Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 300
- Қабылданған күні
- 10.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2016 68196_236926.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NP003854
- ЭКБ идентификаторы
- 68196
- Редакция идентификаторы
- 68196_236926
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:11
0 Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау және оларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін аудандағы жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2
2. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш жасаған қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа жолдау кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.
3
3. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Науырзым ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 445 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-16-126 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 18 қарашадағы № 33 "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛIСIЛДI:
"Қазақстан Республикасы ішкі істер
министрлігі Қостанай облысының ішкі істер
Департаменті Науырзым ауданының iшкi
iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
_____________________________ Н. Байкасов