Құжат мәтініне өту

Об изменении границ населенных пунктов Ордабасинского района

Қаулы · № 8/3 · қабылданған 10.10.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68398/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об изменении границ населенных пунктов Ордабасинского района Қолданыста Қаулы ·№ 8/3 ·10.10.2012
10.10.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменении границ населенных пунктов Ордабасинского района

Қолданыста Қаулы ·№ 8/3 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении границ населенных пунктов Ордабасинского района
Атауы (қаз.)
Ордабасы ауданының елді мекендерінің шегін өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8/3
Қабылданған күні
10.10.2012
Көрсетілген редакция
10.10.2012 AI68398_0.kaz
Соңғы өзгеріс
10.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12UH002125
ЭКБ идентификаторы
68398
Редакция идентификаторы
AI68398_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:10

0 Ордабасы ауданының елді мекендерінің шегін өзгерту туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Заңының 12-бабының 3-тармақшасына сәйкес Ордабасы аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Аудандық жер қатынастары мен сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес:

1 1) 46,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төрткөл ауыл округі Арыстанды ауылының жалпы ауданы 273,76 гектар болып;

2 2) 202,1 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төрткөл ауыл округі Көкарал ауылының жалпы ауданы 382,01 гектар;

3 3) 19,3 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төрткөл ауыл округі Елшібек Батыр ауылының жалпы ауданы 84,2 гектар;

4 4) 53,4 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Жамбыл ауылының жалпы ауданы 161,7 гектар;

5 5) 100,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөген ауыл округі Бөген ауылының жалпы ауданы 1023,9 гектар;

6 6) 151,1 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шұбар ауыл округі Сарытоғай ауылының жалпы ауданы 176,1 гектар;

7 7) 20,06 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Батыр-ата ауылының жалпы ауданы 151,06 гектар;

8 8) 10,5 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Қызыл Сеңгір ауылының жалпы ауданы 309,48 гектар;

9 9) 24,6 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Боралдай ауылының жалпы ауданы 373,13 гектар;

10 10) 532,98 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Темірлан ауылының жалпы ауданы 2902,92 гектар болып өзгертілсін.

2 2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы