Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы, правил заполнения и представления уведомлений Информационного центра по техническим барьерам в торговле, санитарным и фитосанитарным мерам

Бұйрық · № 319 · қабылданған 14.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68204/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении формы, правил заполнения и представления уведомлений Информационного центра по техническим барьерам в торговле, санитарным и фитосанитарным мерам Күшін жойған Бұйрық ·№ 319 ·14.09.2012
01.07.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы, правил заполнения и представления уведомлений Информационного центра по техническим барьерам в торговле, санитарным и фитосанитарным мерам

Күшін жойған Бұйрық ·№ 319 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы, правил заполнения и представления уведомлений Информационного центра по техническим барьерам в торговле, санитарным и фитосанитарным мерам
Атауы (қаз.)
Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну нысандарын, қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
319
Қабылданған күні
14.09.2012
Көрсетілген редакция
01.07.2021 68204_528750.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008012
ЭКБ идентификаторы
68204
Редакция идентификаторы
68204_528750
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:20

0 Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну нысандарын, қағидаларын бекіту туралы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Бекітілсін:

1 1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну қағидалары;

2 2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Төтенше санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық шаралар туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламасының нысаны;

3 3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімі шеңберіндегі Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;

4 4) Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімі шеңберіндегі Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;

5 5) Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Техникалық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарға қатысуы туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;

6 6) Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының стандартын әзірлеуді бастау туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;

7 7) Осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының стандарт жобасын әзірлеу туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;

8 8) Осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының стандарт жобасын ашық талқылаудың аяқталуы туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;

9 9) Осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес Техникалық регламент жобасын әзірлеу туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;

10 10) Осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес Техникалық регламенттің жобасын ашық талқылаудың аяқталуы туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны.

2

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамалық белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.

3

3. «Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық хабарламаларының нысандарын, оларды толтыру және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 1 сәуірдегі № 94 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 5 мамырда № 3623 тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы тамыз, № 17) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 1-қосымша
Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Қағидалар «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламаларын (бұдан әрі - хабарламалар) толтыру және ұсыну тәртібін белгілейді.

2 2. Хабарламаларды толтыруда мыналар туралы ақпараттар қамтылады:

1 1) қабылданған (бекітілген) және қолданысқа енгізілген техникалық регламенттер, ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, стандарттар, оларға енгізілген өзгерістер және өнімнің, қызметтердің сәйкестігін растау шаралары туралы жобаны әзірлеу;

2 2) техникалық регламенттердің талаптарын, сондай-ақ ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық талаптарын, оның ішінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесіндегі бұзушылық фактілері;

3 3) міндетті талаптарды, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарын бұзу салдарынан адамның өмірі мен денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі мен денсаулығына зиян келтіру және залал әкелу (осы залалдың ауырлығын ескере отырып) фактілері;

4 4) техникалық регламенттердің талаптарын, сондай-ақ санитарлық және фитосанитарлық талаптарды бұзушылықты жою үшін қабылданған шаралар;

5 5) халықаралық ұйымдардан және үшінші елдерден алынған, адамның өмірі мен денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаны қорғауға, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнімдер;

6 6) қолданыстағы бақылау және тексеру шаралары, өндіріс және карантин қағидалары, пестицидтер мен тағамдық қоспалардың рұқсат етілген деңгейде мақұлданған шаралары;

7 7) тәуекелдерді бағалау, сонымен қатар ескерілетін факторларды бағалау, сондай-ақ ветеринарлық, санитарлық немесе фитосанитарлық қорғаудың тиісті деңгейін анықтау;

8 8) карантиндік, фитосанитарлық, санитарлық-эпидемиологиялық және эпизоотикалық ахуалдың нашарлауы және уақытша енгізілген шаралар;

9 9) анықталған және таралған карантиндік объектілер (карантиндік зиянды ағзалар);

10 10) халық арасында инфекциялық және жаппай инфекциялық емес ауруларды (улануларды) табу;

