О социальной помощи по приобретению топлива
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О социальной помощи по приобретению топлива
- Атауы (қаз.)
- Отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5/8
- Қабылданған күні
- 24.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 21.01.2014 68508_189854.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12PJ003252
- ЭКБ идентификаторы
- 68508
- Редакция идентификаторы
- 68508_189854
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:06
0 Отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1
1. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн жергілікті бюджет қаражаты есебінен, бiр жолғы әлеуметтiк көмек 5 (бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде берiлсiн.
2
2. Май аудандық мәслихатының (ІV шақырылған ХХХХІІІ сессиясы) 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 3/43 "Отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 26 желтоқсанда № 12-10-115 тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 53 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.