Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах лицензирования охранной деятельности

Қаулы · № 1421 · қабылданған 09.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68474/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О некоторых вопросах лицензирования охранной деятельности Күшін жойған Қаулы ·№ 1421 ·09.11.2012
18.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах лицензирования охранной деятельности

Күшін жойған Қаулы ·№ 1421 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах лицензирования охранной деятельности
Атауы (қаз.)
Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1421
Қабылданған күні
09.11.2012
Көрсетілген редакция
18.06.2015 AI68474_4.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001421
ЭКБ идентификаторы
68474
Редакция идентификаторы
AI68474_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:56

0 Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған күзет қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.28 № 1249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4 Күзет қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

4. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күзет қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Р/с №
Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры
Құ­жат­тар
Ес­керт­пе
1
2
3
4
1.
Же­ке кү­зет ұй­ы­мы­ның, оның ішін­де фи­ли­а­лы­ның бас­шы­сы ла­у­а­зы­мы­на:
1) жо­ғар­ғы заң­гер­лік бі­лі­мі неме­се Қа­ру­лы Кү­ш­тер­де, бас­қа әс­кер­лер мен әс­ке­ри құ­ра­лым­дар­да ко­ман­да­лық ла­у­а­зым­дар­да неме­се құқық қор­ғау және ар­на­у­лы ор­ган­дар­да бас­шы ла­у­а­зым­да­рын­да ке­мін­де үш жыл жұ­мыс өті­лі бар;
2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті бе­кі­те­тін ар­найы бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша да­яр­лық­тан өт­кен;
3) ден­са­улық сақ­тау ор­ган­да­рын­да пси­хи­ка­лық ау­ру, ал­ко­го­лизм неме­се на­ша­қор­лық бой­ын­ша есеп­те жоқ;
4) қыл­мыс жа­са­ға­ны үшін сот­ты­лы­ғы жоқ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры та­ғай­ын­да­ла­ды.
Ди­плом­ның кө­шір­ме­сі
Ди­плом­ның бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны
Жұ­мысқа қа­был­дау және жұ­мыстан боса­ту ту­ра­лы бұй­рық және/неме­се бас­шы­ның қо­лы мен мөр қой­ы­л­ған қыз­мет­тік ті­зім
Жұ­мысқа қа­был­дау және жұ­мыстан боса­ту ту­ра­лы және/неме­се қыз­мет­тік ті­зім ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны
Ең­бек кі­тап­ша­сы­ның кө­шір­ме­сі
Құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі
Же­ке кү­зет ұй­ы­мын­да кү­зет­ші және бас­шы ла­у­а­зы­мын ат­қа­ра­тын жұ­мыс­кер­лер­ді да­яр­лау және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру жө­нін­де­гі ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғы­ның ар­найы бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша кур­стар­дан өт­ке­ні ту­ра­лы ку­ә­лік
Же­ке кү­зет ұй­ы­мын­да кү­зет­ші және бас­шы ла­у­а­зы­мын ат­қа­ра­тын жұ­мыс­кер­лер­ді да­яр­лау және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру жө­нін­де­гі ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғы­ның ар­найы бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша кур­стар­дан өт­кен­ді­гі ту­ра­лы ку­ә­лік­тің бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны
Пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық және нар­ко­ло­ги­я­лық дис­пан­сер­лер­ден ме­ди­ци­на­лық анық­та­ма­лар
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ДСМ АЖ алу
Сот­ты­лы­ғы жоқ еке­ні ту­ра­лы анық­та­ма
ҚР БП ҚСжА­ЕК ААЖ алу
2.
Кү­зет­ші ла­у­а­зы­мы­на:
1) жа­сы 19-дан тө­мен емес;
2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті бе­кі­те­тін ар­найы бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша да­яр­лық­тан өт­кен;
3) қыл­мыс жа­са­ға­ны үшін сот­ты­лы­ғы жоқ, ден­са­улық жағ­дайы бой­ын­ша кү­зет қыз­ме­ті­мен ай­на­лы­су­ға жа­рам­ды (көз­дің на­шар кө­ру­іне, пси­хи­ка­лық ау­руы­на, ал­ко­го­лизм­ге неме­се на­ша­қор­лық­қа бай­ла­ны­сты қа­ру қол­да­ну­ға қар­сы ай­ғақ­та­ры жоқ) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры қа­был­да­на­ды.
Же­ке ку­ә­лік
ЖТ МДҚ-дан алу
Же­ке кү­зет ұй­ы­мын­да кү­зет­ші және бас­шы ла­у­а­зы­мын ат­қа­ра­тын қыз­мет­кер­лер­ді да­яр­лау және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру жө­нін­де­гі ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғы­ның ар­найы бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша кур­стар­дан өт­кен­ді­гі ту­ра­лы ку­ә­лік