11 11) адамның өміріне, денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына қауіпті өнімдерді табу;

12 12) бірыңғай санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін бақылаудағы тауарлардың келіп түсу ықтималдығы;

13 13) техникалық реттеу, ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы халықаралық құқықтық құжаттар;

14 14) техникалық регламенттерді әзірлеу бағдарламалары;

15 15) ұлттық (мемлекеттік) стандарттарды әзірлеу бағдарламалары (жоспарлары);

16 16) техникалық регламенттің талаптарына өнімдердің сәйкестігін растау үшін ерікті түрде қолданылуы мүмкін өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, сондай-ақ ұлттық (мемлекеттік) стандарттар;

17 17) сәйкестікті бағалау (растау) саласындағы құжаттар;

18 18) сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімдер туралы құжаттар;

19 19) жануарлардың қауіпті және карантиндік ауруларының тізбесі;

20 20) ветеринарлық бақылауға жататын тауарлар тізбесі;

21 21) карантиндік объектілер мен аса қауіпті ағзалардың тізбесі;

22 22) карантиндік фитосанитарлық бақылауға жататын карантиндегі өнімдердің (карантиндегі жүктер, карантиндегі материалдар, карантиндегі тауарлар) тізбесі.

2 2. Ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну тәртібі

3

3. Хабарламаның әр бағаны орыс тілінде немесе ағылшын тілінде толтырылуы тиіс. Хабарламалар MS Word мәтіндік редактор пішінінде дайындалуы, Times New Roman бірдей қаріпінде болуы, асты сызылмаған, курсив емес және қалың емес шрифте болуы, шрифт көлемі 12 болуы, А4 пішінінде көлемі екі беттен артық болмауы тиіс. Ақпарат болмаған жағдайда, бағанда "белгісіз" немесе "белгіленбеген" деген жазу жазылады.

4 4. Хабарламаларда берілетін ақпарат хабарлама нысанын толығымен, нақты және оның халықаралық стандарттардың, халықаралық, өңірлік және ұлттық ұйымдардың жарлық пен нұсқаулықтардың талаптарына сәйкестік деңгейін сипаттауы тиіс.

5 5. Хабарламалар қолданысқа енгізілу мерзіміне қарай мыналарға бөлінеді:

1 1) төтенше санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық шара туралы хабарламалар;

2 2) қарапайым хабарламалар.

6

6. Төтенше санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық шаралар туралы хабарламалардың нысанын және техникалық регламенттердің, сондай-ақ ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптарын, оның ішінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесіндегі бұзушылық фактілері туралы, санитарлық және фитосанитарлық шаралар (бұдан әрі - СФС), стандарттар, оларға өзгерістер және өнімнің, қызметтердің сәйкестігін растау рәсімдерін қабылдау бойынша адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер, қоршаған ортаны қорғаудың шұғыл мәселелерімен байланысқан нақты реттеуді енгізу туралы Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі - ДСҰ), Еуразиялық экономикалық қауымдастығының (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) және Еуразиялық экономикалық комиссиясының (бұдан әрі - ЕЭК) мүдделі мүше елдеріне хабарлау мақсатында мемлекеттік органдар толтырады және Ақпарат орталығына ұсынады.

7

7. Қарапайым хабарламаларды мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар және олардың қызметтері техникалық регламенттер, санитарлық және фитосанитарлық шараларды әзірлеу жұмыстарымен байланысты қауымдастықтары мен одақтары және қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен көзделген басқа да тұлғалар техникалық регламенттер, СФС шаралар, стандарттар мен оларға енгізілетін өзгерістердің және өнімнің, қызметтер көрсету сәйкестігін растау рәсімдерін әзірлеу кезеңінде, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және стандарттау, сәйкестігін растау, аккредиттеу, ветеринария, санитария және фитосанитария саласындағы екіжақты және көпжақты сипаттағы халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының мүше болуы немесе қатысу туралы мүдделі ДСҰ, ЕурАзЭҚ және ЕЭК мүше елдер үшін елдің қандай нақты реттеулерді енгізуге ниетті екенін білуге мүмкіндік беру мақсатында толтырады және Ақпарат орталығына ұсынады.

