Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи

Қаулы · № 388 · қабылданған 22.10.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68236/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи Қолданыста Қаулы ·№ 388 ·22.10.2012
22.10.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи

Қолданыста Қаулы ·№ 388 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
388
Қабылданған күні
22.10.2012
Көрсетілген редакция
22.10.2012 68236_163702.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12TC002640
ЭКБ идентификаторы
68236
Редакция идентификаторы
68236_163702
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:07

0 Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағының 14) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына және аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 16 шілдедегі № 31 "Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы" шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Келесі санаттағы азаматтарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

2 2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;

3 3) Бірінші, екінші топтағы мүгедектерге;

4 4) жалғызбасты мүгедектерге;

5 5) кәмелет жасқа толмаған тұл жетімдерге;

6 6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

7 7) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы зейнеткерлерге;

8 8) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға;

9

9) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтін тұлғаларға.

2 2. Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін қосымшаға сәйкес комиссия құрылсын.

3 3. "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (О. Қайрекешева) осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
Махамбет аудандық "Жайық Шұғыласы"
газетінің бас редакторы, аудандық
мәслихат депутаты Ерғалиев Н.Т.
2012 жылғы22 қазан

15 Аудандық әкімдігінің

2012 жылғы 22 қазан
№ 388 қаулысына қосымша
Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия құрамы
Арстанов Серік
Қайырболатұлы
- Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Қайрекешева Орынша
Мақсотқызы
- "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары;
Қартжанова Алмажай
Байқуатқызы
- "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері:
Ерғалиев Нұрым
Тельманұлы
- Махамбет аудандық "Жайық Шұғыласы" газетінің бас
редакторы, аудандық мәслихат депутаты (келісім
бойынша);
Қабдолова Ажар
Серіккалиқызы
- "Махамбет аудандық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы;
Құлмағамбетов Ерсайын Нұрымұлы
- "Махамбет аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы;

Қолданыстағы