Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил учета, хранения, перевозки и инкассации банкнот, монет и ценностей

Қаулы · № 254 · қабылданған 24.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68164/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил учета, хранения, перевозки и инкассации банкнот, монет и ценностей Күшін жойған Қаулы ·№ 254 ·24.08.2012
01.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил учета, хранения, перевозки и инкассации банкнот, монет и ценностей

Күшін жойған Қаулы ·№ 254 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил учета, хранения, перевозки и инкассации банкнот, монет и ценностей
Атауы (қаз.)
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
254
Қабылданған күні
24.08.2012
Көрсетілген редакция
01.01.2020 68164_439306.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007995
ЭКБ идентификаторы
68164
Редакция идентификаторы
68164_439306
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:30

0 Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртібін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 254 қаулысымен
бекітілген
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2 2. Қағидалар екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртібін айқындайды.

3 3. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) банк клиенттерi – банк қызметтерiн пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;

2 2) инкассация – банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қабылдау, жинау, жеткiзу, тасымалдау, сақтау және өткiзу, сондай-ақ клиентті банкноттарымен, монеталарымен және құндылықтарымен алып жүру;

3 3) касса – ақшаны және басқа құндылықтарды сақтау, қабылдау және беру үшiн арнайы жабдықталған үй-жай;

4 4) кешкi касса – жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн банк клиенттерiнен және бөлiмшелерiнен банкноттар мен монеталарды қабылдауды және қайта есептеуді жүзеге асыратын банк кассасы;

5 5) кiрiс кассасы – операция кезiнде банктiң клиенттерiнен банкноттар мен монеталарды қабылдауды жүзеге асыратын банк кассасы;

6 6) қайта есептеу кассасы – банк клиенттерiнен және бөлiмшелерiнен қабылданған банкноттар мен монеталарды қайта есептеуді, қалыптастыруды және олардың оралуын жүзеге асыратын банк кассасы;

7 7) құндылықтар – валюталық құндылықтар, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар, бағалы металдар, олардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ айналыстан шыққан бағалы металдардан дайындалған монеталар және құнды заттар;

8 8) өткізуші – банкноттары, монеталары мен құндылықтары инкассацияланатын инкассация объектісі;

9 9) Ұлттық почта операторының арнайы байланыс қызметi – арнайы байланыс қызметiн көрсететiн және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызмет көрсетудi жүзеге асыратын Ұлттық почта операторының құрылымдық бөлiмшесi.

2 2. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау

4

4. Банктiң клиенттерінен және бөлiмшелерiнен банкноттар мен монеталарды қабылдау және жинау, банктiң клиенттеріне және бөлiмшелерiне банкноттарды, монеталарды мен басқа құндылықтарды жеткiзу, банкноттары, монеталары және басқа құндылықтары бар банктiң клиенттерi мен қызметкерлерiне iлеспе қызмет көрсету, банкноттарды, монеталарды және басқа құндылықтарды тасымалдау, сақтау және өткiзу үшiн банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) берген лицензия негiзiнде инкассация қызметiн құрады не өзiнiң инкассация қызметi бар басқа банктермен немесе инкассация қызметiн жүзеге асыратын ұйымдармен шарт жасайды.

5

5. Инкассация қызметiнiң құрамына инкассация қызметiнiң басшысы (бастықтары және олардың орынбасарлары), инкассаторлар және жүргiзушi-инкассаторлар кiредi. Ұлттық почта операторының арнайы байланыс қызметiнiң қызметкерлерiне (фельдъегерь, фельдъегерь-жүргiзушi) құндылықтарды инкассациялау және тасымалдау операцияларын арнаулы жiберiлiмдердi тасымалдаумен және жеткiзумен қоса атқаруына жол беріледі.
Мыналарға:

1 1) ақшалай түсiмдi инкассациялау және құндылықтарды тасымалдау жұмысына банктiң басқа бөлiмшелерiнiң құрамына кiретiн қызметкерлердi тартуға;

2

2) инкассация қызметiнiң қызметкерлерiн ақшалай түсiмдi инкассациялауға және құндылықтарды тасымалдауға байланысты емес функциялар мен мiндеттердi (ғимараттар мен үй-жайларды күзету, банктің рұқсат беру режимін бақылау және ақшалай түсiмдi инкассациялауға және құндылықтарды тасымалдауға байланысты емес басқа қызмет түрлері) орындау үшін пайдалануға жол берілмейді.

6 6. Инкассация қызметi орындайтын жұмыс пен операциялардың түрлерi Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тапсырма-өкiмдерде көрсетiледi.

7

7. Ақшалай түсімін инкассаторлар жинауы тиіс банк клиенттерiнiң тiзiмi, сондай-ақ операциялық кассаларды банкноттармен және монеталармен қамтамасыз ету операциялары жүргізілетін банктер мен филиалдардың тiзiмi инкассация қызметiнде жүргiзіледi. Әрбір клиентке ай сайын банктің клиенті тізімде тіркелген нөмір беріле отырып келу карточкасы жасалады. Келу карточкасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – № 58 қағидалар) 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Банкноттар мен монеталадың көлемiне қарай банктің әрбір клиентiне арнайы инкассатор сөмкелерінің тиісті мөлшері берiледi. Әрбір сөмкеге бөлшек нөмір қойылады, ондағы бөлiнгiш сан – клиенттің клиенттер тізімінде тіркелген нөмірі, ал бөлгіш сан – сөмкенің реттік нөмірі. Инкассатор сөмкелеріндегі реттік нөмірлер қайталанбауы тиіс.
Инкассатор сөмкелерін сақтауға және пайдалануға инкассация қызметi бақылау жасайды.

8 8. Банк клиенттерi банкке ақшалай түсiм салынған сөмкелерді мөр басып, жабуға арналған пломбирдiң айқын бедері салынған пломбаның екi үлгiсiн бередi. Пломба бедерінде банк клиентiнiң нөмірi мен қысқартылған атауы көрсетiлуi тиiс.

Инкассация қызметiнiң басшысы көрсетiлген үлгiлердi тексередi және банк клиентiнiң пломба үлгiсiнiң төменгi жағындағы шпагатқа өз пломбасын қою арқылы оларды растайды. Үлгiлер банктiң инкассацияланатын клиентiнiң атауы және оның тiркеу кiтабындағы нөмірi көрсетiлген картон параққа бекiтiледi.
Пломбаның куәландырылған үлгiсiнiң бiр данасы банк клиентiне берiледi. Бұл үлгi банк клиентiнiң кассирiнен алынған ақшалай түсiммен қоса сөмкені алған кезде инкассаторға ұсынылады. Екiншi данасы клиенттен банкноттар мен монеталар салынған сөмкелерді қабылдайтын және сөмкелердегі (қапшықтардағы) пломбалардың бүтiндiгiн тексеретiн кiрiс (кешкi) кассасының кассирiне немесе басқа кассаның қызметкерiне беріледi.

