Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Прием документов на проведение государственной научно-технической экспертизы"

Бұйрық · № 434 · қабылданған 21.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68255/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Прием документов на проведение государственной научно-технической экспертизы" Күшін жойған Бұйрық ·№ 434 ·21.09.2012
04.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Прием документов на проведение государственной научно-технической экспертизы"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 434 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Прием документов на проведение государственной научно-технической экспертизы"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы өткізуге арналған құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
434
Қабылданған күні
21.09.2012
Көрсетілген редакция
04.03.2014 AI68255_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007994
ЭКБ идентификаторы
68255
Редакция идентификаторы
AI68255_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:18

0 "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы өткізуге арналған құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Ғылым комитеті (Н.М. Ыбырайым):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.

4 «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 434 бұйрығымен бекітілген
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызмет регламенті "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.

2 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесіне ведомстволық бағынысты «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе қағаз тасымылдағышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

5 5. Осы «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентінде келесі ұғымдар қолданылады:

1 1) мемлекеттік қызмет алушы – ғылым саласындағы уәкілетті орган, салалық уәкілетті органдар, жеке немесе заңды тұлғалар;

2 2) МҒТС - мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама;

3 3) МҒТС өткізуге арналған құжаттарды қабылдау - мемлекеттік қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңына, конкурстық құжаттамаға және осы Регламенттің 13-тармағымен белгіленген қажетті құжаттарды қабылдау;

4 4) МҒТС өткізу - мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуге арналған әрекеттер жиынтығы.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

5

5. Орталық мына мекен-жайда Астана қаласы, Иманов көшесі, 13-үй, «Нұр-сәулет-2» бизнес орталығының 7-қабатында, 712-кабинетте орналасқан. Жұмыс кестесі: мереке және демалыс күндерінен басқа күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі ас уақыты. Алдын ала жазылу қарастырылмаған.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің www.scedu.kz сайтында орналастырылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1 1) Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы тапсырған сәттен бастап – 30 минутты құрайды;

2 2) қажетті құжаттарды тапсырғанға дейін күту уақытының барынша ұзақтығы – 30 минут;

3 3) құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан аспайды, МҒТС объектілерін көп мөлшерде тапсырған кезінде – қызмет көрсету уақыты ұзартылуы мүмкін.

8 8. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау және мемлекеттік қызметті алушыныңі және құжаттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

9 9. Мемлекеттік қызмет ғылым саласындағы уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды Орталыққа тапсырған сәттен бастап бір кезеңде жүзеге асырылады.

10 10. Мемелекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдайтын Орталық қызметкерлерінің саны екі адамнан кем емес.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі қарым-қатынас тәртібінің сипаттамасы

11 11. МҒТС өткізуге құжаттарды қабылдау осы Регламенттің 6-тармағында мекен-жайы көрсетілген Орталықта жүзеге асырылады.

13 13. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары:

1 1) құпиялық (рұқсат етілмеген әдіспен ақпарат алудан қорғау);

2 2) тұтастық (рұқсат етілмеген әдіспен ақпаратты өзгертуден қорғау).

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

1 1) Орталық МҒТС басқармасы қызметкерлері;

2 2) Орталық МҒТС басқармасының бастығы;

3 3) Орталықтың әкімшілік басқармасы.

15 14. Әр ҚФБ-нің іс әрекетінің (рәсімдерінің) нақты орындалу мерзімі және әкімшілік қарым-қатынастары (рәсімдері) мен мәтіндік кестелік сипаттар тізбегі осы Регламенттің 1-қосымшасындағы 1, 2, 3-кестелерде келтірілген.

16 15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық тізбегі мен ҚФБ-нің арасындағы өзара қарым-қатынастарды бейнелейтін сызбалар осы Регламеттің 2-қосымшасында келтірілген.

