Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил разработки порядка проведения внешнего контроля качества

Бұйрық · № 441 · қабылданған 26.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68345/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил разработки порядка проведения внешнего контроля качества Күшін жойған Бұйрық ·№ 441 ·26.09.2012
06.07.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил разработки порядка проведения внешнего контроля качества

Күшін жойған Бұйрық ·№ 441 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил разработки порядка проведения внешнего контроля качества
Атауы (қаз.)
Сапаға сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбін әзiрлеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
441
Қабылданған күні
26.09.2012
Көрсетілген редакция
06.07.2021 68345_529138.kaz
Соңғы өзгеріс
06.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008034
ЭКБ идентификаторы
68345
Редакция идентификаторы
68345_529138
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:16

0 Сапаға сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбін әзiрлеу қағидаларын бекіту туралы

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 19-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Сапаға сыртқы бақылауды жүргізу тәртiбін әзiрлеу қағидалары бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн және кейіннен оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Сапаға сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбін әзiрлеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 441 бұйрығымен
бекітілген
Сапаға сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбін әзiрлеу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Сапаға сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбін әзiрлеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 19-бабы 3-тармағына сәйкес кәсiби аудиторлық ұйымдардың аудиторлық ұйымдар сапасына сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбін әзiрлеу бірыңғай қағидаларын айқындау мақсатында әзірленді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) сапаға сыртқы бақылау – кәсіби аудиторлық ұйымдармен өз мүшелеріне қатысты жүзеге асырылатын аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын сақтауына бағытталған сапаны бақылау;

2 2) бақылаушы – кәсiби аудиторлық ұйымның атқарушы басқару органы оның құрамына кірушілердің аудиторлардың арасынан тағайындайтын тұлға, оның міндетіне сапаға сыртқы бақылауды жүзеге асыру кіреді.

3 3. Сапаға сыртқы бақылаудың мақсаты аудит жөніндегі қызметтердi қамтамасыз ету және сапасын тұрақты түрде арттырып отыру үшін жағдай жасау болып табылады.

4 4. Сапаға сыртқы бақылауды өз қызметін аудитор ретінде жүзеге асыратын аудиторлармен жүргiзіледі.

5 5. Сапаға сыртқы бақылау келесі түрлерге бөлінеді:

1 1) жоспарлы;

2 2) жоспардан тыс.

6 6. Сапаға жоспардан тыс сыртқы бақылаудың негізі келесі болып табылады:

1 1) аудиторлық ұйымның арызына байланысты қайталама тексеру;

2 2) келіп түскен шағымдар және алынған ақпараттар бойынша аудиторлық қызмет саласында реттеу мен аудиторлық және кәсiби ұйымдардың қызметiне бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) өтініші;

3 3) аудиторлық ұйымның «3», «2» баға алуы кәсiби аудиторлық ұйымның шешімімен айқындалатын мерзімге анықталған кемшіліктердің жойылғанын растау мақсатында.

7

7. Әрбір аудиторлық ұйым бойынша сапаға жоспарлы сыртқы бақылауды жүргізу мерзімін сәйкес кәсіби аудиторлық ұйыммен бекітілген ішкі жоспарға сәйкес анықталады. Бұл ретте бақылаушылардың сапаға сыртқы бақылауды жүргізу мерзімі 10 жұмыс күнінен аспауы, ал сапаға сыртқы бақылаудың нәтижелері бойынша бағаны анықтау үшін – кемінде екі ай болуы тиіс.

2 2. Сапаға сыртқы бақылауды жүргізу тәртiбін әзiрлеу қағидалары

8 8. Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібі:

1 1) сапаға сыртқы бақылау рәсімдерін ұйымдастыру бойынша мәселелерді;

2 2) сапаға сыртқы бақылау рәсіміне қатысқан бақылаушының не басқа адамдарды шеттетудің (өздігінен бас тартудың) негізі;

3 3) сапаға сыртқы бақылауды жүргізудің бағдарламасы мен кезеңдерін;

4

4) онда құрылтайшы және құқық белгілеуші құжаттар, лицензиялар, аудиторлардың біліктілік куәліктері, аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша құжаттар, кадрлық құрам жөніндегі құжаттар, аудит сапасына сыртқы бақылау жөніндегі ішкі құжаттар, орындалған аудиторлық тапсырмалар бойынша жұмыс құжаттары қамтылатын аудиторлық ұйымның сапасына сыртқы бақылауды жүргізу барысында тексеруге жататын құжаттарының тізбесін;

5 5) сапаға сыртқы бақылауға ұшырайтын аудит жөніндегі жобаларды іріктеу өлшемдерін;

6

6) аудиторлық ұйымның сапасына ішкі бақылау жүйесін, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының сақталуын, сондай-ақ аудиторлық қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуын тексеру мәселелерін;

7 7) жекелеген аудиторлық тапсырмалардың сапасын тексеру мәселелерін;

8 8) сапаға сыртқы бақылауды жүргізу барысында кәсіби ұйымға қол жетімділік берілген ақпаратты қорғау бойынша шараларды;

9 9) бақылаушылардың есептілігі мен аудиторлық ұйымның сапаға сыртқы бақылаудан өту нәтижелерін ресімдеуді қамтиды.

