О Координационном Совете по борьбе с бедностью и безработицей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Координационном Совете по борьбе с бедностью и безработицей
- Атауы (қаз.)
- Кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 371
- Қабылданған күні
- 01.03.2000
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2000 6829_258610.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00R000150_
- ЭКБ идентификаторы
- 6829
- Редакция идентификаторы
- 6829_258610
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:37
0 Кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 20.12.2004 № 248 шешімімен.
Облыс әкімінің қала, аудандар және облыс шеңберінде кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу мәселесі жөніндегі үстіміздегі жылдың 1 ақпандағы хаттамалық шешімін орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы Ереже бекітілсін (№1 – қосымша жалғанады).
2. Кеңестің жеке құрамы бекітілсін (№2-қосымша жалғанады).
3 Облыс әкімінің 200 жылы
«1» наурыз № 371 шешіміне
қосымша № 1
Кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы Ереже
1. Жалпы жағдайлар.
1). Кедейлікпен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі (былай қарай Кеңіс) консультативтік – кеңесші орган болып табылады. Ол мемлекеттік саясаттың кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу бағытында және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында бірыңғай саясат жүргізудегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға ықпал етеді.
2). Кеңістің қызметінің құқықтық негізі – Қазақстан Республикасының Конституциясы, қолданыстағы заңдардың ережелері, сонымен бірге осы Ереже.
2. Кеңестің негізі міндеттері.
Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады:
- жағдайдың мән-жайын талдау, кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу жөніндегі шаралар кешен әзірлеу және жүзеге асырылуын бақылауын бақылау, азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғау:
- кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу жөніндегі мемлекеттік және басқа мүдделі органдар қызметін үйлестіру;
- облыс әкімін кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу жөнінде ұйымдастыру және басқа шаралар алу үшін ұсыныстар әзірлеу.
3. Кеңестің құзіреті.
Кеңес оның өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай қызметтерді орындайды:
- кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу саласында мемлекеттік және басқа мекемелер мен үйымдардың қызметіне талдау жасау;
- кедейлік және жұмыссыздық мәселерін шешуге бағытталған шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
- мәжілістерде қаралау қорытындыларымен кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу саласында қызметін жүзеге асыратын тиісті кұзіретті мекемелер мен ұйымдар атына ұсыныстар қабылайды.
4. Кеңестің өкілеттігі.
Кеңіс өз қызметін жүзеге асыру мақсатында:
- кеңіске жүктелген міндеттерді орындауға қажетті мәліметтер, құжаттар мен материалдарды сұратып алады;
- өзінің мәжілістерінде кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мекемелердің және ұйымдардың есебін тыңдайды.