Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Каратобинском районе

Ереже · № 5-4 · қабылданған 28.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68357/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Каратобинском районе Күшін жойған Ереже ·№ 5-4 ·28.09.2012
21.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Каратобинском районе

Күшін жойған Ереже ·№ 5-4 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Каратобинском районе
Атауы (қаз.)
Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5-4
Қабылданған күні
28.09.2012
Көрсетілген редакция
21.12.2012 68357_191836.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12ZI003103
ЭКБ идентификаторы
68357
Редакция идентификаторы
68357_191836
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:14

0 Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес және Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 4-1386 ұсынысы негізінде, Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Қаратөбе аудандық мәслихаттың

2012 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 5-4 шешімімен
бекітілген
Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін
және тәртібін айқындау туралы
Қағидасы
"Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы" (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16 сәуіріндегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылдың 30 желтоқсанындағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Қағида мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекомуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
отбасының (азаматының) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме "Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (бұдан әрі - уәкілетті орган);
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп–ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп–ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы,сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй қөмегін алуға құқығы бар адамдар.

2 2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қаратөбе ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):

жекешелендірілген тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған шығыстарға;
тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

3

3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысынан он пайыз көлемінде, тұрғын үйдi күтiп ұстау, коммуналдық қызметтi пайдалану және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметі үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысынан бес пайыз көлемінде белгіленеді.

4 4. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.

2 2. Тұрғын үй көмегін отбасыларға (азаматтарға) тағайындау тәртібі

5 5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
отбасының табысын растайтын құжаттар;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

6 6. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап көмек алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Өтініш берген ай болып өтінішпен жалғанған құжаттарды ұсынғаннан бастап есептеледі.

7

7. Отбасының (азаматтың) тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтердi төлеуге арналған шекті жол берілетін шығыстар үлесі, отбасының табысы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызметтің тарифтерi мен ставкалары өзгерген жағдайда алдыңғы тағайындауда уақытылы ескерілмеген табыстарды уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейдi.

8

8. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегiн тағайындауға қатысы бар қандай да болмасын өзгерiстер жөнiнде он күн мерзiм ішінде (отбасы құрамы, бюджетi, жылжымайтын мүлiк алуы және тағы басқа), сондай-ақ көмекті қате есептеу жайттары жөнiнде уәкілетті органға хабарлауға мiндеттi. Өтініш берушінің толық емес немесе қасақана қате мәлiметтер ұсынып заңсыз түрде алынған тұрғын көмегі өтiніш берушіге және отбасына тұрғын үй көмегінің төлемі тоқтатылады.
Артық төленген соммалар өз еркімен қайтарылуына жатады, келіспеген жағдайда сот арқылы қайтарылады.

9

9. Жеке меншiгiнде бiр тұрғын жай бiрлiгiнен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. 3 жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, сонымен қатар емдеу мекемелерінде есепте тұрған психикалық аурулармен ауыратындар және уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы барларды қоспағанда, еңбекке жарамды, өзін-өзі жұмыспен аз қамтылған тұлғаларды, зейнеткерлерде, бiрақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген отбасы мүшелері бар отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі берілмейді.

3 3. Тұрғын үй көмегін төлеу

10 10. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

Қолданыстағы