8

8. Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы ДСҰ хатшылығына, Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитетке (бұдан әрі - СТК жөніндегі комитет), Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитетке (бұдан әрі - СФС жөніндегі комитет) және ДСҰ-на мүше елдерге хабарламаларды ағылшын тілінде, ЕурАзЭҚ және ЕЭК мүше елдерге орыс тілінде жібереді.

9 9. ДСҰ хатшылығына, СТК жөніндегі комитетке, СФС жөніндегі комитетке және ДСҰ, ЕурАзЭҚ және ЕЭК мүше елдерге ұсынылатын хабарламаларға Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы сәйкестендіру нөмірін береді.

2 Төтенше санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық шаралар туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламасы

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 2-қосымша
Нысан
Төтенше санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық шаралар туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламасы
ДҮ­НИ­Е­ЖҮ­ЗІ­ЛІК
СА­УДА ҰЙ­Ы­МЫ
G/SPS/N/KAZ/
кк/аа/жж
(##-####)
Са­ни­тар­лық және фи­то­са­ни­тар­лық ша­ра­лар жө­нін­де­гі ко­ми­тет
Түп­нұс­қа:
ТӨТЕНШЕ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
1.
Ха­бар­ла­у­шы:
Қол­да­ну­ға жа­рам­ды бол­са, жер­гі­лік­ті би­лік ор­га­ны­ның ата­уы:
2.
Жа­у­ап­ты ор­ган:
3.
Қам­ты­ла­тын өнім (ДСҰ-на ұсы­ны­л­ған ұлт­тық ті­зім­ге сәй­кес та­риф­тік бап­тың нө­мір (лер)і, аб­бре­ви­а­ту­ра­лар жа­ра­май­ды; егер қол­да­ну­ға жа­рам­ды бол­са, МСЖ код­та­ры қо­сым­ша бе­рі­ле­ді):
4.
Қа­жет­ті дең­гей­де неме­се іс жү­зін­де құ­жат­тар­дың ере­же­ле­рі ық­пал ете ала­тын өңір­лер мен ел­дер:
[ ] Бар­лық са­уда се­рік­те­сте­рі
[ ] Нақ­ты өңір­лер неме­се ел­дер:
5.
Ха­бар­лай­тын құ­жат­тың ата­уы: Ті­лі: Бет­тер­дің са­ны:
6.
Маз­мұ­нын си­паттау:
7.
