Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима на пастбище Копа Кзылкульского сельского округа Чингирлауского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима на пастбище Копа Кзылкульского сельского округа Чингирлауского района
- Атауы (қаз.)
- Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округінің Қопа жайлауына карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11
- Қабылданған күні
- 18.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 19.11.2012 68358_194121.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.11.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12ZMB03104
- ЭКБ идентификаторы
- 68358
- Редакция идентификаторы
- 68358_194121
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:08
0 Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округінің Қопа жайлауына карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 141 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1 1. Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округінің Қопа жайлауында ірі қара малының арасында қарасан ауруының шығуына байланысты карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2 2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылкөл селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, малдәрігері Н. Таужановқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің
Шыңғырлау аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________С. Досказиев
18.10.2012 ж.