9

9. Банк клиенттерiнен ақшалай түсiмдi жинау үшiн инкассация қызметiнiң басшысы инкассаторлардың жүру бағыттарын және кестелерiн (уақытын) жасайды. Инкассаторлардың инкассация объектiлерiне келу бағыттары мен кестелерi (уақыты) ақшалай түсiмнiң банк кассасына ең көп түсуiн және жүру бағыттарының қолайлы жасалуын ескере отырып, банк клиенттерiнiң келiсiмi бойынша белгiленедi.

10 10. Банкноттарды, монеталарды және басқа құндылықтарды инкассациялауды инкассаторлар бригадасы инкассация қызметінің мамандандырылған көлік құралында (бұдан әрі – мамандандырылған көлік құралы) жүргізеді. Инкассаторлар бригадасы үш адамнан кем болмауға тиіс.

Бригада мүшелерінің бірі бригаданың жетекшісі, басқасы – жинаушы болып тағайындалады. Инкассатор-жинаушы банк клиенттерінен түскен ақшалай түсім салынған инкассатор сөмкелерін қабылдайды. Жүру бағыты бойынша жұмыс кезінде бригаданың жетекшісі және жүргізуші-инкассатор қолма-қол ақша салынған сөмкелерді күзетеді және инкассатор-жинаушының жұмысын бақылайды.

11

11. Инкассация қызметінің басшысы (кезекші инкассатор) инкассаторлар бригадасының инкассация объектілеріне жолға шығар алдында Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізілетін, ақшалай түсiмдi жинауға арналған келу карточкаларын, сөмкелерді, мөрлерді және сенімхаттарды есепке алу журналына (бұдан әрі – ақшалай түсiмдi жинауға арналған келу карточкаларын, сөмкелерді, мөрлерді және сенімхаттарды есепке алу журналы) қол қойғыза отырып:

1 1) инкассатор-жинаушыға:

Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сенімхатты;
келу карточкаларын;
жүру бағытының нөмірі белгіленген инкассация қызметінің мөрін;
қызмет куәлігін;

2 2) бригаданың жетекшісіне:

бос сөмкелерді;
байланыс құралдарын;
қызмет куәлігін береді.
Инкассация қызметінің басшысы (кезекші инкассатор) берілген бос сөмкелер мен келу карточкалары бойынша № 58 қағидаларға 15-қосымшада белгіленген нысан бойынша инкассаторлар берген сөмкелер (қапшықтар), келу карточкалары туралы анықтама жасайды және кешкі кассаға немесе қайта есептеу кассасына өткізеді.

12

12. Инкассация қызметінің басшысы (кезекші инкассатор) жолға шығар алдында мамандандырылған көлік құралының ақшалай түсімді жинау бойынша жүру бағытындағы жұмысқа дайындығын (техникалық жарамдығы, қосалқы бөлшектермен жабдықталуы, жанар-жағармай материалдарының құйылуы, байланыс құралдарының, өрт сөндіру құралдарының жұмыс істеуі) тексереді және жол парағына тиісті жазба жасайды. Сондай-ақ жүргізуші-инкассатордың жүру бағытына дайындығы (нақты жай-күйі және жүргізуші құжаттарының болуы) тексеріледі.
Жүру бағыты бойынша жолға шығар алдында инкассаторларға сол үшін арнайы ашылған журналға қол қойғыза отырып, тапсырманы орындау тәртібі туралы нұсқаулық өткізіледі.

13 13. Инкассациямен шұғылданатын қызметкерлер экипировкамен, жеке қорғану құралдарымен, оның ішінде бронежилеттермен қамтамасыз етіледі және оқпен атылатын табелдік қарумен қаруланады.

Инкассаторлар бригадасының мүшелері қызметтік міндеттерін орындау кезінде Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізілетін қару мен оқ-дәрілерді беруді және қабылдауды тіркеу журналына (бұдан әрі – қару мен оқ-дәрілерді беруді және қабылдауды тіркеу журналы) қол қойғыза отырып, қару алып жүруге, қаруға, оның оқ-дәрілеріне және бронежилеттерге рұқсат алады.
Оқпен атылатын табельдік қаруды және оның оқ-дәрілерін есепке алу, сақтау және пайдалану қарудың жекелеген түрлерінің айналымына жасалатын мемлекеттік бақылау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

14

14. Инкассация қызметiнiң басшысы (немесе оның орынбасары) инкассаторлардың банкноттар мен монеталарды жинау және құндылықтарды тасымалдау бөлігінде Қағидаларды сақтауына кезең сайын айына кем дегенде екі рет тексеру жүргізеді, олардың нәтижелерi туралы ақшалай түсiмдi жинауға арналған келу карточкаларын, сөмкелерді, мөрлерді және сенімхаттарды есепке алу журналында «Ескерту» бағанында тиiстi жазбалар жасалынады.

15 15. Инкассация объектілерінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды пломбаланған инкассатор сөмкелерінде өткізу үшін сөмкелерді инкассаторларға өткізуге дайындық жүзеге асырылады.

Өткізушінің касса қызметкері инкассаторларға берілетін әрбір сөмкеге өз қолымен үш данада ілеспе ведомос жазады.
Ведомостің бірінші данасы сөмкеге салынады, екінші данасы (сөмкенің жүк құжаты) инкассатор-жинаушы сөмкені алған кезде оған беріледі, үшінші данасы (ілеспе ведомостің көшірмесі) өткізушіде қалады.

16

16. Банкноттарды, монеталарды және ілеспе ведомостің бірінші данасын сөмкеге салғаннан кейін ол ашылып кетпейтіндей етіп пломбаланады. Инкассатор қапшықтарын (сөмкелерін) орау үшін қорғасын және пластикалық пломбаларды пайдалануға рұқсат етіледі. Пломбаларды пайдалану банктің ішкі қағидаларында айқындалады.

17

17. Инкассатор-жинаушы сөмкені алар алдында өткізушіге қызмет куәлігін, құндылықтарды алуға арналған сенімхатты көрсетеді. Өткізушінің касса қызметкері инкассация қызметінің пломбирімен расталған пломбир бедерінің үлгісін, ақшалай түсім салынған сөмкені және ілеспе ведомостің екі данасын (екінші және үшінші) көрсетеді.

18 18. Инкассатор-жинаушы құндылықтар салынған сөмкені қабылдайды және:

1 1) сөмкенің бүтіндігін;

2 2) оның дұрыс пломбаланғандығын (пломба бекітілген шпагаттың бүтіндігін, пломбир бедерінің айқындығын, оның үлгімен сәйкестігін);

3 3) қабылданатын сөмке нөмірінің келу карточкасында, жүк құжатында және ілеспе ведомостің көшірмесінде көрсетілген нөмірмен сәйкес келуін;

4 4) банк клиентінің лауазымды тұлғалары қойған қолдарының (қолдардың) жүк құжатында болуын;

5 5) өткізушінің келу карточкасында көрсетілген соманың жүк құжатындағы және ілеспе ведомостің көшірмесіндегі сомаларға цифрлармен және жазбаша сәйкес келуін;

6 6) келу карточкасында және ілеспе құжаттарда көрсетілген сөмке нөмірінің қабылданатын сөмкенің нөміріне сәйкес келуін тексереді.

Тексеру жүргізілгеннен кейін инкассатор-жинаушы толтыру үшін өткізушіге келу карточкасын, бос сөмкені береді, ілеспе ведомостің көшірмесіне қол қояды, оның күнін көрсетеді және жүру бағытының мөрін басады.

19

19. Инкассатор-жинаушы екі және одан да көп сөмкені қабылдаған кезде сөмкелер санын және жүк құжатындағы және ілеспе ведомос көшірмесіндегі жазбалар бойынша өздері қабылдап алатын әрбір сөмке түсімінің жалпы сомасын тексереді. Келу карточкасында «Сөмкенің №» деген тиісті бағандағы және «Инкассатордан қабылданған бос сөмкенің №» деген бағандағы нөмірлердің орнына сөмкелердің саны жазбаша көрсетіледі.

20 20. Келу карточкасын толтырған кезде түзетіп жазуға жол берілмейді. Дұрыс жазылмаған жазу сызылады, келу карточкасының бос жолына өткізушінің уәкілетті қызметкерінің қолымен расталған жаңа жазба жасалады.

Инкассатордың келу карточкасына жазба жасауға жол берілмейді.

21

21. Сөмкенің бүтін еместігі немесе ілеспе құжаттардың дұрыс ресімделмегені анықталған жағдайда құндылықтар салынған сөмкелерді қабылдау тоқтатылады. Инкассатордың қатысуымен инкассаторлар бригадасының жүру бағыты бойынша жұмыс кестесіне кедергі келтірмейтін қателіктер мен ақаулар, түзетулер ғана жойылады.
Басқа жағдайларда өткізушіден құндылықтар салынған сөмкелерді қабылдау қайтадан келген кезде жүзеге асырылады, бұл туралы өткізушінің касса қызметкері келу карточкасына тиісті жазба жасайды.
Банкноттар мен монеталар салынған сөмкелерді өткізуден бас тартқан жағдайда өткізушінің касса қызметкері келу карточкасының «Сөмкеге салынған ақша сомасы» «Бас тарту» бағанына жазба жасайды және оның себептерін көрсетіп, оны өз қолымен растайды.

22

22. Жүру бағыты бойынша жұмыс уақытында инкассаторлар бригадасының жетекшісі инкассатор-жинаушыдан банкноттар мен монеталар салынған сөмкені қабылдап алады және Қағидалардың 18-тармағының 1)-6) тармақшаларына сәйкестігін тексереді. Оған келу карточкасын қайтарады және келесі өткізушінің бос сөмкесін береді. Жүру бағыты бойынша жұмыс уақытында құндылықтар салынған сөмке сейфке, металл жәшікке немесе олар болмаған жағдайда сақталуға арналған қапшыққа салынады және инкассаторлар бригадасы жетекшісінің жауапкершілігіне сақтауға беріледі.

23 23. Жүру бағыты аяқталған соң инкассаторлар банкноттар мен монеталар салынған сөмкелерді және бос сөмкелерді банктің кешкі кассасына өткізеді немесе Қағидалардың 3-тарауына сәйкес сақтауды қамтамасыз етеді.

24

24. Инкассаторлар бригадасының жетекшісі сөмкелерді өткізгеннен кейін инкассация қызметінің басшысына (кезекші инкассаторға) № 58 қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылданған банкноттар мен монеталар салынған сөмкелерді (қапшықтарды) және бос сөмкелерді есепке алу журналының екінші данасын, байланыс құралдарын, инкассация бағытына және құндылықтарды тасымалдауға берілетін куәлікті, қызмет куәлігін, жеке қорғану құралдарын, сенімхатты, келу карточкаларын, мөрді береді, ол жөнінде ақшалай түсімді жинауға арналған келу карточкаларын, сөмкелерді, мөрлерді және сенімхаттарды есепке алу журналында жазбалар жасалады. Сондай-ақ, қаруды, оқ-дәрілерді және қаруды алып жүруге берілген рұқсатты өткізеді, ол жөнінде қару мен оқ-дәрілерді беруді және қабылдауды тіркеу журналына жазба жасалады.

25

25. Инкассация қызметінің басшысы (кезекші инкассатор) инкассаторлардың барлық өткізушілерге қызмет көрсеткендігін, инкассаторлардың банк кассасына өткізген сөмкелерінің саны олардың өткізушілерден қабылдап алған сөмкелердің санына сәйкес келетіндігін тексеріп, ол жөнінде ақшалай түсімді жинауға арналған келу карточкаларын, сөмкелерді, мөрлерді және сенімхаттарды есепке алу журналына жазба жасайды.
Инкассация қызметінің басшысы (кезекші инкассатор) инкассаторлардың журналдар бойынша өткізген ақшалай түсімінің жалпы сомасы туралы анықтама жасайды және оны банктің бас бухгалтеріне береді.

3 3. Банкноттар, монеталар және құндылықтарды сақтау

26

26. Демалыс немесе мереке күндерi кешкі касса жұмыс істемеген кезде немесе банкте кешкі касса болмағанда, жүру бағытынан арнайы инкассаторлық сөмкелерді жеткізген инкассаторлардың банкноттар, монеталар және құндылықтар салынған сөмкелерді сақтауды Қағидалардың 27-тармағында көзделген талаптар мiндеттi түрде сақтай отырып банк қамтамасыз етеді.

27

27. Инкассаторлардың банкноттар, монеталар және құндылықтар салынған арнайы инкассаторлық сөмкелерді сақтауы арнайы бөлінген сақтау орнында немесе осы мақсатқа арналған бөлмедегі сейфтерде жүзеге асырылады. Инкассация қызметiнiң басшысы (кезекшi инкассатор) инкассаторлар бригадасының жұмысы басталар алдында бригада жетекшісіне және инкассатор-жинаушыға ақшалай түсімді жинауға арналған келу карточкаларын, сөмкелерді, мөрлердi және сенiмхаттарды есепке алу журналына қол қойғыза отырып, мөрлерді және сақтау орнының немесе сейфтердің кілттерін бередi.
Сақтау орны немесе сейфтер 2 (екi) кiлтпен жабылады, осы адамдардың мөрлері қойылады және № 58 қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілетін қоймаларды, жанбайтын сейфтердi және басқа ақша сақтау орындарын ашуға, жабуға және мөр қоюға рұқсат етiлген адамдардың бақылау журналына (бұдан әрі – қоймаларды, жанбайтын сейфтердi және басқа ақша сақтау орындарын ашуға, жабуға және мөр қоюға рұқсат етiлген адамдардың бақылау журналы) қол қойғыза отырып күзетке өткiзіледi. Аталған журнал инкассаторлар бригадасының жетекшісінде сақталады.

