О некоторых вопросах акционерного общества "Казконтент"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах акционерного общества "Казконтент"
- Атауы (қаз.)
- "Қазконтент" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1425
- Қабылданған күні
- 09.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI68478_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001425
- ЭКБ идентификаторы
- 68478
- Редакция идентификаторы
- AI68478_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:55
0 "Қазконтент" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
1 1) "Қазконтент" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне берсін;
2 2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 9 қарашадағы
№ 1425 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі" деген бөлімде реттік нөмірі 304-2-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 278-16-жолмен толықтырылсын:
"278-16. "Қазконтент" АҚ".
2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
3 3. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 485-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер)" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-1-жолмен толықтырылсын:
"15-1. "Қазконтент" акционерлік қоғамы".