Мақ­са­ты және негіз­де­ме­сі: [ ] та­ғам қа­уіп­сіз­ді­гі, [ ] жа­ну­ар­лар са­улы­ғы, [ ] өсім­дік­тер­ді қор­ғау, [ ] адам­дар­ды зи­ян­кестер­ден неме­се жа­ну­ар­лар­дың/өсім­дік­тер­дің ау­ру­ла­ры­нан қор­ғау, [ ] зи­ян­кестер­мен ке­ле­тін бас­қа за­лал­дар­дан аумақ­тар­ды қор­ғау.
8.
Тө­тен­ше ша­ра­лар­дың си­патта­ма­сы, тө­тен­ше ша­ра­лар­ға ба­ру се­беб(птер)і:
9.
Ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­тар, нұс­қа­улық­тар, ұсы­ны­стар:
[ ] Ко­декс Али­мен­та­ри­ус Ко­мис­си­я­сы (мы­са­лы, Ко­декс стан­дар­ты­ның неме­се оны­мен бай­ла­ны­сты мәт­ін­дер­дің ата­уы неме­се рет­тік нө­мі­рі)
[ ] Ха­лы­қа­ра­лық Эпи­зоо­ти­ка­лық Бю­ро (ХЭБ) (мы­са­лы, жер неме­се су жа­ну­ар­лар­дың ме­ди­ци­на­лық ко­дек­сі, та­рау са­ны)
[ ] Өсім­дік­тер­ді қор­ғау жө­нін­де­гі ха­лы­қа­ра­лық кон­вен­ция (мы­са­лы, ISPM нө­мі­рі)
[ ] Жоқ
Ұсы­ны­л­ған ере­же қа­был­дан­ған Ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­қа сәй­кес еке­нін біл­ді­ре­ді ме?
[ ] Иә [ ] Жоқ
Ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­тар, нұс­қа­ма­лар мен ұсы­ны­стар болған жағ­дай­да, сәй­кес сі­л­те­ме­лер неме­се ауыт­қу­лар қы­сқа­ша көр­се­ті­ле­ді:
10.
Бас­қа ти­іс­ті құ­жат­тар және олар­дың тү­сі­нік­ті бо­ла­тын тіл­де­рі:
11.
Кү­шіне ен­ген кү­ні (кк / аа / жж) / қол­да­ну мер­зі­мі (қол­да­на­тын бол­са):
[ ] Са­уда­ға ық­пал­да­стық ша­ра­ла­ры
12.
Тү­сі­нік­те­ме­лер­мен жұ­мыс жа­сау үшін та­ғай­ын­дал­ған агент­тік неме­се ор­ган: [ ] Ха­бар­ла­ма­лар жө­нін­де­гі ұлт­тық ор­ган, [ ] Ұлт­тық анық­та­ма­лық-ақ­па­рат­тық ор­та­лық. Бас­қа ор­ган­дар­дың ме­кен­жайы, факс нө­мі­рі және элек­трон­ды поч­та­сы­ның ме­кен­жайы (егер бар бол­са):
13.
Құ­жат­ты алу­ға бо­ла­ды: [ ] Ха­бар­ла­ма­лар жө­нін­де­гі ұлт­тық ор­ган, [ ] Ұлт­тық анық­та­ма­лық-ақ­па­рат­тық ор­та­лық. Бас­қа ор­ган­дар­дың ме­кен­жайы, факс нө­мі­рі және элек­трон­ды поч­та­сы­ның ме­кен­жайы (егер бар бол­са):
14.
Ха­бар­ла­ма­ны құ­ра­с­ты­ру­ға жа­у­ап­ты тұл­ға:

