ИМПОРТ: Об утверждении Правил оказания жилищной помощи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- ИМПОРТ: Об утверждении Правил оказания жилищной помощи
- Атауы (қаз.)
- ИМПОРТ: Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 56
- Қабылданған күні
- 26.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 02.05.2013 68284_30950.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12LC004329
- ЭКБ идентификаторы
- 68284
- Редакция идентификаторы
- 68284_30950
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:16
0 Тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасын бекiту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШЕМIЗ:
1 1. Қоса берiлiп отырған Тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасы бекiтiлсiн.
2 2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3 2012 жылғы 26 қыркүйектегi N 56
Арал аудандық мәслихатының
шешiмiмен бекiтiлген
Тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасы
Осы қағида "Тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына сәйкес әзiрлендi.
1 1. Тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi
1 1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Арал ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1 1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға;
2
2) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетiн үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi шығыстарының мiндеттi сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн күрделi жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
3 3) тұрғын үйдiң меншiк иелерiнiң немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
4 4) байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
5 5) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлем ақысына төлеуге берiледi.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
2
2. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемiн, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 15 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
3 3. Тұрғын үй көмегiн тағайындау "Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi-уәкiлеттi орган) арқылы жүзеге асырылады.
4 4. Тұрғын үй көмегi қызметтердi жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледi.
5 5. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекiтiлген "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiнiң" 4-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
6 6. Тұрғын үй көмегi өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
7 7. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдап, өтiнiш берушiнi хабардар етедi.
8 8. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растау қажеттiлiгi туындаған жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiш иесiнiң материалдық - тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзуге құқығы бар.
9 9. Өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органға толық әрi дұрыс мәлiметтер беруi тиiс.
10
10. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi Агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы N 471 бұйрығымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес есептеледi.
2 2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi
11 11. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн тағайындау төмендегi пайдалану нормасына сәйкес жүргiзiледi:
1 1) электр жарығын пайдалану – 1 айға 1 адамға 70 киловатт-сағат, 2 адамға 140 киловатт-сағат, 3 және одан да көп адамы бар отбасыларына 1 айға 150 киловатт-сағат;
2 2) газбен жабдықтау – 1 айға 4 адамға дейiнгi отбасыларына 10 килограмм, 4 және одан да көп адамдары бар отбасыларына 20 килограмм;
3 3) сумен жабдықтау - 1 айға 1 адамға тиiстi уәкiлеттi органдардың берген тарифi бойынша;
4 4) отын пайдалану әр отбасыларға (азаматтарға) от жағу маусымына: 4 адамға дейiн мүшесi бар отбасыларына - 1 айға 0,5 тонна, 4 және одан да көп мүшелерi бар отбасыларына 1 тонна;
5
5) телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң көтерiлуiне өтемақы "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi N 512 қаулысымен бекiтiлген, әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң ережесiне сәйкес жүргiзiледi;