Құжат мәтініне өту

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в Костанайском районе

Өзге акт · № 61 · қабылданған 23.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68285/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в Костанайском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 61 ·23.10.2012
02.05.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в Костанайском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 61 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в Костанайском районе
Атауы (қаз.)
Қостанай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларының мөлшерлерін ұлғайту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
61
Қабылданған күні
23.10.2012
Көрсетілген редакция
02.05.2018 68285_320738.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NN003861
ЭКБ идентификаторы
68285
Редакция идентификаторы
68285_320738
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:07

0 Қостанай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшерлерін ұлғайту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 381-бабына, 386-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту мөлшерлері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3 3. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекен Затобол кенті болып айқындалсын.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі
Салық Комитетінің Қостанай облысы бойынша
Салық Департаментінің Қостанай ауданы
бойынша салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________________________ О. Рабченюк
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ З. Кенжегарина

5 Мәслихаттың

2012 жылғы 23 қазандағы
№ 61 шешіміне
1-қосымша
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер)
түрлері
Автотұрақтар (паркингтер)
санаттары
1
Ашық түрдегі автотұрақтар
(паркингтер)
1 санат
2
Жабық түрдегі жер бетіндегі
автотұрақтар (паркингтер)
2 санат

6 Мәслихаттың

2012 жылғы «23» қазандағы
№ 61 шешіміне
2-қосымша
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін
ұлғайту мөлшерлері

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
Кенттегі автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшерлері
Ауылдағы автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшерлері
Базалық салық мөлшерлеме-лерін ұлғайту мөлшерлері
1
1 санат
0,96
0,48
он есе
2
2 санат
0,96
0,48
тоғыз есе

Қолданыстағы