3 Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімі шеңберіндегі Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 3-қосымша
Нысан
Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімі шеңберіндегі Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы
ДҮ­НИ­Е­ЖҮ­ЗІ­ЛІК
СА­УДА ҰЙ­Ы­МЫ
G/SPS/N/KAZ/
кк/аа/жж
(##-####)
Са­ни­тар­лық және фи­то­са­ни­тар­лық ша­ра­лар жө­нін­де­гі ко­ми­тет
Түп­нұс­қа:
1.
Ха­бар­ла­у­шы:
Қол­да­ну­ға жа­рам­ды бол­са, жер­гі­лік­ті би­лік ор­га­ны­ның ата­уы:
2.
Жа­у­ап­ты ор­ган:
3.
Қам­ты­ла­тын өнім (ДСҰ-ға ұсы­ны­л­ған ұлт­тық ті­зім­ге сәй­кес та­риф­тік бап­тың нө­мір (лер)і, аб­бре­ви­а­ту­ра­лар жа­ра­май­ды; егер қол­да­ну­ға жа­рам­ды бол­са, МСЖ код­та­ры қо­сым­ша бе­рі­ле­ді):
4.
Қа­жет­ті дең­гей­де неме­се іс жү­зін­де құ­жат­тар­дың ере­же­ле­рі ық­пал ете ала­тын өңір­лер мен ел­дер:
[ ] Бар­лық са­уда се­рік­те­сте­рі
[ ] Нақ­ты өңір­лер неме­се ел­дер:
5.
Ха­бар­лай­тын құ­жат­тың ата­уы: Ті­лі: Бет­тер­дің са­ны:
6.
Маз­мұ­нын си­паттау:
7.
Мақ­са­ты және негіз­де­ме­сі: [ ] та­ғам қа­уіп­сіз­ді­гі, [ ] жа­ну­ар­лар са­улы­ғы, [ ] өсім­дік­тер­ді қор­ғау, [ ] адам­дар­ды зи­ян­кестер­ден неме­се жа­ну­ар­лар­дың/өсім­дік­тер­дің ау­ру­ла­ры­нан қор­ғау, [ ] зи­ян­кестер­мен ке­ле­тін бас­қа за­лал­дар­дан аумақ­тар­ды қор­ғау.
8.
Ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­тар, нұс­қа­улық­тар, ұсы­ны­стар:
[ ] Ко­декс Али­мен­та­ри­ус Ко­мис­си­я­сы (мы­са­лы, Ко­декс стан­дар­ты­ның неме­се оны­мен бай­ла­ны­сты мәт­ін­дер­дің ата­уы неме­се рет­тік нө­мі­рі)
[ ] Ха­лы­қа­ра­лық Эпи­зоо­ти­ка­лық Бю­ро (ХЭБ) (мы­са­лы, жер неме­се су жа­ну­ар­лар­дың ме­ди­ци­на­лық ко­дек­сі, та­рау са­ны)
[ ] Өсім­дік­тер­ді қор­ғау жө­нін­де­гі ха­лы­қа­ра­лық кон­вен­ция (мы­са­лы, ISPM нө­мі­рі)
[ ] Жоқ
Ұсы­ны­л­ған ере­же қа­был­дан­ған Ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­қа сәй­кес еке­нін біл­ді­ре­ді ме?
[ ] Иә [ ] Жоқ
Ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­тар, нұс­қа­ма­лар мен ұсы­ны­стар болған жағ­дай­да, ти­іс­ті сі­л­те­ме­лер неме­се ауыт­қу­лар қы­сқа­ша көр­се­ті­ле­ді:
9.
Бас­қа ти­іс­ті құ­жат­тар және олар­дың тү­сі­нік­ті бо­ла­тын тіл­дер:
10.
Бо­лжам­дал­ған қа­был­дау (бе­кі­ту) мер­зі­мі (кк / аа / жж):
Бо­лжам­дал­ған жа­ри­я­лау мер­зі­мі (кк / аа / жж):
11.
Құ­жат­тың бо­лжам­дал­ған қол­да­ны­сқа ену мер­зі­мі: [ ] жа­ри­я­лан­ған кү­ні­нен ба­стап ал­ты ай ішін­де және/неме­се кк / аа / жж):
[ ] Са­уда­ға ық­пал­да­стық ша­ра­ла­ры
12.
Тү­сі­нік бе­ру­дің соң­ғы мер­зі­мі: [ ] ха­бар­ла­ма­ны жі­бер­ген күн­нен ба­стап ал­ты ай ішін­де және/неме­се (кк / аа / жж):
Тү­сі­нік­те­ме­лер­мен жұ­мыс жа­сау үшін та­ғай­ын­дал­ған агент­тік неме­се ор­ган: [ ] Ха­бар­ла­ма­лар жө­нін­де­гі ұлт­тық ор­ган, [ ] Ұлт­тық анық­та­ма­лық-ақ­па­рат­тық ор­та­лық. Бас­қа ор­ган­дар­дың ме­кен­жайы, факс нө­мі­рі және элек­трон­ды поч­та­сы­ның ме­кен­жайы (егер бар бол­са):
13.
Құ­жат­ты алу­ға бо­ла­ды: [ ] Ха­бар­ла­ма­лар жө­нін­де­гі ұлт­тық ор­ган, [ ] Ұлт­тық анық­та­ма­лық-ақ­па­рат­тық ор­та­лық. Бас­қа ор­ган­дар­дың ме­кен­жайы, факс нө­мі­рі және элек­трон­ды поч­та­сы­ның ме­кен­жайы (егер бар бол­са):
14
Ха­бар­ла­ма­ны құ­ра­с­ты­ру­ға жа­у­ап­ты тұл­ға:

