Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего, послевузовского образования

Бұйрық · № 456 · қабылданған 03.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68165/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего, послевузовского образования Күшін жойған Бұйрық ·№ 456 ·03.10.2012
17.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего, послевузовского образования

Күшін жойған Бұйрық ·№ 456 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего, послевузовского образования
Атауы (қаз.)
Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау саласында ұсынатын мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
456
Қабылданған күні
03.10.2012
Көрсетілген редакция
17.06.2014 AI68165_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008000
ЭКБ идентификаторы
68165
Редакция идентификаторы
AI68165_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:13

0 Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау саласында ұсынатын мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы

2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) 1-қосымшаға сәйкес «Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті;

2 2) 2-қосымшаға сәйкес «Кәсіптік жоғары білім бағдарламалары бойынша оқу үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;

3 3) 3-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алу үшін жоғары оқу орындарына қабылдау және тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

1 «Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 3 қазандағы
№ 456 бұйрығына
1-қосымша
«Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетудің осы регламенті (бұдан әрі – регламент) жоғары оқу орындарымен (бұдан әрі – ЖОО) көрсетіледі және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына, «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметінің стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.

2 2. Қазақстан Республикасы ЖОО-ларға түсетін тұлғаларды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру гранттарын) орналастыру арқылы жүзеге асады.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылмаған.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жіберілгені туралы ақпарат көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап болып табылады.

5 5. Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1

1) мемлекеттік қызмет – Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлт өкілдеріне және Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заң талаптарына сәйкес шет елдік азаматтарға көрсетілетін құжаттандырылған рәсім (бұдан былай - қызмет);

2

2) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына түсетін тұлғаларды қабылдау – талапкерлерді ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификат балдарына сәйкес конкурстық негіздегі өтініштер бойынша тиісті комиссиямен қабылдауды жүзеге асыру рәсімі;

3

3) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі;

4 4) білім беру гранты - жоғары білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;

5 5) мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

6 6. Мемлекеттік қызмет мынадай тәртіппен көрсетіледі: демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс уақыты: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағымен анықталған.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9 9. Мемлекеттік қызметті алу туралы сауалнамалардың нысандары жоо-лардың интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында www.edu.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылады.

10 10. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

11 11. Білім беру грантын алуға басым құқығы бар тұтынушылар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына аталған құқықты растайтын құжатты тапсырады.

12 12. Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен нострификатталуы тиіс.

13 13. Бірінші және екінші топтағы мүгедек тұтынушылар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезден мүгедектер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын ұсынады.

14 14. Тұтынушыға Стандарттың 14-тармағында көрсетілген деректемелерді көрсете отырып, Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі.

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жеткізу мемлекеттік қызметті тұтынушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.

16 16. Қарастыруға келіп түсетін құжаттарды қабылдамауға жол берілмейді.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылуына немесе мемлекеттік қызметтен бас тартуға осы регламенттің 12-15-тармақтарында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы немесе толық ұсынылмауы негіз болып табылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде іс-әрекет (өзара әрекет) тәртібін сипаттау

18 18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

1 1) қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы - құжаттарды қабылдау, олардың толықтығын тексеру, журналға тіркеу және қолхат беру;

2 2) ЖОО-ның ректоры – тұтынушыға дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағымдарды қарау;

3 3) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі – тұтынушы мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағымдарды қарау.

19 19. Осы регламенттің 1-қосымшасында әрбір іс-әрекеттің орындау мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ-да қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.

1.1 ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

«Жоғары білім алу үшін білім беру
гранттарын беруге арналған конкурсқа
қатысу үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің іс-әре­ке­ті (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
1
Іс-әре­кет­тің (ба­ры­сы­ның, жұ­мыс ағы­ны­ның) №
1
2
3
2
ҚФБ ата­уы
Қа­был­дау ко­мис­си­я­сы­ның тех­ни­ка­лық хат­шы­сы
ЖОО рек­то­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі
3
Іс-әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және оның си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­дың то­лық бо­луын тек­се­ру, қа­был­дау
Бі­лім алушы­лар қа­та­ры­на қа­был­дау
Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тің нәти­же­сіне кел­іс­пе­ген жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алушы­лар­дың ша­ғым­да­рын қа­рас­ты­ру
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-өкім­гер­лік ше­шім)
Жур­нал­да тір­кеу  және қол­хат­ты бе­ру
Қа­был­дау ту­ра­лы бұй­рық
Жа­з­ба­ша жа­у­ап
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
20 мау­сым­нан
20 шіл­де­ге дей­ін
31 та­мыз­ға дей­ін
«Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың өті­ніш­те­рін қа­рау тәр­ті­бі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2007 жы­л­ғы 12 қаң­тар­да­ғы За­ңы­на сәй­кес
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
2
3

2 «Кәсіптік жоғары білім бағдарламалары бойынша оқу үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 3 қазандағы
№ 456 бұйрығына
2-қосымша
«Кәсіптік жоғары білім бағдарламалары бойынша оқу үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мен оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетудің осы регламенті (бұдан әрі – регламент) жоғары оқу орындарымен (бұдан әрі – ЖОО) көрсетіледі және 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мен оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.

