Құжат мәтініне өту

Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничителных мероприятий на территории зимовки Ангиык Сайхинского аульного округа Бокейординского района

Өзге акт · № 31 · қабылданған 28.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68179/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничителных мероприятий на территории зимовки Ангиык Сайхинского аульного округа Бокейординского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 31 ·28.09.2012
13.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничителных мероприятий на территории зимовки Ангиык Сайхинского аульного округа Бокейординского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 31 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничителных мероприятий на территории зимовки Ангиык Сайхинского аульного округа Бокейординского района
Атауы (қаз.)
Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округінің Аңғиық қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
31
Қабылданған күні
28.09.2012
Көрсетілген редакция
13.11.2012 68179_194117.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12ZDA03100
ЭКБ идентификаторы
68179
Редакция идентификаторы
68179_194117
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:15

0 Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округінің Аңғиық қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2012 жылғы 20 тамыздағы № 413 ұсынбасы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, әкім ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округінің Аңғиық қыстағы аумағында ірі қара малының арасында пастереллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.

2

2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Бөкейорда ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын шараларды алу ұсынылсын.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, мал дәрігері М. Төлегеновке жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің Бөкей ордасы
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________Б. Менешев
28.09.2012 ж.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Бөкей
ордасы аудандық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________Ж. Султангалиев
28.09.2012 ж.
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
Комитетінің Батыс Қазақстан
облысы бойынша департаменті
Бөкейорда ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________С. Рамазанова
28.09.2012 ж.

Қолданыстағы