28 28. Инкассаторлар инкассацияланған құндылықтармен бiрге сейфтердiң бiрiне келу карточкаларын, жүк құжаттарын, сенiмхатты, мөрдi, қызмет куәлiгiн, байланыс құралдарын, сондай-ақ жеке қорғану құралдарын орналастырады және жауып қояды.

Инкассаторлар қару алып жүруге берілген рұқсатпен бірге қару мен оқ-дәрiлердің сақталуына жауап беретін адамға қару мен оқ-дәрiлерді өткізеді, осыдан кейін жауапты адам өткізілген қару мен оқ-дәрiлердi мұқият тексереді, ол жөнінде қару мен оқ-дәрiлердi беруді және қабылдауды тіркеу журналына тиісті белгі қояды. Содан соң алынған қару және оқ-дәрілер бөлмедегі қару сақтауға арналған сейфке салынады. Қару мен оқ-дәрілерді басқа заттармен, оның ішінде құжаттармен және құндылықтармен бірге сейфте сақтауға жол берілмейді. Қару мен оқ-дәрілер Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізілетін қару мен оқ-дәрілерді есепке алудың тиісті кітабына есепке алынады.
Қару мен оқ-дәрiлер ауысымға шығатын мамандандырылған көлік құралдарының жүргiзушiлеріне осы кітапқа қол қойғыза отырып берiледi.

29 29. Әрбiр жүру бағытынан сөмкелер әкелiнгеннен кейiн инкассаторлар сейфтердi жабады және мөр басады, сондай-ақ оларды күзетуге өткiзедi.

Сөмкелерді сейфтерге салу, кейіннен сөмкелерге салу үшiн сейфтердi ашу, сондай-ақ касса қызметкерлерiне өткiзу үшiн сөмкелерді алу бүкіл инкассаторлар бригадасының қатысуымен жүргізіледі, ол жөнiнде қоймаларды, жанбайтын сейфтердi және басқа ақша сақтау орындарын ашуға, жабуға және мөр қоюға рұқсат етiлген адамдардың бақылау журналына инкассаторлар мен күзетшілердің қолдары қойылып, жазба жасалады.

30 30. Инкассаторлардың түрлі бригадалары инкассациялаған құндылықтар салынған сөмкелерді бiр сейфте сақтауға жол берілмейді.

31 31. Инкассаторлардың банк үйіне кіруі банк басшысы белгiлеген уақытта касса жұмысы басталар кезде жүзеге асырылады. Инкассаторлар құндылықтар салынған сөмкелерді және олардың жүк құжаттарын өткiзеді, содан кейiн инкассация қызметiнің басшысы (кезекшi инкассатор) алдында есеп береді.

32

32. Қару мен құндылықтарды бiр кезекшi инкассатордан басқасына беру (қажет болған кезде) Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізілетін қаруды, оқ-дәрiлерді, құжаттарды және басқа да құндылықтарды өткiзуді және қабылдауды есепке алу журналы бойынша құндылықтарды инкассациялау және тасымалдау учаскесiнiң кезекшiсi жүзеге асырады.

4 4. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдау

33

33. Инкассаторлар бригадасының жетекшісі бригаданың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдау жөніндегі бүкіл жұмысын ұйымдастырады және оған бір жылға, № 58 қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған, банктің басшысы немесе оның орнындағы адам қол қойған сенімхат беріледі. Сенімхаттың сырт жағына инкассация қызметінің басшысы қол қояды.

34

34. Инкассаторларға банкноттар, монеталар және басқа құндылықтар банк басшысының, бас бухгалтерiнiң және касса меңгерушiсiнiң қолы қойылған кассалық шығыс немесе баланстан тыс ордерлер бойынша берiледi. Ордерлерде тағайындалуы бойынша құндылықтарды жөнелту туралы өкiмнiң нөмірiне және күнiне сiлтеме жасалуы тиiс.
Инкассаторлар құндылықтарды алған кезде сенiмхатты және жеке басын куәландыратын құжатты көрсетедi. Инкассаторлардың банкноттар мен монеталарды қабылдауы бума және түбiршек бойынша бумалар орауының дұрыстығын және тұтастығын, әрбiр бумадағы түбiршектер санын, жүк құжатында көрсетiлген сомалардың дұрыстығын және оларда пломбирлердiң (полиэтилен пакеттердегi клише) бүтiн және нақты бедерінің бар болуын тексере отырып жүргізіледі. Құны бiрдей банкноттары бар толық емес бумалар жүк құжатындағы түбiршектер мен жазулар бойынша, ал толық емес түбiршектерi бар бумалар - жүк құжатындағы жазулар бойынша тексерiле отырып қабылданады.
Инкассаторлардың монеталарды қабылдауы қапшықтар бойынша орамның дұрыстығын және бүтiндiгiн, қапшықтарға бекiтiлген таңбалардың болуын, монеталар мен салынған сомалардың құнын, пломбалардың бүтiндігін және кассирлердің қойған қолдарының анықтығын тексере отырып жүргізеді.
Инкассаторлар тексеру кезінде орамасында және ресімделуінде ақауы анықталған банкнота бумалары мен монета салынған қапшықтарды қабылдамайды.
Құндылықтарды тексергеннен кейiн инкассаторлар банк кассасы меңгерушiсiнiң немесе кассаның басқа қызметкерiнiң бақылауымен оларды қапшықтарға салады. Әрбiр қапшықтың аузы тiгiлiп, шпагатпен мықтап байланады. Шпагаттың ұшына матадан жасалған таңба жапсырылады, онда ілеспе ведомостегi нөмірге сәйкес келетін қапшықтың оралған күнi және реттік нөмірi көрсетiледi, шпагаттың ұшы түйiнделіп байланады да, қапшық пломбаланады және ондағы таңбаға ақшаны ораған кезде бақылау жасайтын касса қызметкерi қол қояды. Инкассаторлар құндылықтарды қабылдағанда кассалық шығыс және баланстан тыс ордерлерге қол қояды.

35 35. Қолма-қол ақшаны және құндылықтарды жiберушi банк тiзiмдеменi Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш данада жасайды:

1 1) бiрiншi данасы касса меңгерушiсi мөр қойған конвертпен инкассаторлар бригадасының жетекшісі арқылы құндылықтарды алушы банктiң басшысына жiберіледi;

2 2) екiншi данасы инкассаторлар бригадасы құндылықтарды қабылдау және тапсыру үшiн пайдаланады және тапсырманы орындағаннан кейiн инкассация қызметiнiң басшысына өткiзедi;

3 3) үшiншi данасы жiберушi банктiң құндылықтарды жiберу туралы ордерiмен және өкімімен бiрге жiберушi банктiң бір күнгі касса құжаттарында қалады.

36

36. Инкассаторлардың банктен қабылдаған құндылықтарын тез арада тасымалдау мүмкiн болмаған жағдайда, олар оны пломбаланған қапшықтарға салып (баланстан тыс шот бойынша кiрiске алынбастан) банктiң қоймасына сақтауға қалдырады. Қойманың есігіне бригада жетекшісінің мөрi қосымша қойылады және күзетке тапсырылады. Мұндай жағдайда қойма инкассаторлар бригадасының жетекшісі қатысқан кезде ашылады. Инкассаторлар қабылдаған құндылықтарды Қағидалардың 27-тармағында көзделген талаптарды сақтай отырып, сақтау орындарында не сейфтерде сақтауға жол беріледі.