2 2. Қазақстан Республикасы ЖОО-ларға түсетін тұлғаларды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру гранттарын) орналастыру арқылы жүзеге асады.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылмаған.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жіберілгені туралы ақпарат көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап болып табылады.

5 5. Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) мемлекеттік қызмет – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдеріне және шетелдік азаматтарға көрсетілетін құжаттандырылған рәсім;

2

2) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды қабылдау – ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификат балдарына сәйкес конкурстық негізде өтініштері бойынша тиісті комиссияның (бұдан әрі – қабылдау комиссиясы) талапкерлерді қабылдауды жүзеге асыру рәсімі;

3

3) мемлекеттік білім беру тапсырысы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, экономиканың сұраныстарын қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін жаңғырту үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды дайындау, біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсету көлемі;

4 4) білім беру гранты – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттарда жоғары білімге ақы төлеу үшін білім алушыға берілетін мақсатты қаражат сомасы;

5 5) мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

6 6. Мемлекеттік қызмет мынадай тәртіппен көрсетіледі: демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс уақыты: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Қабылдау кезек бойынша жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу мен жедел қабылдау мәселелері қарастырылмаған.

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағымен анықталған.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9 9. Мемлекеттік қызметті алу туралы сауалнамалардың нысандары жоо-лардың интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында www.edu.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылады.

10 10. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

11 11. Тұтынушыға Стандарттың 14-тармағында көрсетілген деректемелерді көрсете отырып, Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жеткізу мемлекеттік қызметті тұтынушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.

13 13. Қарастыруға келіп түсетін құжаттарды қабылдамауға жол берілмейді.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе одан бас тартуға негіз болатындар:

1 1) Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау немесе толық ұсынбау;

2

2) Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен ағымдағы жылы жалпы орта білім беру ұйымдарын бітірушілер, кешенді тестілеуге қатысушылар ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу үшін тестілеу нәтижесі бойынша 70 балдан, басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін 50 балдан, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша түсушілер 55 балдан, келесі пәндер: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні, оның ішінде бейінді пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтихан бойынша 10 балдан), ал қалған пәндерден 4 балдан кем жинауы;

3 3) Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу шеңберінде тапсырған пәндердің біреуінен 4 балдан кем алуы (ақылы оқуға түсуге немесе білім беру грантын беру конкурсына қатысуға жіберілмейді).

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл (өзара іс-әрекет) тәртібін сипаттау

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

1 1) қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы – құжаттарды қабылдау, толықтығын тексеру, журналға тіркеу, қолхат беру;

2 2) жоо ректоры – оқуға қабылдау туралы бұйрық шығару;

3 3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі – тұтынушы көрсетілген қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағымдарды қарау.

16 16. Осы регламенттің 1-қосымшасында әрбір іс-әрекеттің орындау мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ-да қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.

2.1 ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

«Кәсіптік жоғары білім бағдарламалары
бойынша оқу үшін жоғары оқу орындарына
құжаттарды қабылдау және тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің іс-әре­ке­ті (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
1
Іс-әре­кет­тің (ба­ры­сы­ның, жұ­мыс ағы­ны­ның) №
1
2
3
2
ҚФБ ата­уы
Қа­был­дау ко­мис­си­я­сы­ның тех­ни­ка­лық хат­шы­сы
Жоо рек­то­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі
3
Іс-әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және оның си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ру, қа­был­дау
Сту­дент­тер қа­та­ры­на қа­был­дау
Көр­се­ті­л­ген қыз­мет нәти­же­сі­мен тұ­ты­ну­шы кел­іс­пе­ген жағ­дай­да, ша­ғым­дар­ды қа­рау
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-өкім­гер­лік ше­шім)
Жур­нал­ға тір­кеу және қол­хат бе­ру
Қа­был­дау ту­ра­лы бұй­рық
Жа­з­ба­ша жа­у­ап
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
1) 20 мау­сым мен 9 шіл­де ара­лы­ғын­да ке­шен­ді те­сті­ле­у­ге қа­ты­су үшін өті­ніш­тер қа­был­дау;
2) 20 мау­сым мен 1 шіл­де ара­лы­ғын­да шы­ғар­ма­шы­лық ма­ман­дық­тар­ға өті­ніш­тер қа­был­дау;
3) Ұлт­тық бі­рың­ғай те­сті­ле­уден өт­кен­ді­гі ту­ра­лы се­ри­фи­ка­ты бар бі­ті­ру­ші­лер­ден 20 мау­сым мен 10 та­мыз ара­лы­ғын­да құ­жат­тар қа­был­дау
1) 10-25 та­мыз ара­лы­ғы
«Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың өті­ніш­те­рін қа­рау тәр­ті­бі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2007 жыл 12 қаң­тар­да­ғы За­ңы­на сәй­кес
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
2
3

