О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Қолданыста
Қаулы
·№ 1405
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1405
- Қабылданған күні
- 06.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 28.01.2014 AI68441_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001405
- ЭКБ идентификаторы
- 68441
- Редакция идентификаторы
- AI68441_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:58
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
14-тармақтың «ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдар мен пайдаланушылардың арасындағы туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланудың тиісті тәсілдеріне жасалған лицензиялық шарттарды тіркеу, мемлекеттік тіркеу куәліктерін беру» деген бір жүз қырық төртінші абзацы алынып тасталсын;