Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые постановления Сырдарьинского районного акимата

Қаулы · № 436 · қабылданған 29.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68352/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые постановления Сырдарьинского районного акимата Күшін жойған Қаулы ·№ 436 ·29.10.2012
03.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые постановления Сырдарьинского районного акимата

Күшін жойған Қаулы ·№ 436 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые постановления Сырдарьинского районного акимата
Атауы (қаз.)
Сырдария ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
436
Қабылданған күні
29.10.2012
Көрсетілген редакция
03.01.2013 AI68352_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12LH004332
ЭКБ идентификаторы
68352
Редакция идентификаторы
AI68352_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:03

0 Сырдария ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы" және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "2012 жылдың сәуір – маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 120 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-8-172 санымен тіркелген, 11.04.2012 жылы "Тіршілік тынысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрылсын.";
Қаулының 1-қосымшасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы".

2

2. "2012 жылдың сәуір–маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 мамырдағы N 189 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-8-177 санымен тіркелген, 16.05.2012 жылы "Тіршілік тынысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер:
Қаулының 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 120 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-8-172 санымен тіркелген, 11.04.2012 жылы "Тіршілік тынысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:".

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысы
Ішкі істер департаментінің Сырдария аудандық
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы Бурханов Талгат Темирович
_______________________________
"29" қазан 2012 ж
"Келісілді"
Қызылорда облысының денсаулық сақтау
басқармасының "Сырдария аудандық
емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының
бас дәрігері Ерімбет Сексенбай Бұқарбайұлы
___________________________________
"29" қазан 2012 ж
"Келісілді"
"Қызылорда облысы Сырдария
ауданының Қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
Утжанов Чингис Кубеевич
______________________________
"29" қазан 2012 ж

Қолданыстағы