3 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алу үшін жоғары оқу орындарына қабылдау және тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 3 қазандағы
№ 456 бұйрығына
3-қосымша
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алу үшін жоғары оқу орындарына қабылдау және тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетудің осы регламенті (бұдан әрі – регламент) жоғары оқу орындарымен (бұдан әрі – ЖОО) көрсетіледі және 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметінің стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан азаматтығы жоқ тұлғаларға және шетел азаматтарына көрсетіледі.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылмаған.

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі қабылдау туралы ректордың бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

5 5. Мемлекеттік қызмет мынадай тәртіппен көрсетіледі: демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс уақыты: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Қабылдау кезек бойынша жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу мен жедел қабылдау мәселелері қарастырылмаған.

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағымен анықталған.

7 7. Мемлекеттік қызметті алу туралы сауалнамалардың нысандары жоо-лардың интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында www.edu.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылады.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9 9. Тұтынушыға Стандарттың 14-тармағында көрсетілген деректемелерді көрсете отырып, Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жеткізу мемлекеттік қызметті тұтынушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылуына немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға төмендегі жағдайлар негіз болады:

1 1) Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы немесе толық ұсынылмауы;

2 2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсушілердің әрбір емтиханды 100 балға бағалайтын жүйе бойынша екі түсу емтиханының нәтижесінде 150 балдан кем балл жинауы.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі (өзара іс-әрекеттер) іс-әрекеттер тәртібінің сипаттамасы

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мынaдай құрылымдық-функционалды бірлігі (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

1 1) қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы – қабылдау, құжаттардың толық екенін тексеру, журналда тіркеу және сенімхат беру;

2 2) жоо ректоры - қабылдау туралы бұйрықтың шығуы;

3 3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі – көрсеткен қызмет нәтижесі бойынша тұтынушылар келіспеген жағдайда шағымдарын қарастыру.

13 13. Осы регламенттің 1-қосымшасында әрбір іс-әрекеттің орындау мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ-да қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.

3.1 ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беру бағдарламалары бойынша білім
алу үшін жоғары оқу орындарына
қабылдау және тіркеу» мемлекеттік
қызмет регламентіне
1-қосымша
ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің іс-әре­ке­ті (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
1
Іс-әре­кет­тің (ба­ры­сы­ның, жұ­мыс ағы­ны­ның) №
1
2
3
2
ҚФБ ата­уы
ЖОО қа­был­дау ко­мис­си­я­сы­ның тех­ни­ка­лық хат­шы­сы
ЖОО-ның рек­то­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі
3
Іс-әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және оның си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ру, қа­был­дау
Тұ­ты­ну­шы­ға дұ­рыс қыз­мет көр­сет­пе­ген жағ­дай­да ша­ғым­дар­ды қа­рау
Тұ­ты­ну­шы мем­ле­кет­тік қыз­мет нәти­же­ле­рі­мен кел­іс­пе­ген жағ­дай­да ша­ғым­дар­ды қа­рау
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-өкім­гер­лік ше­шім)
Жур­нал­ға тір­кеу және қол­хат бе­ру
Жа­з­ба­ша жа­у­ап
Жа­з­ба­ша жа­у­ап
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
Құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап 30 ми­нут­тан ас­пай­ды;
мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін өті­ніш бер­ген сәт­тен ба­стап 3 жұ­мыс кү­ні­нен ас­пай­ды
3 күн­нен ас­пай­ды
«Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың өті­ніш­те­рін қа­рау тәр­ті­бі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2007 жы­л­ғы 12 қаң­тар­да­ғы За­ңы­на сәй­кес
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
2
3

Қолданыстағы