Же­ке кү­зет ұй­ы­мын­да кү­зет­ші және бас­шы ла­у­а­зы­мын ат­қа­ра­тын қыз­мет­кер­лер­ді да­яр­лау және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру жө­нін­де­гі ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғы­ның ар­найы бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша кур­стар­дан өт­кен­ді­гі ту­ра­лы ку­ә­лік­тің бар бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны
Сот­ты­лы­ғы жоқ еке­ні ту­ра­лы анық­та­ма
ҚР БП ҚСжА­ЕК ААЖ алу
Ме­ди­ци­на­лық анық­та­ма­лар
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ДСМ АЖ алу
3.
Же­ке кү­зет ұй­ы­мы­ның бас­шы­сы және кү­зет­ші­сі ла­у­а­зы­мы­на:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қыл­мыстық ко­дек­сі­нің ерекше бө­лі­гі ба­бы­ның ти­іс­ті бө­лі­гін­де көз­дел­ген бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру тү­рін­де­гі жа­за­ның тө­мен­гі ше­гін­де­гі мер­зім өт­кен­ге дей­ін ақ­тал­май­тын негіз­дер бой­ын­ша қыл­мыстық жа­у­ап­кер­ші­лік­тен боса­ты­л­ған;
2) же­ке мен­шік­ке, мем­ле­кет­тік би­лік ин­сти­тут­та­ры­на, бел­гі­лен­ген бас­қа­ру тәр­ті­біне, қо­ғам­дық тәр­тіп пен адам­гер­ші­лік­ке қол сұ­ға­тын қа­са­қа­на әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­ға­ны үшін бұ­рын кү­зет ұй­ы­мы­ның бас­шы­сы неме­се кү­зет­ші­сі бо­лып жұ­мысқа қа­был­дан­ған­ға дей­ін бір жыл ішін­де әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ты­л­ған;
3) ке­мін­де үш жыл бұ­рын те­ріс се­беп­тер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік, әс­ке­ри қыз­мет­тен, құқық қор­ғау, сот және әді­лет ор­ган­да­ры­нан боса­ты­л­ған;
Қыл­мыстық және әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­тыл­ма­ғанды­ғы ту­ра­лы анық­та­ма­лар
ҚР БП ҚСжА­ЕК ААЖ алу
Жұ­мысқа қа­был­дау және жұ­мыстан боса­ту ту­ра­лы бұй­рық және/неме­се бас­шы­ның қо­лы мен мөр қой­ы­л­ған қыз­мет­тік ті­зім
Жұ­мысқа қа­был­дау және жұ­мыстан боса­ту ту­ра­лы және/неме­се қыз­мет­тік ті­зім ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны
Ең­бек кі­тап­ша­сы­ның кө­шір­ме­сі
Құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі
4) ке­мін­де үш жыл бұ­рын те­ріс се­беп­тер бой­ын­ша же­ке кү­зет ұй­ы­мы­ның кү­зет­ші­сі қыз­ме­ті­нен боса­ты­л­ған адам­дар қа­был­дан­бай­ды.
4.
Өзде­рі­нің қыз­ме­т­ін­де қа­ру мен оқ-дә­рі­лер­ді қол­да­на­тын же­ке кү­зет ұй­ым­да­рын­да қа­ру мен оқ-дә­рі­лер­ді сақ­та­у­ға ар­нал­ған үй-жай­лар­дың (не бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға жа­у­ап бе­ре­тін үй-жай­лар­да олар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған ке­лі­сім­шар­ттың) бо­луы.
Сақ­тау және/неме­се жал­ға алу шар­ты­ның кө­шір­ме­сі
Құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі
Қа­ру мен оқ-дә­рі­лер­ді сақ­та­у­ға ар­нал­ған үй-жай­ды тек­се­ру ак­ті­сі
Та­лап­қа сәй­кест­ікті ли­цен­зи­ар заң­ды тұл­ға­ның қыз­ме­ті жү­зе­ге асы­ры­ла­тын жер­де тек­се­ру ар­қы­лы рас­тай­ды
Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары
1.
Кү­зет қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­ның 1, 2, 3, 4-тар­мақ­та­рын­да көз­дел­ген та­лап­тар
2.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да кү­зет қыз­ме­тін ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың кү­зет ұй­ым­да­рын құ­ру құқы­ғын ке­лі­суі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің ке­лі­сім-ха­ты
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің ке­лі­сім-ха­ты­ның бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖТ МДҚ - «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры
ААЖ – автоматтандырылған ақпараттық жүйе
ҚР БП ҚСжАЕК – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті
ҚР ДСМ АЖ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесі

5 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 9 қарашадағы
№ 1421 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1 1. «Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 320-құжат).

2 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 461 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 156-құжат).

3 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 1334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 55-құжат).

4

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 751 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 599-құжат).

5

5. «Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасын бекіту туралы және «Күзет қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оларды жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 909 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 699-құжат).

6

6. «Күзет қызметін жүзеге асыруға, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оларды жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1451 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 108-құжат).

Қолданыстағы