4 Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімі шеңберіндегі Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 4-қосымша
Нысан
Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімі шеңберіндегі Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы
ДҮ­НИ­Е­ЖҮ­ЗІ­ЛІК
СА­УДА ҰЙ­Ы­МЫ
G/SPS/N/KAZ/
дд/мм/гг
(##-####)
Са­уда­да­ғы тех­ни­ка­лық ке­дер­гі­лер жө­нін­де­гі ко­ми­тет
Түп­нұс­қа:
1.
Ке­лі­сім­нің ха­бар­лай­тын қа­ты­су­шы­сы:
Қа­жет­ті жағ­дай­да жер­гі­лік­ті үкі­мет­тің ата­уы көр­се­тіл­сін (3.2 және 7.2-бап­тар):
2.
Жа­у­ап­ты ор­ган:
Ата­уы және ме­кен­жайы (те­ле­фон нө­мі­рі және факс нө­мі­рі, элек­трон­дық поч­та­ның ме­кен­жайы, егер бар бол­са, веб-бе­ті) ха­бар­ла­ма бой­ын­ша ұсы­ны­стар мен тү­зе­ту­лер­ді өң­де­у­ге та­ғай­ын­дал­ған агент­тіктер­ді неме­се ор­ган­дар­ды же­ке көр­се­ту қа­жет, егер олар­дың жа­у­ап­ты мү­ше­лер­ден ай­ыр­ма­шы­лы­ғы бол­са.
3.
2.9.2[ ] 2.10.1[ ] 5.6.2[ ] 5.7.1 [ ] және бас­қа да бап­тар­ға сәй­кес ха­бар­ла­ма­лар:
4.
Қам­ты­ла­тын өнім (қа­жет­ті жағ­дай­да, HS, CCCN код­та­рын неме­се ұлт­тық та­риф кодын көр­се­ту, Бұ­дан өзге егер бар бол­са, МСЖ нө­мі­рін көр­се­ту­ге бо­ла­ды):
5.
Ха­бар­ла­ма жі­бе­рі­л­ген құ­жат­тың ата­уы, бет са­ны және ті­лі:
6.
Маз­мұ­нын си­паттау:
7.
Мақ­са­ты және негіз­де­ме­сі, со­ның ішін­де егер қа­жет­ті­лі­гі бол­са, құ­жат­ты қа­был­да­уда­ғы шұ­ғыл се­беп­тер­ді қо­са көр­се­ту:
8.
Ре­ле­вант­ты құ­жат­тар:
9.
Бо­лжам­дал­ған қа­был­дау (бе­кі­ту) мер­зі­мі (кк / аа / жж):
Бо­лжам­дал­ған жа­ри­я­лау мер­зі­мі (кк / аа / жж):
10.
Тү­сі­нік бе­ру­дің түп­кі­лік­ті мер­зі­мі:
11.
Құ­жат­ты алу­ға бо­ла­ды: [ ] Ха­бар­ла­ма­лар жө­нін­де­гі ұлт­тық ор­ган, [ ] Ұлт­тық анық­та­ма­лық-ақ­па­рат­тық ор­та­лық. Бас­қа ор­ган­дар­дың ме­кен­жайы, факс нө­мі­рі және элек­трон­дық поч­та­сы­ның ме­кен­жайы (егер бар бол­са):
12.
Ха­бар­ла­у­шы Ке­лі­сім қа­ты­су­шы­сы:
Егер қа­жет бол­са, жер­гі­лік­ті үкі­мет­тің ата­уын көр­се­ту (3.2 және 7.2-бап­тар)
13.
Ха­бар­ла­ма­ны құ­ра­с­ты­ру­ға жа­у­ап­ты тұл­ға:

