттеу, бәсекелестiктi қорғау және
шағын бизнесті қолдау жөніндегі ҚР
Агенттiгi департаментiнiң нарықты
талдау, бәсекелестiктi дамыту және
ақылы қызмет көрсету бөлiмiнiң
бастығы, комиссия хатшысы