Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламента оказания государственной услуги "Выдача дубликатов документов об образовании"

Бұйрық · № 445 · қабылданған 28.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68346/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Регламента оказания государственной услуги "Выдача дубликатов документов об образовании" Күшін жойған Бұйрық ·№ 445 ·28.09.2012
17.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламента оказания государственной услуги "Выдача дубликатов документов об образовании"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 445 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламента оказания государственной услуги "Выдача дубликатов документов об образовании"
Атауы (қаз.)
Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
445
Қабылданған күні
28.09.2012
Көрсетілген редакция
17.06.2014 AI68346_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008040
ЭКБ идентификаторы
68346
Редакция идентификаторы
AI68346_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:14

0 Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К. Орынхановқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 445 бұйрығымен бекітілген
«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген.

2 2. Мемлекеттік қызметті білім беру ұйымдары көрсетеді.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету түрі: автоматтандырылмаған.

4 4. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 9) тармақшасына сәйкес көрсетіледі.

5 5. Өтінім беруші – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар және Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелмейтін ұлты қазақ тұлғалар.

6 6. Құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысушы білім беру ұйымының жауапты тұлғасы (бұдан әрі - ҚФБ).

7 7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз түрінде берілген жолдамасы болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

8 8. Мемлекеттік қызмет мынадай тәртіппен көрсетіледі: демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс уақыты: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Қабылдау кезек бойынша жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу мен жедел қабылдау мәселелері қарастырылмаған.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымдарындағы интернет-ресурстарында орналастырылады.

10 10. ЖОО-да білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру төмендегілерді қамтиды:

1 1) өтінішті қарастыру құжаттарды қабылдау;

2 2) білім беру ұйымдарының басшылығымен ұсынылған материалдарды тексеруді жүзеге асыру және білім беру саласындағы уәкілетті органға материалдарды жіберу немесе бас тарту себептері туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауапты дайындау.

11 11. Қарастыруға келіп түсетін құжаттарды қабылдамауға жол берілмейді.

12 12. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 20 минуттан аспайды;

2 2) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде.

13 13. Аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту Стандарттың 11-тармағында қарастырылған құжаттардың толық тізбесін ұсынбау.

Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру бас тарту жағдайда білім беру ұйымдары өтініш берушіге себептері көрсетілген хат жібереді.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібінің (өзара іс-қимыл) сипаттамасы

14 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті білім беру ұйымдарының оқу бөліміне тапсырылады.

15 15. Оқу бөлімінің маманы:

1 1) құжаттарды қабылдайды;

2 2) өтініш берушіге Стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды алғаны туралы өтінішті қабылдау нөмірі, күні және уақыты, құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдап алған оқу бөлімі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген қолхат болып табылатын өтініштің көшірмесін береді;

3 3) білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру үшін қабылданған құжаттарды білім беру ұйымдарының басшылығына тапсырады немесе бас тарту жөніндегі дәлелді хатты өтініш берушіге қолма-қол тапсыруды жүзеге асырады.

16 16. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысты ҚФБ:

1 1) оқу бөлімінің маманы - құжаттарды қабылдау және беру;

2 2) білім беру ұйымдарының басшылары - өтініштерді қарастыру және орындау.

18 18. Әрбір ҚФБ-ның жүйелілік қарапайым іс-қимылының (рәсімдер, функциялар, операциялар) әрбір іс-қимылды орындау мерзімі көрсетілген мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1, 2-қосымшаларға келтірілген.

38 Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің атауы)

«Білім туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
регламентіне
1-қосымша
Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің атауы)
Кесте. ЖОО-да айналымға түсу кезінде құрылымдық-функционалдық бірлігі (ҚФБ) әрекетінің сипаттамасы
Негіз­гі про­цесс әре­ке­ті (жұ­мыстың ба­ры­сы, ле­гі)
1
Әре­кет № (жұ­мыстың ба­ры­сы, ле­гі)
1
2
2
ҚФБ ата­уы
Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның оқу бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның оқу бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
3
Әре­кет­тің ата­уы (про­це­стің опе­ра­ция рә­сім­де­рі­нің) және олар­дың си­патта­ма­сы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту стан­дар­ты­ның 11-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ден қа­был­дап алу және тек­се­ру. Құ­жат­тар­ды қа­был­дап алу ту­ра­лы қол­хат.
Ке­ліп түс­кен құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ру, де­ректер­ді зер­де­леу.
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық ше­шім­дер)
Де­ректер
Бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­дың тел­нұс­қа­ла­ры
5
Орын­дау мер­зі­мі
Ке­мін­де 2 күн­тіз­бе­лік күн
Ке­мін­де 2 күн­тіз­бе­лік күн
6
Ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
2 ба­ға­на
Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның бас­шы­лы­ғы­на құ­жат­тар­ды тап­сы­ру
7
Әре­кет­тің ата­уы (про­це­стің опе­ра­ция рә­сім­де­рі­нің) және рұқ­сат бе­ре­тін ор­ган­дар­да ай­на­лым­ға тү­су ке­зін­де­гі олар­дың си­патта­ма­сы
Бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­дың тел­нұс­қа­лар бе­ру бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
Бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­дың тел­нұс­қа­лар бе­ру бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
8
Әре­кет­тің ата­уы (про­це­стің, опе­ра­ция рә­сім­де­рі­нің) және олар­дың си­патта­ма­сы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту стан­дар­ты­ның 11-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ден қа­был­дап алу және тек­се­ру.
Ке­ліп түс­кен құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ру, де­ректер­ді зер­де­леу.
9
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық ше­шім­дер)
Бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­дың тел­нұс­қа­ла­ры
Бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­дың тел­нұс­қа­ла­ры
10
Орын­дау мер­зі­мі
Ке­мін­де 3 күн­тіз­бе­лік күн
Ке­мін­де 3 күн­тіз­бе­лік күн

39 ЖОО-да айналымға түсу кезінде функционалдық өзара іс-әрекет диаграммасы

«Білім туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
регламентіне
2-қосымша
ЖОО-да айналымға түсу кезінде функционалдық өзара іс-әрекет диаграммасы

Қолданыстағы