Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи

Ереже · № 11-8 · қабылданған 26.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68225/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания жилищной помощи Күшін жойған Ереже ·№ 11-8 ·26.09.2012
05.07.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи

Күшін жойған Ереже ·№ 11-8 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания жилищной помощи
Атауы (қаз.)
Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11-8
Қабылданған күні
26.09.2012
Көрсетілген редакция
05.07.2017 68225_208840.kaz
Соңғы өзгеріс
05.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12LF004328
ЭКБ идентификаторы
68225
Редакция идентификаторы
68225_208840
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:16

0 Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, сондай-ақ "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.

2 2. Жалағаш аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (Б.Мұқашев) осы шешімнің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

4 2012 жылғы "26" қыркүйектегі N 11-8

Жалағаш аудандық мәслихатының
шешімімен бекітілген
Тұрғын үй көмегін көрсету
Қағидасы
Осы Қағида "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді.

1 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

1 1. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

1 1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

2 2) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;

3 3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге беріледі.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

2

2. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленді.

3 3. Тұрғын үй көмегін тағайындау “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдармалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.

4

4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

5 5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

6 6. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

7 7. Уәкiлеттi орган өтініш берушіге тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.

8 8. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растау қажеттiлiгi туындаған жағдайда уәкілетті орган өтiнiш иесiнiң материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзуге құқығы бар.

9 9. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға толық әрі дұрыс мәліметтер беруі тиіс.

10

10. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi Агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы N 471 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасына сәйкес есептеледі.

2 2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

11 11. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:

1 1) Электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

3 адамға дейінгі отбасына – 100 киловатт;
3 адамнан жоғары отбасына – 150 киловатт.

2 2) Газ пайдалану нормалары 1 айға:

3 адамға дейінгі отбасына – 10 килограмм;
3 адамнан жоғары отбасына – 20 килограмм.

3 3) Отын пайдалану нормасы:

Отын пайдалану әр отбасыға (азаматқа) от жағу маусымына: қазан- қараша айларына 500 килограммнан, желтоқсан-қаңтар-ақпан айларына 1000 килограммнан, наурыз-сәуір айларына 500 килограммнан.

4 4) Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

3 3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

12 12. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

Қолданыстағы