37

37. Инкассаторлардың қабылдап алған құндылықтарын тасымалдау үшiн оларды алып шығу құндылықтардың барлығын қабылдау аяқталғаннан кейiн және инкассаторлар бригадасы жетекшісінің қатысуымен жүргізіледі. Құндылықтарды мамандандырылған көлік құралына немесе көлiктің басқа түріне, бiр үй-жайдан екiншi үй-жайға апарғанда орындар саны саналады, ал бригаданың инкассаторлары құндылықтарды апаратын қызметкерлердiң жүрген жолын көрiп отыратындай етіп орналасады.

38 38. Құндылықтар автомобиль, темір жол және (немесе) әуе көлігімен тасымалданады.

Құндылықтарды мамандандырылған көлік құралдарымен немесе көлiктің басқа түрлерімен тасымалдау осы тапсырманы орындайтын бүкіл инкассаторлар бригадасының ілесіп жүруi арқылы жүзеге асырылады. Тапсырманы орындау кезiнде жүргiзушiнiң мамандандырылған көлік құралын, көліктің басқа түрін қалдыруына жол берілмейді.

39

39. Құндылықтарды автомобиль көлігімен тасымалдау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1549 тіркелген «Қазақстан Республикасында автомобильдiк инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 110 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобильдiк инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықта көзделген талаптарға жауап беретін мамандандырылған көлік құралдарымен жүргізіледі.
Инкассаторлардың жүру бағытынан ауытқуына (дәлелсіз себептермен), сондай-ақ мамандандырылған көлік құралында бөгде адамдарды және құндылықтарға жатпайтын жүктерді алып жүруіне тыйым салынады.

40

40. Жол бойы немесе құндылықтарды өткiзген сәтте құндылықтардың жоғалғаны, ұрланғаны немесе жетiспеуі анықталған жағдайда, инкассаторлар бригадасының жетекшісі болған жағдай туралы тез арада жiберушi-банктің басшысына және құндылықтарды iздестiру және оқиғаға тергеу жүргізу бойынша жедел шаралар қабылдау үшiн жергілікті құқық қорғау органдарына хабарлайды.
Инкассаторлар жеткiзген, бірақ сол күні банк қабылдамаған құндылықтар Қағидалардың 3-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес сақталады.

41 41. Құндылықтарды мамандандырылған көлік құралымен тасымалдау мүмкін болмаған жағдайда құндылықтарды банктің филиалдарынан темір жол және (немесе) әуе көлігімен жеткізуге және әкетуге жол беріледі. Құндылықтарды тасымалдау тікелей мақсаттағы поездарда және әуе кемелерінде жүзеге асырылады.

42 42. Алынған өтінімдер негізінде құндылықты жөнелтетін банктің басшысы құндылықтарды алатын банктің атауын, соманы, жеткізу күнін және тәсілін көрсете отырып оларды тасымалдау жөніндегі өкімге қол қояды.

43 43. Құндылықтарды инкассаторларға беру Қағидалардың 34-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Құндылықтарды әуе көлігімен тасымалдаған кезде инкассаторлар бригадасы екі адамнан кем болмайды, ал құндылықтарды темір жол көлігімен тасымалдаған кезде кемінде үш адам болады.

44 44. Инкассаторлар бригадасы темір жол вокзалына және (немесе) әуежайға мамандандырылған көлік құралдарымен барады.

Инкассаторлар бригадасын поезд немесе әуе кемесі жүретін жерге дейін жеткізген жүргізуші-инкассатор көлікке отырғызуды қадағалайды және поездың немесе әуе кемесінің жөнелтілгеніне көз жеткізгенде ғана ол жерден кетеді.

45 45. Межелі жерге темір жол немесе әуе көлігімен келгеннен кейін құндылықтарды алатын банк инкассаторлар бригадасын мамандандырылған көлік құралдарымен күтіп алуды қамтамасыз етеді.

46

46. Жеткізілген құндылықтарды банктің лауазымды тұлғалары қабылдап алады және сол күні банктің кассасына есепке алынады. Банктің басшысы құндылықтарды инкассаторлардан тәуліктің кез келген уақытында қабылдап алуды қамтамасыз етеді. Инкассаторлар жеткізген, бірақ банк сол күні кассаға есепке алмаған құндылықтар Қағидалардың 3-тарауына сәйкес құндылықтарды жеткізген инкассаторлардың жауапкершілігіне алынып сақталады.

47 47. Банкноттар мен монеталар банк клиентіне алдын ала ұсынылған немесе банкке инкассаторлар арқылы берілген чек немесе шығыс ордері бойынша жеткізіледі.

48 48. Банк клиентке және инкассация қызметінің басшысына банкноттар мен монеталар салынған қапшықтарды пломбалау үшін пайдаланылатын, касса меңгерушісі растаған, пломбирлердің бедерi анық пломбалардың үлгілерін ұсынады.

Клиенттерге жеткізу үшін банкноттар мен монеталарды алдын ала дайындау Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

49

49. Инкассаторлар жеткізген банкноттар мен монеталарды қабылдау үшін заңды тұлға-клиент басшысының бұйрығы негізінде заңды тұлғаның уәкілетті өкілдерінен кемінде үш адамнан тұратын комиссия құрылады. Бұйрықтың көшірмесі шартпен бірге банкте сақталады. Комиссияның құрамы өзгерген жағдайда бұл туралы инкассация қызметіне алдын ала хабарланады.
Банкноттар мен монеталарды алған кезде комиссия мүшелері инкассаторға бұйрықты және жеке басын куәландыратын құжаттарды, ал ұйымның кассирі – чектің бақылау маркасын ұсынады. Инкассатор бақылау маркасы нөмірінің қапшықтағы таңбада көрсетілген чектің нөміріне сәйкес келуін тексереді. Чектің бақылау маркасы инкассаторға беріледі.

50 50. Клиенттің кассирі комиссия мүшелерінің және инкассаторлардың қатысуымен ақшаны қабылдайды. Ақшаны қабылдау кезінде қапшықтар (сөмкелер) пломбаланған пломбалардағы пломбирлер бедерлерінің анықтығы, олардың банк ұсынған үлгілерге сәйкестігі және қаптың (сөмкенің) бүтіндігі тексеріледі.