5 Техникалық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарға қатысу туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 5-қосымша
Нысан
Техникалық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарға қатысу туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы
ДҮ­НИ­Е­ЖҮ­ЗІ­ЛІК СА­УДА ҰЙ­Ы­МЫ
Кү­ні
(00-0000)
_______________________________________________________________
Хабарлама
1
Ха­бар­ла­у­шы та­рап:
2
Екі­жақ­ты неме­се кө­п­жақ­ты Ке­лі­сім­нің ата­уы:
3
Ке­лі­сім­ге қа­ты­су­шы­лар:
4
Ке­лі­сім­нің кү­шіне ен­гі­зі­л­ген кү­ні:
5
Қам­ты­ла­тын өнім:
6
Ке­лі­сім­нің мәні:
7
Ке­лі­сім­нің қы­сқа­ша си­патта­ма­сы:
8
Қо­сым­ша ақ­па­рат­тар­ды мы­на­лар­дан алу­ға бо­ла­ды:
9
Ха­бар­ла­ма­ны құ­ра­с­ты­ру­ға жа­у­ап­ты тұл­ға:

6 Қазақстан Республикасының стандартын әзірлеуді бастау туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы «___________________________________»

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 6-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының стандартын әзірлеуді бастау туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы «___________________________________»
1
Әзір­ле­у­ші (ұй­ым­ның ата­уы, поч­та­лық ме­кен­жайы, элек­трон­дық поч­та ме­кен­жайы, әзір­ле­у­ші­нің аты-жө­ні)
2
ҚР СТ әзір­ле­у­ге жа­у­ап­ты ор­ган
3
Жо­ба ата­уы
4
Стан­дарт­тау ны­са­ны
5
Әзір­леу мақ­са­ты
6
Әзір­ле­у­ге ар­нал­ған негіз­де­ме
7
ҚР СТ жо­ба­сын әзір­ле­уді ба­стау мер­зі­мі (кү­ні/айы/ жы­лы)
8
Ха­бар­ла­ма­ны құ­ра­с­ты­ру­ға жа­у­ап­ты тұл­ға (Жа­у­ап­ты­ның аты-жө­ні)
9
Ха­бар­ла­ма­ны құ­ра­с­тыр­ған кү­ні (кү­ні/ айы/ жы­лы)
Ұйым басшысы ________________________
(Қолы, аты-жөні)

7 Қазақстан Республикасының стандарт жобасын әзірлеу туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы «___________________________________»

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 7-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының стандарт жобасын әзірлеу туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы «___________________________________»
1
Әзір­ле­у­ші (ұй­ым­ның ата­уы, поч­та­лық ме­кен­жайы, элек­трон­дық поч­та ме­кен­жайы, әзір­ле­у­ші­нің аты-жө­ні)
2
ҚР СТ әзір­ле­у­ге жа­у­ап­ты ор­ган
3
Жо­ба ата­уы
4
Стан­дарт­тау объ­ек­ті­сі
5
Әзір­леу мақ­са­ты
6
Әзір­ле­у­ге ар­нал­ған негіз­де­ме
7
Жо­ба­ны әзір­ле­у­ге негіз болған ха­лы­қа­ра­лық (өңір­лік) құ­жат­тар
8
Жо­ба­ны әзір­ле­у­ге негіз болған ха­лы­қа­ра­лық (өңір­лік) құ­жат­тар­дың та­лап­та­ры­нан ай­ыр­ма­шы­лы­ғы бар өзге та­лап­тар
9
Жо­ба­ға ес­кер­ту­лер мен ұсы­ны­стар (пі­кір) бе­ру­дің түп­кі­лік­ті мер­зі­мі
(кү­ні/ айы/ жы­лы)
10
Жо­ба ор­на­ла­сты­рыл­ды
11
Жо­ба бой­ын­ша ес­кер­ту­лер мен ұсы­ны­стар (пі­кір) бе­ру үшін әзір­ле­у­ші­нің ата­уы (ұй­ым­ның ата­уы, поч­та­лық ме­кен-жайы, элек­трон­ды поч­та­сы, әзір­ле­у­ші­нің аты-жө­ні)
12
Жо­ба­ны қа­ра­уды аяқ­та­у­ға бо­лжан­ған күн (кү­ні/ айы/ жы­лы)
13
Ха­бар­ла­ма­ны құ­ра­с­ты­ру­ға жа­у­ап­ты тұл­ға
(Жа­у­ап­ты­ның аты-жө­ні)
14
Ха­бар­ла­ма­ны құ­ра­с­тыр­ған кү­ні
(кү­ні/ айы/ жы­лы)
Ұйым басшысы ________________________
(Қолы, аты-жөні)