9 9. Аудиторлық ұйымдардың және олардың клиенттерінің мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды жүргізудің тәртібі келесілерді қосатын аудиторлық ұйымның құқықтарын қамтиды:

1 1) өз клиенттерін оларда сапаға бақылау жүргізілетіні туралы сапаға бақылау жүргізілгенге дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабардар ету;

2 2) жұмыс сапасына сыртқы тексеру жүргізу мерзімі, бақылаушылардың кандидатуралары бойынша кәсіби аудиторлық ұйымға уәжделген қарсылықтарын ұсыну;

3 3) тексеру нәтижелері туралы кәсіби ұйымның қорытындысын сапаға сыртқы бақылау аяқталғаннан кейінгі 30 жұмыс күні ішінде алуға;

4 4) кәсіби аудиторлық ұйымның қорытындысына сот тәртiбiнде шағым жасау.

10 10. Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды жүргізудің тәртібі аудиторлық ұйымның келесілерді қосатын міндеттемелерін қамтиды:

1 1) аудит бойынша қызметтердің сапасына сыртқы бақылауды уақтылы және толық жүргізу үшін бақылаушыларға қажетті жағдай жасау;

2

2) кәсіби аудиторлық ұйымның бақылаушыларына қажетті құжаттар мен ақпараттарды (аудитор үшін – сапаға сыртқы бақылау жүргізу кезінде қатысуы) толық көлемде, уақтылы беруге жан-жақты көмек көрсету мақсатында сапаға сыртқы бақылауды жүргізу кезіне аудиторлық ұйымның жауапты адамын (аудиторды) тағайындау;

3 3) жұмыстың сапасына сыртқы бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды, қажет болған жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымның бақылаушыларының ауызша және жазбаша сұратулары бойынша толық түсініктемелер мен түсіндірмелерді толық көлемде ұсыну;

4 4) жүргізілген сапаға сыртқы бақылау нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым «4» бағасынан төмен баға алған жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымға кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ оны орындау бойынша есептерді екі ай ішінде ұсыну.

11 11. Жүргізілген сапаға сыртқы бақылау нәтижелері бойынша сапаға сыртқы бақылауды жүргізу тәртібінде Қағидалар қосымшасына сәйкес аудиторлық ұйымның аудит бойынша қызметін бағалау өлшемі және бағаның анықталатын цифрлық баламасы көзделген.

12 12. Жүргізілген сапаға сыртқы бақылау нәтижесінде айқындалған аудиторлық ұйымның бағасы кәсіби аудиторлық ұйымның сайтында жарияланады.

13 13. Аудит бойынша қызметтердің сапасын арттыру мақсатында бірнеше рет (екі рет) «2» бағасының болуы аудиторлық ұйымды кәсіби аудиторлық ұйымнан шығару үшін жеткілікті негіз болып табылады.

14 14. Жүргізілген сапаға сыртқы бақылаудың нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымдар «3» және (немесе) «2» бағаларын бірнеше рет (екі рет) алған жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымның уәкілетті мемлекеттік органға аудиторлық ұйымды жауапқа тарту туралы жазбаша өтінішпен жүгінуіне негіз болып табылады.

15

15. Сапаға сыртқы бақылауды жүргізу тәртібінде, кәсіби ұйымға кіру туралы өтініш берген аудиторлық ұйым бұдан бұрын сапаға сыртқы бақылаудың нәтижелері бойынша аудиттің Халықаралық стандарттарын бұзуға жол бергені үшін осы немесе басқа кәсіби ұйымнан шығарылған болса, онда оның құжаттарын алдын ала тексеріс жүргізу мәселелері көзделген.

46 Сапаға сыртқы бақылауды

жүргiзу тәртiбін әзiрлеу қағидаларына
қосымша
р/р
Ба­ға­ла­уды тұ­жы­рым­дау
Ба­ға
1.
Ауди­тор­лық ұй­ым­ның қыз­ме­ті аудит­тің са­па­сын қа­жет­ті дең­гей­де қам­та­ма­сыз ету үшін жет­кі­лік­ті және Ха­лы­қа­ра­лық аудит стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­рын сақ­та­луы­на ба­ғыт­тал­ған
5
2.
Ауди­тор­лық ұй­ым же­ке­ле­ген кем­ші­лік­тер­ді қо­с­па­ған­да Ха­лы­қа­ра­лық аудит стан­дарт­та­ры­ның та­лап­та­рын қол­да­на­ды
4
3.
Ауди­тор­лық ұй­ым­ға ауди­тор­лық қыз­мет­тер­ді са­па­лы қам­та­ма­сыз ету үшін, анық­тал­ған кем­ші­лік­тер­ге бай­ла­ны­сты, па­ра­сат­ты ұй­ым­дық ре­фор­ма­лар өт­кі­зу қа­жет. Анық­тал­ған кем­ші­лік­тер Ха­лы­қа­ра­лық аудит стан­дарт­та­ры та­лап­та­ры­ның то­лық сақ­тал­мауы ту­ра­лы ай­ту­ға мүм­кін­дік бе­ре­ді
3
4.
Ауди­тор­лық ұй­ым­ның қыз­ме­ті Ха­лы­қа­ра­лық аудит стан­дарт­та­ры­на сәй­кес кел­мей­ді
2

Қолданыстағы