Құжат мәтініне өту

О государственных памятниках природы местного значения

Қаулы · № 51/02 · қабылданған 04.10.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68526/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О государственных памятниках природы местного значения Қолданыста Қаулы ·№ 51/02 ·04.10.2012
04.10.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О государственных памятниках природы местного значения

Қолданыста Қаулы ·№ 51/02 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О государственных памятниках природы местного значения
Атауы (қаз.)
Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
51/02
Қабылданған күні
04.10.2012
Көрсетілген редакция
04.10.2012 68526_138709.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12K0001973
ЭКБ идентификаторы
68526
Редакция идентификаторы
68526_138709
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:12

0 Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2012 жылдың 2 тамыздағы № 02-02-01-24/250-ОАШК ұсынысының негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумағының шекарасын және қорғау режимінің түрлерін бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтуғановқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қарағанды облысы әкімдігінің

2012 жылғы 04 қазандағы
№ 51/02 қаулысына
қосымша
Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері
N п/п
Атауы
Шекаралары
Қорғау режимінің түрі
1
"Тихонов қайыңды тоғайы"
Қарағанды облысы, "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қарағанды орманшылығы, Қарағанды-Теміртау трассасы бойынша Қарағанды қаласының шекарасынан 1 километр солтүстік-шығысқа қарай, Бұқар жырау ауданының жерлерінде; 10 гектар
Қорықтық
2
"Кәдімгі қарағайдың екпесі"
Қарағанды облысы, "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қарағанды орманшылығы, 31 квартал, 14, 15 телім; 5,7 гектар
Қорықтық
3
"Биші қайыңдар тоғайы"
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті; 2 гектар
Қорықтық
4
"Шаған жапырақты үйеңкі" екпесі
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Ермеков көшесі, 13 үй; бір ағаш
Қорықтық

Қолданыстағы