17 1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы. МҒТС өткізуге арналған құжаттарды қабылдау

16. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде ұсынылатын хабарлама, әртүрлі хаттар, ескертпелер сияқты нысандар, бланк шаблондары қарастырылмаған.
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама
өткізуге арналған құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік қызметінің регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы. МҒТС өткізуге арналған құжаттарды қабылдау
Негiз­гi про­це­стің iс-әре­кетi (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
1
Iс-әре­кет­тiң (ба­ры­сы­ның, жұ­мыс ағы­ны­ның) №
1
2
2
ҚФБ ата­уы
Са­рап­та­ма өт­кізу­ге ар­нал­ған құ­жат­тар­ды қа­был­да­у­ға жа­у­ап­ты Ор­та­лық­тың МҒТС бас­қар­ма­сы­ның ба­стығы, қыз­мет­кер­ле­рі
Ор­та­лық­тың әкім­ші­лік бас­қар­ма­сы
3
Iс-әре­кет­тiң (үдерiстiң, рәс­iм­нiң, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және оның си­патта­ма­сы
Та­лап еті­л­ген бар­лық құ­жат­тар­дың бо­луын тек­се­ру. Тап­сы­ры­л­ған құ­жат­тар­дың кон­кур­стық құ­жат­та­ма­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­лі­гін тек­се­ру
Өті­нім­дер­ді тір­кеу. Ке­ліп түс­кен құ­жат­тар­ды есеп­ке алу кiта­бы­на тиiстi ен­гi­зу
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-өкiм­ге рлiк ше­шiм)
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алушы ұсын­ған па­кет­те­рін қа­был­дап, өні­мі­дер­ді нө­мір­леу неме­се мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­у­ап әзiр­леу
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау ту­ра­лы қол­хат неме­се мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бе­ру. Бұ­ры­шта­ма қою үшін Бас­шы­лар­ға құ­жат­тар жол­дау
5
Орын­дау мерзiм­дерi
30 ми­нут­тан кем емес, егер тап­сы­ры­ла­тын МҒТС объ­ек­ті­ле­рі­нің са­ны көп болған жағ­дай­да қыз­мет көр­се­ту уа­қы­ты ұзар­ты­луы мүм­кін.
30 ми­нут, егер тап­сы­ры­ла­тын МҒТС объ­ек­ті­ле­рі­нің са­ны көп болған жағ­дай­да қыз­мет көр­се­ту уа­қы­ты ұзар­ты­луы мүм­кін.
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негiзгi процесс – МҒТС өткізуге құжат қабылдау кезеңі
Негiз­гi про­це­стің iс-әре­кетi (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
Са­рап­та­ма өт­кізу­ге ар­нал­ған құ­жат­тар­ды қа­был­да­у­ға жа­у­ап­ты Ор­та­лық­тың МҒТС бас­қар­ма­сы­ның қыз­мет­кер­ле­рі
Са­рап­та­ма өт­кізу­ге ар­нал­ған құ­жат­тар­ды қа­был­да­у­ға жа­у­ап­ты Ор­та­лық­тың МҒТС бас­қар­ма­сы­ның ба­стығы
1. Мем­ле­кет­тік қыз­мет алушы­лар ұсын­ған нө­мір­лен­ген өті­нім құ­жат­та­рын қа­был­дап, өті­нім­дер­ді нө­мір­леу.
2. Та­лап еті­л­ген бар­лық құ­жат­тар­дың бо­луын тек­се­ру.
3. Тап­сы­ры­ла­тын құ­жат­тар­дың кон­кур­стық құ­жат­та­ма­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­лі­гін тек­се­ру.
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау ту­ра­лы қол­хат неме­се мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бе­ру. Бұ­ры­шта­ма қою үшін Бас­шы­лар­ға құ­жат­тар жол­дау
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс - МҒТС өткізуге құжат қабылдаудан бас тарту кезеңі
Негiз­гi үдерiс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
Са­рап­та­ма өт­кізу­ге ар­нал­ған құ­жат­тар­ды қа­был­да­у­ға жа­у­ап­ты Ор­та­лық­тың МҒТС бас­қар­ма­сы­ның қыз­мет­кер­ле­рі
Са­рап­та­ма өт­кізу­ге ар­нал­ған құ­жат­тар­ды қа­был­да­у­ға жа­у­ап­ты Ор­та­лық­тың МҒТС бас­қар­ма­сы­ның ба­стығы
1. Ұсы­ны­л­ған кон­кур­стық өті­нім­дер­дің кон­кур­стық құ­жат­та­ма­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­лі­гін қа­рас­ты­ру.
2. Та­лап еті­л­ген бар­лық құ­жат­тар­дың бо­луын тек­се­ру.
3. Тап­сы­ры­л­ған құ­жат­тар­дың кон­кур­стық құ­жат­та­ма­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­лі­гін тек­се­ру.
Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бе­ру
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама
өткізуге арналған құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік қызметінің регламентіне
2-қосымша
МҒТС өткізуге арналған құжаттарды қабылдау процесі

Қолданыстағы