Об утверждении Правил оказания жилищной помощи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оказания жилищной помощи
- Атауы (қаз.)
- Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 73
- Қабылданған күні
- 07.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2017 68224_279974.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12LG004327
- ЭКБ идентификаторы
- 68224
- Редакция идентификаторы
- 68224_279974
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:23
0 Тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасын бекiту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабы, сондай-ақ "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына сәйкес ШЕШЕМIЗ:
1 1. Қоса берiлiп отырған Тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасы бекiтiлсiн.
2 2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3 Жаңақорған ауданы мәслихатының
2012 жылғы 7 қыркүйектегi
N 73 шешiмiмен бекiтiлген
Тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасы
Осы Қағида "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына сәйкес әзiрлендi.
1 1. Тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi
1 1. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1 1) жекешелендірілген тұрғынжайларды тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
2 2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
3 3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге берiледi.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
2
2. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 12 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
3 3. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.
4
4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.
5 5. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекiтiлген "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiнiң" 4-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
6 6. Тұрғын үй көмегi өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
7 7. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдап, өтiнiш берушiнi хабардар етедi.
8 8. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растау қажеттiлiгi туындаған жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiш иесiнiң материалдық - тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзуге құқығы бар.
9 9. Өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органға толық әрi дұрыс мәлiметтер беруi тиiс.
10
10. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi Агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы N 471 бұйрығымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес есептеледi.
2 2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерiн анықтау
11 11. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн тағайындау төмендегi пайдалану нормасына сәйкес жүргiзiледi:
1 1) Отын пайдалану от жағу маусымына:
3 адамға дейiнгi отбасына - 1,5 тонна;
3 адамнан жоғары отбасына - 2,5 тонна.
2 2) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға - 150 киловаттан артық емес;
3 3) газ пайдалану нормалары 1 айға:
3 адамға дейiнгi отбасына - 10 килограмм;
3 адамнан жоғары отбасына - 20 килограмм.