О корректировке базовых ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 9/48-V
- Қабылданған күні
- 28.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2014 AI68327_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12UM002121
- ЭКБ идентификаторы
- 68327
- Редакция идентификаторы
- AI68327_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:14
0 Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 10 желтоқсан 2008 жылғы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 378, 381, 383 баптарымен бекітілген жер салығының базалық ставкалары:
1 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары - 30 пайызға;
2
2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін және автотұрақтарға (паркингтерге), автомобиль май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары - 30 пайызға, Ленгір қаласының жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары - 50 пайызға;
3 3) елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары - 50 пайызға жоғарылатылсын.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы Ә.Шыңғысбаев