Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Признание и нострификация документов об образовании"

Бұйрық · № 432 · қабылданған 20.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68121/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Признание и нострификация документов об образовании" Күшін жойған Бұйрық ·№ 432 ·20.09.2012
20.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Признание и нострификация документов об образовании"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 432 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Признание и нострификация документов об образовании"
Атауы (қаз.)
"Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
432
Қабылданған күні
20.09.2012
Көрсетілген редакция
20.06.2014 AI68121_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008019
ЭКБ идентификаторы
68121
Редакция идентификаторы
AI68121_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:18

0 "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә.Ырсалиев):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ.Орынхановқа жүктелсін.

4 «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет регламенті

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 432 бұйрығымен бекітілген
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес әзірленген.

2

2. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 39-бабы 4-тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) Білім туралы құжаттарды тану (бұдан әрі – тану) – уәкілетті органның шетелде білім алған адамның білім беру және/немесе кәсіби қызметке қол жеткізуі мақсатында біліктілігінің маңыздылығын ресми растауы.

2 2) Білім туралы құжаттарды нострификациялау (бұдан әрі – нострификация) – басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) бiлiм алған тұлғаларға берiлген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм.

3 3) Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметті алушының шетелдiк білім беру ұйымдарында оқыған кезінде алған біліктілігін растау мақсатында білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау рәсімі.

4 4) ҚФБ (құрылымды-функционалдық бірліктер) – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын уәкілетті және жұмыс органының жауапты тұлғалары.

5 5) Уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет).

6 6) Жұмыс органы – Ұлттық аккредиттеу орталығы (бұдан әрі – Орталық).

4 4. Мемлекеттік қызметті жұмыс органы көрсетеді.

5 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

6 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы қағаз жеткізгіште куәлік не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жазбаша жауап болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға Стандарттың 16-тармағында көрсетілген негіздер болып табылады.

2 2. Мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

8

8. Орталық Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 16/1, 4-қабат мекен-жайында орналасқан. Құжаттарды қабылдау Орталықта, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен бейсенбі күндері аралығында сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады, мемлекеттік қызметті алушының құжаттарды тапсырғандығын растайтын анықтамалар құжаттар қабылданған күні сағат 18.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.
Куәліктер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 09.00-ден 18.00-ға дейін (үзіліс сағат 13.00- ден 14.30-ға дейін) беріледі.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат Комитеттің ресми интернет-ресурсында (www.educontrol.kz.) және Орталықтың интернет-ресурсында (www.nac.edu.kz) орналасқан.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі мемлекеттік қызмет алушының барлық қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап тиiстi куәлiк алғанға дейін-4 ай.

11 11. Орталыққа құжат тапсырылған сәттен бастап білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлікті алғанға дейінгі /немесе бас тарту мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі төмендегідей:

1 1) құжаттар пакетін Орталықта қабылдау;

2 2) Комитетте өтінішті тіркеу;

3 3) мемлекеттік қызметті алушының шетелдік білім беру ұйымында оқығанын растау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушының оқыған кезеңінде білім беру ұйымның білім беру қызметінің ашықтығы туралы ақпарат алу мақсатында шетелдік білім беру ұйымына сұрау жіберу;

4 4) Сыртқы сарапшылардың мемлекеттік қызмет алушының білімі туралы құжаттың сараптауы;

5 5) айына кемінде 1 рет өткізілетін Орталықтың сараптау комиссиясының отырысында сараптау қорытындысын бекіту;

6 6) Сараптау комиссиясы отырысының хаттамасынан үзiндi бар құжаттарды тану/ нострификациялау туралы бұйрық дайындау үшін Комитетке жіберу;

7 7) Комитеттің бұйрықты дайындауы;

8 8) Комитеттің бұйрығы негізінде куәлікті толтыру/немесе бас тарту;

9 9) куәлікті бекіту үшін Комитетке жіберу;

10 10) мемлекеттік қызмет алушыға куәлік беру/немесе бас тарту.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды жүзеге асырытын тұлғалардың ең төменгi саны - 1 қызметкер.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау

13 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Орталыққа Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

14 14. Орталықтың қызметкері мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының тексереді және өндіріске қабылданған жеке істер құжаттарын тіркейді.

Мемлекеттік қызмет алушының деректері Орталықтың журналында тіркеледі. Мемлекеттік қызметті алушыға олардың білім туралы құжаттарды тапсырғанын растайтын анықтама беріледі.

21 15. Әрбір әкімшілік іс-қимылдың (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) бірізділігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада (1, 2 кестелер) келтірілген.