Банкноттар мен монеталар салынған қапшық (сөмке) бүтін болмаған, пломбасы бүлінген немесе оның үлгісіне сәйкес келмеген жағдайда ерікті нысандағы акт жасалады.
Комиссия мүшелері банкноттар мен монеталарды бұдан әрі қабылдауды инкассаторлардың қатысуымен бумалар және түбіршектер бойынша жүргізеді.
Бумалар және түбіршектер бойынша қабылдау кезінде артық шығу немесе кем шығу анықталған жағдайда № 58 қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасалады, оған комиссия мүшелері, кассир және инкассаторлар бригадасының жетекшісі қол қояды және инкассаторлардың қатысуымен заңды тұлға-клиенттің кассирі жеткізілген барлық банкноттар мен монеталарды банкноттарын парақтап қайта санауды және монеталарды бір-бірлеп қайта санауды жүзеге асырады.
Тараптар арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес клиенттің жеткізілген банкноттар мен монеталарды қабылдаудың өзге де тәртібін белгілеуіне рұқсат етіледі.

51 51. Инкассатордың заңды тұлға-клиентке банкноттар мен монеталарды жеткізгенін растайтын құжат жасалған шартқа сәйкес банк кассасының меңгерушісіне ұсынылған чектің бақылау маркасы не шығыс ордеріне қойылған белгі болып табылады.

Клиент алмаған (қабылдамаған) банкноттар мен монеталарды инкассаторлардан қабылдау Қағидалардың 14-25-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады және Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізілетін жеткізілетін құндылықтарды инкассациялау қызметінің кітабында касса меңгерушісінің қолхатымен ресімделеді.

5 5. Банк клиенттерін қолма-қол ақшамен және құндылықтармен алып жүру

52 52. Банк клиенттерін банкноттармен, монеталармен және құндылықтармен алып жүру алып жүруге арнап жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады. Инкассация қызметінің бөлімшесінде алып жүру бойынша қызмет көрсетілетін клиенттердің тізімі жүргізіледі.

53

53. Клиент инкассация қызметі бөлімшесінің басшысына берілетін алып жүруге арналған өтінімді алдын ала береді. Жекелеген жағдайларда, клиенттің өтініші бойынша клиент банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды алған кезінде инкассация қызметі басшысының шешімі бойынша инкассаторлар алдын ала өтінім берместен клиентті алып жүруді жүзеге асырады.
Инкассация қызметінің басшысы алып жүруге түскен өтінімдерге сәйкес:

1 1) инкассаторлардың жүру бағыттарын және клиенттерге келу кестелерін жасайды;

2 2) көрсетілген жұмысты орындағаны жөнінде құжаттама ресімдейді;

3 3) инкассаторлардың бригадаларын қалыптастыруды жүзеге асырады.

Бір клиентті алып жүру кезіндегі инкассаторлар бригадасының сандық құрамы екі адамнан, басқа жағдайларда үш адамнан кем болмайды.

54 54. Құндылықтары бар клиентке ілесіп жүру жұмысы кезінде инкассаторлардың мамандандырылған көлік құралын тастап кетуіне жол берілмейді. Инкассаторлар құндылықтарды алуға, орауға, бір орыннан басқа орынға апаруға қатыспайды және олардың ішіндегілерінің толықтығына жауап бермейді.

Бір мамандандырылған көлік құралымен бірнеше клиентке қызмет көрсеткен кезде құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін инкассаторлар бригадасының жетекшісі жүргізушімен бірге мамандандырылған көлік құралында қалады, ал инкассатор (инкассаторлар) касса үй-жайына дейін клиентке ілесіп жүреді.

55

55. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды межелі жерге жеткізгеннен кейін клиент инкассация қызметінің келу карточкасына ілесіп жүру жұмысын жүзеге асырғаны туралы қол қояды, оны заңды тұлға-клиент кассирінің және бас бухгалтерінің (басшысының) қойған қолымен растайды. Банкке келгеннен кейін инкассаторлар бригадасының жетекшісі инкассация қызметінің басшысына келу карточкасын көрсетеді.

1 Банкноттарды, монеталарды және

құндылықтарды есепке алу, сақтау,
тасымалдау және инкассациялау
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Инкассация қызметінің ________________________________
(банктің атауы)
_______ жылғы «____»_________________
тапсырма-өкімі
Кезекші инкассатор ______________________-дан ______________ дейін
Жү­ру ба­ғы­ты­ның №№
Ке­луі
Жү­ру ба­ғы­ты­на шы­ғу
Жү­ру ба­ғы­тын­да­ғы мін­дет­тер
Бри­га­да мү­ше­ле­рі­нің аты-жө­ні
Қо­лы
1
Же­тек­ші
Жи­на­у­шы
Жүр­гі­зу­ші
2
Же­тек­ші
Жи­на­у­шы
Жүр­гі­зу­ші
3
Же­тек­ші
Жи­на­у­шы
Жүр­гі­зу­ші
4
Же­тек­ші
Жи­на­у­шы
Жүр­гі­зу­ші
5
Же­тек­ші
Жи­на­у­шы
Жүр­гі­зу­ші
...
Же­тек­ші
Жи­на­у­шы
Жүр­гі­зу­ші
20
Же­тек­ші
Жи­на­у­шы
Жүр­гі­зу­ші
Ре­зерв­тік жү­ру ба­ғы­ты
Же­тек­ші
Жи­на­у­шы
Жүр­гі­зу­ші

2 Ақшалай түсімді жинауға арналған келу карточкаларын, сөмкелерді және сенімхаттарды есепке алу журналы

Банкноттарды, монеталарды және
құндылықтарды есепке алу,
сақтау, тасымалдау және
инкассациялау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
__________________________________________________
(банктің атауы)
Ақшалай түсімді жинауға арналған келу карточкаларын, сөмкелерді
және сенімхаттарды есепке алу журналы
____ жылғы «___» ____________ басталды
____ жылғы «___» ____________ аяқталды
Инкассация бөлімінің (қызметінің) бастығы (кезекшісі) жүргізеді.
Осы журнал тігіледі, беттері нөмірленеді. Осы журналдың сыртқы бетіндегі тиісті жазба банк басшысы мен инкассация бөлімі (қызметі) бастығының қойған қолдарымен расталады.
Бе­рі­л­ген кү­ні мен уа­қы­ты (са­ғат­пен және ми­нут­пен)
Те­гі, аты және әке­сі­нің аты (ол бол­са)
Жү­ру ба­ғыт­та­ры мен ин­кас­са­тор­лық пункт­тер­дің нө­мі­рі
1
2
3
кестенің жалғасы:
Ин­кас­са­тор­лар­ға бе­ріл­ді
сө­мке­лер (са­ны жа­зу­мен көр­сетiл­сiн)
ке­лу кар­точ­ка­ла­ры (са­ны жа­зу­мен көр­сетiл­сiн)
се­нім­хат­тар (нө­мі­рі көр­се­тіл­сін)
жү­ру ба­ғыт­та­ры­ның па­рақ­та­ры (са­ны жа­зу­мен көр­сетiл­сiн)
же­ке қор­ға­ну құ­рал­да­ры (са­ны жа­зу­мен көр­сетiл­сiн)
сейф­тер­дің кiлт­терi мен сур­гуч мөр­лер (са­ны жа­зу­мен көр­сетiл­сiн)
4
5
6
7
8
9
кестенің жалғасы:
Ин­кас­са­тор­лар­дың сө­мке­лер­ді, ке­лу
кар­точ­ка­ла­рын, се­нім­хат­тар­ды, сейф кі­лт­те­рін және сур­гуч мөр­лер­ді алу­ға қол­ха­ты
Ин­кас­са­тор­лар­дан
ке­лу кар­точ­ка­ла­ры (са­ны жа­зу­мен көр­сетiл­сiн)
се­нім­хат­тар (нө­мі­рі көр­се­тіл­сін)
жү­ру ба­ғыт­та­ры­ның па­рақ­та­ры (са­ны жа­зу­мен көр­сетiл­сiн)
же­ке қор­ға­ну құ­рал­да­ры (са­ны жа­зу­мен көр­сетiл­сiн
10
11
12
13
14
кестенің жалғасы:
алын­ды
Ин­кас­са­ция бө­лі­мі (қыз­ме­ті) ба­стығ­ы­ның (ке­зек­ші­нің) ке­лу кар­точ­ка­ла­рын, сейф кі­лт­те­рін және сур­гуч мөр­лер­ді алу­ға қол­ха­ты
Ес­керт­пе
Сейф­тер кiлт­терi­нің және сур­гуч мөр­лер­дің са­ны (са­ны жа­зу­мен көр­сетiл­сiн)
Алын­ған кү­ні мен уа­қы­ты (са­ғат­пен және ми­нут­пен)
15
16
17
18