8 Қазақстан Республикасының стандарт жобасын ашық талқылауды аяқтау туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы «_______________________»

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 8-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының стандарт жобасын ашық талқылауды аяқтау туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы «_______________________»
1
Әзір­ле­у­ші (ұй­ым­ның ата­уы, поч­та­лық ме­кен­жайы, элек­трон­ды поч­та ме­кен­жайы, әзір­ле­у­ші­нің аты-жө­ні)
2
ҚР СТ әзір­ле­у­ге жа­у­ап­ты ор­ган
3
Жо­ба­ның ата­уы
4
Стан­дарт­тау объ­ек­ті­сі
5
Жо­ба­ның түп­кі­лік­ті ре­дак­ци­я­сын алу
6
Жо­ба­ны қа­рау нәти­же­ле­рі­мен та­ны­су (жо­ба­ға бе­рі­л­ген пі­кір­лер жиын­тығы)
7
ҚР СТ әзір­ле­уді аяқ­та­у­ға бо­лжан­ған күн
(кү­ні/ айы/ жы­лы)
8
Ха­бар­ла­ма­ны құ­ра­с­ты­ру­ға жа­у­ап­ты тұл­ға
(Жа­у­ап­ты­ның аты-жө­ні)
9
Ха­бар­ла­ма­ны құ­ра­с­тыр­ған кү­ні
(кү­ні/ айы/ жы­лы)
Ұйым басшысы ________________________
(Қолы, аты-жөні)

9 Техникалық регламент жобасын әзірлеу туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы «_______________________»

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 9-қосымша
Нысан
Техникалық регламент жобасын әзірлеу туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы «_______________________»
1
Жо­ба­ны әзір­ле­у­ге жа­у­ап­ты ор­ган (Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ті әзір­ле­у­ші):
2
Жо­ба­ның ата­уы:
3
Тех­ни­ка­лық рет­теу объ­ек­ті­сі:
4
Әзір­леу мақ­са­ты:
5
Әзір­ле­у­ге ар­нал­ған негіз­де­ме:
6
Жо­ба бой­ын­ша ес­кер­ту­лер мен ұсы­ны­стар (пі­кір) бе­ру­ге ар­нал­ған поч­та ме­кен­жайы, те­ле­фон­ның, фак­стің нө­мір­ле­рі, элек­трон­ды поч­та­сы:
7
Жа­ри­я­лап тал­қы­ла­уды аяқ­та­у­ға бо­лжан­ған күн (жо­ба­ға ес­кер­ту­лер мен ұсы­ны­стар (пі­кір) бе­ру­дің түп­кі­лік­ті мер­зі­мі):
Ха­бар­ла­ма­ны құ­ра­с­тыр­ған кү­ні:
Ұйым басшысы ________________________
(Қолы, аты-жөні)

10 Техникалық регламенттің жобасын ашық талқылаудың аяқталғаны туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы «_______________________________»

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 10-қосымша
Нысан
Техникалық регламенттің жобасын ашық талқылаудың аяқталғаны туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы «_______________________________»
1
Жо­ба­ны әзір­ле­у­ге жа­у­ап­ты ор­ган:
2
Жо­ба­ның ата­уы:
3
Тех­ни­ка­лық рет­теу объ­ек­ті­сі:
4*
Жо­ба­ны әзір­ле­уді аяқ­та­у­ға бо­лжан­ған күн:
Ха­бар­ла­ма­ны құ­ра­с­тыр­ған кү­ні:
Ұйым басшысы ________________________
(Қолы, аты-жөні)
*Техникалық регламенттің жобасын жариялап талқылау нәтижелері бойынша техникалық реттеу объектілері өзгертілген жағдайда толтырылады.

Қолданыстағы