22 «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет регламентіне қосымша

16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдар мен ҚФБ-ның логикалық бірізділігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
«Білім туралы құжаттарды тану
және нострификациялау» мемлекеттік
қызмет регламентіне 1-қосымша
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет регламентіне қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы. Негiзгi процесс.
1
Іс-қи­мыл­дың № (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
1
2
2
ҚФБ ата­уы
Ұлт­тық ак­кре­дит­теу ор­та­лы­ғы­ның но­стри­фи­ка­ция бө­лі­мі
ҚР БҒМ Бі­лім және ғы­лым са­ла­сын­да­ғы ба­қы­лау ко­ми­те­ті
3
Іс-қи­мыл­дың (про­це­стің, опе­ра­ция рә­сім­де­рі) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
1. құ­жат­тар па­ке­тін Ор­та­лық­та қа­был­дау;
3. өті­ніш бе­ру­ші­нің оқы­ған же­рі бой­ын­ша сұ­рау жі­бе­ру;
4. бі­лім ту­ра­лы құ­жат­ты Ор­та­лық­тың сырт­қы са­рап­шы­ла­ры­ның са­рап­та­уы;
5. Ор­та­лық­тың са­рап­тау ко­мис­си­я­сы­ның оты­ры­сын­да са­рап­тау қо­ры­тындыс­ын бе­кі­ту;
6. Ор­та­лық­тың са­рап­тау ко­мис­си­я­сы­ның оң ше­ші­мін ал­ған құ­жат­тар­ды бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­ды та­ну/но­стри­фи­ка­ци­я­лау ту­ра­лы бұй­рық дай­ын­дау үшін Ко­ми­тет­ке жі­бе­ру;
8. Ко­ми­тет­тің бұй­ры­ғы негі­зін­де ти­іс­ті ку­ә­лік­ті тол­ты­ру;
9. тол­ты­ры­л­ған ку­ә­лік­тер­ді бе­кі­ту үшін Ко­ми­тет­ке жі­бе­ру;
11. өті­ніш бе­ру­ші­ге ку­ә­лік бе­ру.
2. Ко­ми­тет­те өті­ніш­ті тір­кеу;
7. Ко­ми­тет қыз­мет­ке­рі­нің бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­ды та­ну және но­стри­фи­ка­ци­я­лау ту­ра­лы бұй­рық­ты дай­ын­да­уы.
10. Ко­ми­тет тө­ра­ға­сы­ның дай­ын ку­ә­лік­тер­ге қол қо­юы, Ко­ми­тет­тің мө­рі­мен рас­тау
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат­тар, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім­дер)
1. Ор­та­лық­тың жур­на­лын­да тір­кеу;
3. бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на ре­сми сұ­рау хат;
4. сырт­қы са­рап­шы­лар­дың са­рап­тау қо­ры­тындысы;
5. Ор­та­лық­тың са­рап­тау ко­мис­си­я­сы­ның хат­та­ма­сы­ның үзiн­дi;
6. өті­ніш бе­ру­ші­нің же­ке іс­те­рі;
8. тол­ты­ры­л­ған,бі­рақ қол қой­ыл­ма­ған және ку­әлiк­тiң ку­әлан­ды­рыл­ма­ған блан­кi
2. Ко­ми­тет­те тір­ке­ле­тін бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­ды та­ну/ но­стри­фи­ка­ци­я­лау рә­сі­міне құ­жат тап­сыр­ған өті­ніш бе­ру­ші­лер­дің ті­зі­мі
7. жі­бе­рі­л­ген бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­ды та­ну/но­стри­фи­ка­ци­я­лау ту­ра­лы Ко­ми­тет­тің бұй­ры­ғы;
9. бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­ды та­ну/но­стри­фи­ка­ци­я­лау ту­ра­лы дай­ын ку­ә­лік­тер
5
Орын­дау мер­зі­мі
4 ай
4 ай
2-кесте. Пайдалану түрлері. Баламалы процесс.
1
№ Ба­ла­ма­лы про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
2
ҚФБ ата­уы
Ұлт­тық ак­кре­дит­теу ор­та­лы­ғы­ның но­стри­фи­ка­ция бө­лі­мі
ҚР БҒМ Бі­лім және ғы­лым са­ла­сын­да­ғы ба­қы­лау ко­ми­те­ті
3
Іс-қи­мыл­дың (про­це­стің, опе­ра­ция рә­сі­мі­нің) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
1. Құ­жат­тар па­ке­ті­нің то­лық ұсы­ныл­мауы қай­та­ру үшiн негiз бо­ла­ды;
2. Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­нан өті­ніш бе­ру­ші­нің оқу фак­ті­сі рас­тал­ма­ға­ны ту­ра­лы ре­сми жа­у­ап алын­ған жағ­дай­да атал­ған факт Ко­ми­тет на­за­ры­на жет­кі­зі­ле­ді.
3. Са­рап­шы­лар­дың қо­ры­тындысы те­ріс болған жағ­дай­да өті­ніш бе­ру­ші са­рап­шы­лар те­ріс са­рап­та­ма­лық қо­ры­тын­ды бер­ген бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на те­сті­ле­у­ге жі­бе­рі­ле­ді. Нәти­же­сі оң болған жағ­дай­да өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­жат­та­ры ҰАО-ның са­рап­тау ко­мис­си­я­сы­ның қа­ра­уы­на қа­был­да­на­ды, те­ріс нәти­же болған жағ­дай­да құ­жат­тар па­ке­ті жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту ар­қы­лы өті­ніш бе­ру­ші­ге қай­та­ры­ла­ды.
«Білім туралы құжаттарды тану
және нострификациялау» мемлекеттік
қызмет регламентіне 2-қосымша
Функционалды өзара іс-қимыл сызбасы

Қолданыстағы