3 Сенімхат

Банкноттарды, монеталарды және
құндылықтарды есепке алу,
сақтау, тасымалдау және
инкассациялау қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Сенімхат
Осы сенімхат ______________________________________________________________
(кім берді)
______________________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болса)
__________________________ инкассаторына банкпен жасалған шартқа сәйкес ұйымдардан
ақшалай түсім салынған пломбаланған сөмкелерді алуға берілді.
Қазақстан Республикасының _________________ облысы ____________ ауданында әрбір
жекелеген жағдайда жеке куәлігін, инкассация қызметі басшысының қолы қойылған келу
карточкасын міндетті түрде көрсете отырып, _____ жылғы «___» _______________________
(күні цифрмен, айы жазумен)
аралығында жарамды.
инкассатор _______________________________ ______
тегі, аты және әкесінің аты (ол болса) қолы
Басшы ___________________________________ ______
тегі, аты және әкесінің аты (ол болса) қолы
Бас бухгалтер ____________________________ ______
тегі, аты және әкесінің аты (ол болса) қолы

4 Қару және оқ-дәрілерді беруді және қабылдауды тіркеу журналы

Банкноттарды, монеталарды және
құндылықтарды есепке алу, сақтау,
тасымалдау және инкассациялау
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
______________________________жанындағы инкассация қызметі
(банктің атауы)
Қару және оқ-дәрілерді беруді және қабылдауды тіркеу журналы
Ба­стал­ды: ____ жы­л­ғы  «___» ____________
Аяқ­тал­ды: ____ жы­л­ғы  «___» ____________
Осы журналдағы жазбалар оны толық пайдаланғанға дейiн жүргізіледі.
р/с    №
Қа­ру мен оқ-дә­рі­лер бе­рі­л­ген адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты
Пас­порт нө­мі­рі неме­се қа­ру мен оқ-дә­рі­лер қан­дай мақ­сат­тар­ға бе­ріл­ді
Қа­ру­дың ата­уы және нө­мі­рі
Оқ-дә­рі­лер са­ны
Бе­рі­л­ген кү­ні мен уа­қы­ты
Қа­ру мен оқ-дә­рі­лер­ді алу қол­ха­ты
Қа­ру мен оқ-дә­рі­лер­ді тап­сы­ру ту­ра­лы бел­гі
Ес­кер­ту*
Тап­сыр­ған кү­ні мен уа­қы­ты
Қа­ру мен оқ-дә­рі­лер­ді қа­был­дау қол­ха­ты
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
* Егер оқ-дәрi немесе қару алынған санынан кем қайтарылған жағдайда, нақты өткізілген қару мен оқ-дәрiнiң саны және оқ-дәрi мен қарудың қалған санын тапсырылмау себебi туралы «Ескерту» бағанына жазба жасалады.

5 Қару мен оқ-дәрілерді есепке алу кітабы

Банкноттарды, монеталарды және
құндылықтарды есепке алу, сақтау,
тасымалдау және инкассациялау
қағидаларына
5-қосымша
Нысан
__________________________________________
(банктің атауы)
Қару мен оқ-дәрілерді есепке алу кітабы
Ба­стал­ды: ____ жы­л­ғы  «___» ____________
Аяқ­тал­ды: ____ жы­л­ғы  «___» ____________
Осы журналдағы жазбалар оны толық пайдаланғанға дейiн жүргізіледі.
р/с №
Кі­ріс құ­жат­та­ры­ның кү­ні, ата­уы және нө­мі­рі
Кү­ні, кет­ті (қай­да және қан­дай ұй­ым­ға жөн­деу ге бе­ріл­ді)
Есеп­те тұр
Пи­сто­лет­тер
Пи­сто­лет­ке па­трон­дар
Ре­воль­вер­лер
бар­лы­ғы
Мар­ка­сы, ка­либ­рі, нө­мі­рі
бар­лы­ғы
Мар­ка­сы, ка­либ­рі, нө­мі­рі
кестенің жалғасы
Есеп­те тұр
Ре­воль­вер­лер­ге па­трон­дар
Вин­тов­ка­лар, (ка­ра­бин­дер)
Вин­тов­ка­ға (ка­ра­бин­ге) па­трон­дар
Оқу қа­руы
ав­то­мат­тар
Ка­либр бой­ын­ша ав­то­мат­қа оқ-дә­рі­лер
бар­лы­ғы
Мар­ка­сы, ка­либ­рі, нө­мі­рі
бар­лы­ғы
Мар­ка­сы, ка­либ­рі, нө­мі­рі
Мар­ка­сы, ка­либ­рі, нө­мі­рі

6 Құндылықтарды инкассациялау және тасымалдау учаскесі кезекшілерінің қаруды, оқ-дәрілерді, құжаттарды және басқа да құндылықтарды өткізуді және қабылдауды есепке алу журналы

Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды есепке алу,
сақтау, тасымалдау және
инкассациялау қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Құндылықтарды инкассациялау және тасымалдау учаскесі
кезекшілерінің қаруды, оқ-дәрілерді, құжаттарды және басқа да
құндылықтарды өткізуді және қабылдауды есепке алу
журналы
____ жылғы «___» ____________ басталды
____ жылғы «___» ____________ аяқталды
Осы журналдағы жазбалар оны толық пайдаланғанға дейін жүргізіледі.
Қа­ру­ды өт­кі­зу кү­ні және уа­қы­ты
қол­да бар
бе­ріл­ді
қол­да бар
бе­ріл­ді
қол­да бар
бе­ріл­ді
Қа­ру
Ав­то­мат­тар:
ППШ...
АКС..........
АКМ..........
АК..........
АКС-74У........
«На­ган» ре­воль­вер­ле­рі...
Пи­сто­лет­тер:
ТТ..........
ПМ..........
Жиын­тығы:
Па­трон­дар
Мы­на ав­то­мат­тар­ға:
ППШ..........
АКС..........
АКМ..........
АК..........
АКС-74У........
«На­ган» ре­воль­вер­ле­ріне
Мы­на пи­сто­лет­тер­ге:
ТТ..........
ПМ..........
Жиын­тығы:
Бро­не­жи­лет­тер
.........
.........
Жиын­тығы:
Бай­ла­ныс құ­рал­да­ры
Ста­ци­о­нар­лық........
Алып жү­ре­тін........
Киіп жү­ре­тін........
Жиын­тығы:
Құ­жат­тар және бас­қа құн­ды­лық­тар
....қа­руын ұстау құқы­ғы­на бе­рі­л­ген рұқ­сат
Ақ­ша түсi­мiн ин­кас­са­ци­я­ла­у­ға бе­рі­л­ген се­нім­хат.
Ин­кас­са­ция ба­ғы­ты­на және ...... құн­ды­лық­тар­ды та­су­ға бе­рі­ле­тін ку­ә­лік
.......ин­кас­са­тор­дың же­ке ку­әлi­гi
........ жү­ру ба­ғыт­та­ры­ның нө­мір­ле­рі­мен ин­кас­са­ция учас­ке­сі­нің мөр­ле­рі
Сур­гуч мөр­лер...
........сейф­тер­дің кiлт­терi
....... жү­ру ба­ғы­ты­на бе­ріл­мей қал­ған бос ин­кас­са­тор сө­мке­ле­рі­нің қал­ды­ғы
Стан­дарт­ты бре­зент
қап­шық­тар.........
Порт­фель­дер........
План­шет­тер........
Тап­сыр­ды (те­гі, аты және әке­сі­нің аты (ол бол­са) және қо­лы
Қа­был­да­ды (те­гі, аты және әке­сі­нің аты (ол бол­са) және қо­лы........
Қа­ру­дың, оқ-дә­рі­лер­дің, құ­жат­тар­дың және өзге де құн­ды­лық­тар­дың бе­рі­л­ген кү­ні және дұ­рыс берiлуiн рас­тай­тын ин­кас­са­ция учас­ке­сі ба­стығ­ы­ның қо­лы.......
оқ-дә­рі­лер, құ­жат­тар және бас­қа да құн­ды­лық­тар
қол­да бар
бе­ріл­ді
қол­да бар
бе­ріл­ді
қол­да бар
бе­ріл­ді
қол­да бар
бе­ріл­ді
қол­да бар
бе­ріл­ді

7 № ____ тізімдеме

Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды есепке алу,
сақтау, тасымалдау және
инкассациялау қағидаларына
7-қосымша
Нысан
___________________________
(жiберушi банктiң атауы)
____ жылғы «___» _________
________________________________
(алушы банктiң атауы)
_____________________ қаласы
№ ____ тізімдеме
Операциялық кассадан ақша банкноттарын‚ қатаң есептегі бланкілердi‚ шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын (керек емесi сызылсын) инкассаторлар бригадасының жетекшісі
_________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болса)
арқылы жiберемiз.
Құн­ды­лық­тар­дың ата­уы (ва­лю­та­ның ко­ды‚ банк­нот­тар мен мо­не­та­лар­дың құ­ны‚ қа­таң есеп­те­гі блан­кiлер­дiң нө­мір­ле­рі)
Со­ма­сы
Бу­ма­лар
са­ны
Қап­тар
са­ны
Қап­тар
нө­мір­ле­рі
Плом­бир
нө­мі­рі
но­ми­на­лы бой­ын­ша
тең­ге­мен
Жиын­тығы
Барлық сомасы ____________________________________________ теңге.
(сомасы жазумен)
Құндылықтардың сақталуына жауапты адамдар:
______________
(ла­у­а­зы­мы)
__________________________________
те­гі, аты және әке­сі­нің аты (ол бол­са)
______________
(қо­лы)
______________
(ла­у­а­зы­мы)
__________________________________
те­гі, аты және әке­сі­нің аты (ол бол­са)
_____________
(қо­лы)
______________
(ла­у­а­зы­мы)
__________________________________
те­гі, аты және әке­сі­нің аты (ол бол­са)
______________
(қо­лы)
_____ жылғы «___»_____________ банктің инкассаторлар бригадасының жетекшісі
________________________________________ арқылы жiберiлген
тегі, аты және әкесінің аты (ол болса)
тізімдемеде көрсетілген ______________________________ теңге
цифрмен
____________________________ сомасындағы құндылықтар қабылданды.
(сомасы жазумен)
Құндылықтар
______________________________________________________________________
(бет бойынша‚ жапсырмаларындағы жазбалар бойынша‚ бума мен түбіршек
бойынша көрсетiлсiн)
______________________________________________________________________
_____________ тексерiлiп қабылданды.
Құн­ды­лық­тар­дың сақ­та­луы­на
жа­у­ап­ты адам­дар:
__________
(ла­у­а­зы­мы)
________________________________
те­гі, аты және әке­сі­нің аты (ол бол­са)
__________
(қо­лы)
__________
(ла­у­а­зы­мы)
_______________________________
те­гі, аты және әке­сі­нің аты (ол бол­са)
__________
(қо­лы)
_________
(ла­у­а­зы­мы)
_______________________________
те­гі, аты және әке­сі­нің аты (ол бол­са)
___________
(қо­лы)
Құндылықтарды өткізген инкассаторлар
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
қолдары

8 Инкассация қызметі жеткізетін құндылықтар кітабы

Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды есепке алу,
сақтау, тасымалдау және
инкассациялау қағидаларына
8-қосымша
Нысан
Инкассация қызметі жеткізетін құндылықтар кітабы
Қү­ні
Ба­ғыт нө­мі­рі
Бри­га­да­ның құ­ра­мы те­гі, аты және әке­сі­нің аты (ол бол­са)
Ұй­ым­ның ата­уы (ме­кен­жайы) (кас­са бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы тол­ты­ра­ды)
Жет­кі­зі­ле­тін қол­ма-қол ақ­ша со­ма­сы (кас­са бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы тол­ты­ра­ды)
Ин­кас­са­тор­лар­дың құн­ды­лық­тар­ды қа­был­да­ға­ны ту­ра­лы бел­гі
Ұй­ым­ның құн­ды­лық­тар­ды жет­кі­зуі ту­ра­лы бел­гі­сі (қо­лы)
Кас­са бө­лім­ше­сі бас­шы­сы­ның қа­был­дан­ба­ған сө­мке­лер­ді қа­был­да­ға­ны ту­ра­лы бел­гі­сі
Ин­кас­са­ция қыз­ме­ті бас­шы­сы­ның тап­сыр­ма­ны орын­да­ға­ны ту­ра­лы бел­гі­сі
1
2
3
4
5
6
7
8
9

Қолданыстағы